Өрт — тілсіз жау
Сая Мерейхан
Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, сонымен қатар оның тілсіз жау екендігін түсіндіру.Балаларға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттық т.б қатерлі заттардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, видеоролик , шелек, көлік, өрт сөндіретін көлік, аңдар.
Шаттық шеңбері:
Видеоролик көрсету.
Тәрбиеші: — Балалар бүгінгі біздің оқу қызметіміз «Өрт — тілсіз жау» деп аталады. Отсыз тіршілік жоқ. От жағылмаса, тамақ піспейді , үй жылымайды. Жылу болмаса, біз жылынбаймыз. Оттың пайдасымен қатар зиянды жағыда бар. Күнделікті тұрмыста отты жауапгершілікпен , ережелерді сақтай отырып пайдалану керек. Балалардың отпен ойнауы — өрттің болуына себеп болуы мүмкін. Үйде жалғыз қалғанда сіріңкені ,балон газды , электр тоғын ,тоқ көздерін ұстауға болмайды. Өрт болған жағдайда 101 номіріне қоңырау шалып, өрт сөндірушілерді көмекке шақыру керек.
Сұрақ-жауап:
— Төтенше жағдайлар дегеніміз не?
— Өрттің шығу себептері қандай?
— Өрт шыққан жағдайда кімдерге қоңыру шалу керек?
— Өрт болған жағдайда қалай әрекет ету керек? не істейміз?
Балалар сендер от туралы мақал -мәтел білесіңдерме?
- Отпен ойнама, күйерсің.
- Ойын түбі — от.
- От жақпа — пісерсің,
ор қазба — түсерсің.
4.Сумен ойнама, батарсың,
отпен ойнама, күйерсің.
5.От пен су тілсіз — жау.
7.Өзі саққа -құдай жақ.
8 Сақ жүсең , сау жүрересің.
- Жау жоқ деме — жар астында.
Бөрі жоқ деме -бөрік астында.
Жұмбақ шешу:
- Жаурағанды жылытар,
Өз еркіне жіберсең,
дүниені бүлдірер. (От)
- Түймесін бассаң,
сәулесін шашқан. ( Электр шамы)
- Желден желігеді,
Судан шегінеді. (От)
Балалар екі топқа «алау»,»жалын» командалары болып бөлініп, өз ұрандарын айтады.
Ойын: «Орманды өрттен құтқару»
Балалар екі топқа бөлінеді.
«Алау» тобы және «Жалын» тобы
1 Ормандағы аңдарды өрттен құтқару үшін , көлікпен аңдарды орманнан тасиды.
- «Алау» тобы шелектен құм тасиды, «Жалын» тобы шелекпен су тасиды.
- Өрт сонбеген соң, өрт сөндіретін көлікпен су шашып , өртті сөндіреді.
Өрт сөндіргіш қызметкерімен таныстыру.
Тәрбиеші: Балалар естеріңде болсын, өрт кездейсоқ шықпайды, ол қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаған кезде болады. Өрт тілсіз жау екенін есімізде сақтайық.