Дәрумендер — денсаулық кепілі

Таженова Шынар

Мақсаты:  Балаларға дәрумендер туралы алғашқы түсінік беру,  өз денсаулықтарына күтіммен қарау сезімін ояту, балаларға дәруменге бай тағамдарды жеу қажеттігін түсіндіру, олардың адам ағзасына әсері туралы түсінік беру, балаларға денсаулықтың дұрыс тамақтануға байланысты екендігін, тамақтың тек дәмді ғана емес, пайдалы да болу қажеттігін түсіндіру, белсенді сөздік қорын, ойлауын, зейінін дамыту.

Шаттық шеңбері

Сұрақ-жауап: Балалар^ қазір жылдың қай мезгілі? ( балалар жауабы) Дұрыс!  Бүгін біз дәрумендер туралы білетін боламыз.Дәрумен дегеніміз- витамин. Қане, қайталаңдаршы .

Осы кезде Дімбілмес пайда болады. Өзі өте көңілсіз екен.

-Дымбілмес,саған не болды?

-Мен қатты ауырып тұрмын Таңертеңнен бері көңіл- күйім жоқ.

-Ал сен жақсылап тамақтандың ба?

-Әрине!.

-Қ,ане, сен кешкі асқа және таңғы асқа не жедің, соны айтшы?

-Мен кешкі асқа чипсы  жедім, кока- кола іштім, ал таңғы асқа болса, шоколад жедім.

-Ай- ай- ай, Дімбілмес, оның жарамаған екен. Балалар, Дімбілмес дұрыс істеді ме? Солай тамақтануға бола ма екен? Тамақ тек қана тәтті емес, пайдалы да болу керек қой. Мысалы, көкөністер, міне ,мынау не? /балалар жауабы/

-Дұрыс, сәбізді жеу денсаулыққа пайдалы. Оны жеген адамның көзі өте жақсы көреді. Ал мынау ше? /балалар жауабы/

-Иә апельсинді жегенде біз тұмаумен ауырмаймыз. Жуа мен сарымсақты жеу де салқын тиюден аман сақтайды. Балалар мына қораптағы не деп ойлайсыңдар? /балалар жауабы/

-Дұрыс сүтті үнемі қолданған адамның сүйектері мықты болады. Тістері ауырмайды. Енді дәрумендердің пайдасы туралы тақпақ тыңдап көрейікші.

Ешқашанда мұңаймаймын,

Күлімсіреп жүремін.

Өйткені мен дәруменді,

Өте жақсы көремін!

Дидактикалық ойын “Пайдалы зиянды”

Дәрумендер туралы тақпақтар:

Сәбізді көп жесеңдер,

Сәбіз шырынын ішсеңдер,

Көзің жақсы көреді,

Мұны бәрі біледі.

Балық майы дәмсіз ғой,

Сонда да ішу қажет- ақ,

Дәруменге толы май,

Денсаулық үшін маңызды- ақ

Сергіту сәті.

 Дидактикалық ойын “Дәмінен таны”

  —Балалар, Дімбілмес көп затты түсінген сияқты. Біз оны әрдайым пайдалы тағамдарды жеп жүрсін деп, олардың, яғни көкөністердің суретін салып берейік.

Сурет салу “ Қызанақ пен алма”

-Балалар, мына қызыққа қараңдаршы, мыналар не? /балалар жауабы/

-Қазір біз бұл жемістерден өте дәмді шырын дайындаймыз. Қараңдар.

Шырын дайындау

Балалар, сендерге көп рахмет. Бүгін біз кімді көрдік? Дімбілмеске қалай көмектестік? Сендер енді пайдалы тағамдарды жейсіңдер ме?  Көкөністерді жейсіңдер ме?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *