«Жақсылық пен Жамандық»
Уразгалиева Нұрсұлу
Мақсаты: Балаларға жақсылық жасаудың адами қарым-қатынас мәнділігін түсіндіру. «Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Жақсылық пен жамандықты ажыратуға білуге, жамандықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер:
«Өзіңді тану»
Жақсы болу өзіңнен
«Мен қандаймын?»- деп ойла,
Жаман болу өзіңнен
«Мен қандаймын?»- деп ойла,
Өзіңсің ақыл айнасы
Өзіңнен үйрен өзіңнен.
Жақсылық істесең біреуге,
Пайдасы тиер өзіңе!
-Өлең туралы қандай пікір айта аласыңдар? (пікір алысу).
-Біз бүгін жақсылық және жамандық жайлы әңгімелесеміз.
Слайд және видео ролик көрсету:
Адам баласынан жақсылық күткен жандардың, табиғаттың, қоғамнын суреттері.
-Тағы нелерге жақсылық істеу керек деп ойлайсыңдар?
Тақпақтар: «Жақсылық пен жамандық» жайында.
Көрініс сахналау: «Жақсылық пен Жамандық»
Көріністі талдау.
Сұрақ-жауап
-Көріністе жақсылық жеңді ме, немесе жамандық жеңді ме? Неліктен адам жақсылық жолын таңдады?
Күтпеген сәт: Күн балаларға ақ және қара қорапшалар сыйлай отырып ішіндегі тапсырмаларды орындауды ұсынады..
1-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Адам бойындағы жақсы қасиеттер» ;
2-тапсырма: : Дидактикалық ойын: «Жақсы мен жаман»
Тыныштық сәт: (музыка ойналады) «Жақсылық еліне саяхат»
Слайд шоу: (жүрекшелер сыйлау арқылы, күн балаларға өзінің ризашылығын білдірді).
«Балабақшаға тілектер» (балалар тілектер білдірді).
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сұрақ-жауап арқылы қорытындыланады.