«Дені саудың – жаны сау»

Көплепесова Ұлболсын Шахановна

Сабақтың мақсаты :  Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулып тәрбиелеу.Ойын арқылы салт-дәстүрді түсініп қастерлеуге ұлттық құндылықтарды білуге үйрету. Денсаулықтарын нығайту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әдістәсілдер:Амандасу,шаттық шеңбер,көрсету,әңгімелеу,ойын,мадақтау

Шаттық шеңбері: үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Барша жұртты құрметтеп,

Бас иеміз біз,

Тәрбиеші:- Балалар,бізге бүгін көптеген апайлар келіп отыр.Бүгінгі ойын оқу қызметіміз ерекше болмақ.себебі,біз бүгін ұлттық ойындар туралы білетін боламыз.Ұлттық ойындар-ата бабамыздан бізге жеткен асыл қазынамыз. Бұл ойындарды ежелде ата-ьбабаларымыз

тойларда,жиындарда, үлкен мерекелерде  ойнаған.Ұлттық ойындаросылайша атадан балаға,үлкеннен кішіге  мұра болып жалғасып отырған.

Қазақстан ұлттық ойындары ерлікті,батылдықты,шапшаңдықты,ептілікті ерекшеліктерімен бірге,күш-қуат молдығын,білек күшін,дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Суретпен жұмыс: Балалар суретпен әңгімелейді.(ұлттық ойындардың суреттері қойылады)

 Палуандар таласып кіреді:

1-палуан- Мен ойнатам балаларды

2-палуан-мен ойнатам балаларды

Тәрбиеші: —Сәлеметсіздерме палуандар,біздің қадірлі қонағымыз болып келіпсіздер,таласпаңдар. –Қане біз сіздердің   күштеріңді сынап көрейік, кімнің күші көп екенін, кім жеңсе сол балаларды ойнатады.

Жеңген палуан:-Айттым гой ,менің күшім көп деп,енді балаларды мен ойнатам

Ойын: «Күш сынаспақ»

Балалардың тақпақтары:

1.

2.

3.

Алдар көсе кіреді:- Алдар көсе балаларды алаңға  шақырып,онда жігіттер жарысын өткізіп,ойындар ойнауға шақырады.

  1. «Арқан тарту» ойыны( балалар қызыға ойнайды)
  2. «Бәйге» (ат жарысы) балалар жұппен сөре сызығына тұрады. Бірінші атқа қолдарын артқа-төмен созады да екіншісі-салт атшы оны қолынан ұстайды,осы қалыпта екеуі тірек тағанға дейін жүгіреді, оны айналып,кейін қайтады.Кім бірінші келсе,сол жеңімпаз аталады.

Тәрбиеші:- Қане балалар, балалар дем алайық.

Қазақ халқының ойындары әр жерге танылды,қазақ халқының ойындарын басқа ұлттар  қызыға ойнай береді.Балалар палуан ағаларымызбен  қоштасайық (палуандар шығыпкетеді)

Алдар көсе: -Балалар тақиям тозып  қалып еді,сендер өте шапшаң,білімді балалар екенсіңдер, маған тақия жасап бересіңдер ме?

Тәрбиеші:- Балалар Алдар ағамызға тақия жасап берейік

Жапсыру: «Тақия» (қағаздан жасау)

Тәрбиеші:-«Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

Қорытынды:  -Балалар осымен бізідің  «Дені саудың жаны сау» сабағымыз өз мәресіне жетті.Балалардың алған білімдерін, сұрақ-жауап алмасу арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтау.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *