«Хайдидің достары»

Матжанова Карлыгаш Куанбаевна

Білім беру саласы:Таным.Әлеуметтік орта.Қатынас.

Ұйымдастырлған оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру .Қоршаған орта.Тіл дамыту

Тақырыбы: «Хайдидің достары»

Мақсаты:Мультфильм кейіпкері Хайдидің тапсырмасын орындату арқылы оқу қызметіне деген қызығушылығын артыра отырып, баланың тілін логикалық ойлау қабілетін дамыту,саусақтарының нәзік қимылын жетілдіру.Ұқыптылыққа тату болуға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:Воскобовичтің «Плюх-плюх» кемесі,Никитиннің төртбұрыштары, қоян және киімдері.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивациялық-қозғаушылық:

Шатық шеңбері

-Арайлап таң атты

-Алтын сауле таратты

-Жарқырайды даламыз,

-Жайнай түсті қаламыз,

-Қайырлы таң біз ақылды баламыз.

Ғажайып сәт: Топқа мультфильм кейіпкері Хайди кіріп келеді.

Хайди: Саламатсыздарма, балалар менің есімім Хайди болады. Мен сіздерден көмек сұрай келдім Беккер мырза маған көптеген тапсырмалар берді, ол тапсырманы орыдауға сендер маған көмек бересіңдерме?  Егер де мен ол тапсырмаларды орындамасам Сэсмен мырза мені үйге кіргізбейді.Балалар мен сендерден көмек сұрай келдім.

І-тапсырмасы:3-топқа балалар бөлінеді (сары жапырақ, жасыл жапырақ, қызыл жапырақ)

Жасыл жапырақ тобына: «Желкенді орналастыр»

Қызыл жапырақ тобына: «Пішіндерден төртбұрыш құрастыр»

Сары жапырақ тобына: «Сандарға сәйкес жұмыртқаны құрастыр»

Сергіту сәті:

Отырып- ақ орнымда

Айдын көлді кешемін.

Сен білмесен егерде,

Былай ескек есейін. (қимылмен көрсету)

ІІ- тапсырмасы:

Дидактикалық ойын:«Қоянды киіндір»

(балалар қоянға көйлек кигізіп, бантигін тағып сәндендіреді)

ІІІ- тапсырмасы: «Тұзды қамырдан саңырауқұлақ, алма жасау»

(балалар дайын қамырдансаңырауқұлақ  алма жасайды)

ІV-тапсырмасы:

«Өлең есептер»

1.Алма ағашта бес алма

Қандай тәтті жесе алма

Бесеуінде жеп қойсам

Қалды ағашта неше алма?

2.Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақтар тапты ол

Біреуі ағаш түбінде

Біреуі шырша түбінде?

3.Бес алманың үшеуін

Досың сұрап алады

Айтшы  сонда  нешеуы

Өз қолыңда қалады.

Тәрбиеші: Міне көрдіңдерме балалар біздер Хайдидің тапсырмаларын орындадық.

Хайди: Рахмет сендерге балалар сендер маған көп көмек бердіңдер.Беккер мырзаның берген тапсырмаларында орындадық, рахмет сендерге балалар.

Рефлексивті-түзетушілік:

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Хайди

-Біз кімге көмектестік?

-Хайдидің қандай тапсырмаларын орындадық?

Күтілетін нәтиже:

Берілген тапсырмаларды орындай алады.Ойын есептерді орындай алады. Ойыншықтарды күтіп ұстайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.