« Су, судың қасиеті»
Қолдауова А.Н.
Мақсаты: Судың табиғат пен адам өмірінде алатын орнымен танцыстыру. Табиғаттағы суды қалай қорғау керек екеніне көз жеткізе отырып ой өрісін,дүние танымын кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, қамқор болуға тәрбиелеу, ертегі сахналау арқылы дауыс ырғағын қоя білу,ертегі мазмұнын түсініп сахналау. Іс-тәжірбие жасау арқылы судың қасиетін білу. Шаттық шеңбері. Слайд арқылы суреттер көрсету: су туралы мәлімет беру, сурет бойынша сұрақтар қою, «Бір жұтым су» ертегісін оқып беру, ертегі мазмұнын сұрау,сұрақтар қою арқылы балаларға әңгімелету, балаларға ертегіні сахналату. Балалар сендер су туралы мақалдар,тақпақтар білесіндер ме? Фатима:-Су бергеннің сауабы бар, Су төккенің жауабы бар Ақсүйрік: Сумен ойнама батасың, Отпен ойнама жанасың. Саламат:Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу,
Жуынсаң сен әрдайым,
Таза бетің маңдайың.
Тазалықтың досы ,
Су дегенң осы!