«Қанатты достар»

Тақырыбы: «Қанатты достар»
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық,Қатынас, Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Жаратылыстану, Сөйлеуді дамыту,Музыка
Мақсаты:
Білімділігі:Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылығы: Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелілігі: Құстарға қамқорлық жасауға, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Атрибуттар, Құстардың суреті,үнтаспа,интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, сергіту сәті.
Билиньгвалды компонент: Құс-птицы-birds

Ұйымдастырушылық кезең:
Шаттық шеңбері:
Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды соғайық
Күлімдесін күн де
Күлімдейік бізде
Алақанды ашайық
Күннің нұрын салайық
Таза ауаны салайық
Жүрек жылуын салайық
Енді барлығын алып
Қонақтарға сыйлайық.

1-тапсырма
-Сұрақтарға жауап беру
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір жылда 4-мезгіл бар.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қазір жылдың күз мезгілі.
-Бір жылда неше ай бар?Қане кім айтып береді?
-Аптада неше күн бар?
-Аптада жеті күн бар.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,қандай ақылды балалар едіңдер!
2-тапсырма
-Құстардың атын атау
-Қарға
-Тоқылдақ
-Аққу
-Қарлығаш
-Сауысқан
-Үкі
-Бұлбұл
-Бүркіт

3-тапсырма
-Жұмбақтың жауабын табу

4-тапсырма
-Болады/Болмайды
1. Құстарды таспен атуға болады.
2. Құстарды тамақтандыруға болады .
3. Құстың ұясынан жұмыртқа алып, жаруға болады.
4. Құстардың ұясын бұзуға болады.
5. Құстарға қамқорлық жасауға болады.
6. Құстар ұшпайды
7. Құстар үй ішінде мекен етеді.

Сергіту сәті:
1. Қане қанат жазайық
Мойнымызды созайық
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
1, 2, 3,
Құс аспаннан түс.
Құстар жем жейді
Құстар су ішеді
1, 2, 3
Құс аспанға ұш
2. 2. Қанат жазам жалма жан
Талпынғандай ұшуға
Иіліп кеп қол созам
Аяғымның ұшына
Тәрбиеші:Балалар мен сендерге құстар әлемінен бір тамаша ертегі алып келдім.Қане құлақ салып тыңдаңыздар!
Ертегі: «Ерке бұлбұл»

Қорытынды:
-Қандай құстың құйрығы айыр?
-Қарлығаш
-Жыл құстары дегеніміз не?
— Күн суытқанда ұшып,көктемде келетін құстар.
-Түнде ұшатын құс?
-Үкі
-Орман дәрігері?
— Тоқылдақ
-Адамдар үй салуды қай құстан үйренген?
-Қарлығаш
-Әнші құс?
-Бұлбұл
– Жарайсыңдар балалар біз осы оқу іс-әрекетінен қандай жақсы нәрселерді үйрендік!
– Құстарға қамқор болуды, оларды күту керектігін т.б.

Тәрбиеші: Ендеше біз оқу іс-әрекетімізді:
Құстарымыз аман болсын
Бейбіт тыныш заман болсын, — деп бір тамаша «Қарлығаш» әнмен аяқтайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *