Үйшік ертегісіне саяхат

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 08.11.2017.

Білім беру саласы: Коммуникация,Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту. Аппликация.

Тақырыбы: «Үйшік ертегісіне саяхат»

Мақсаты: Балалар ертегідегі кейіпкерлерді ажырата білуге, атауға, сипаттауға, сұраққа түсініп, жауап  беруге , үйрету. Ертегі сахналау дағдыларын, ертегі тыңдауға, желімдеу техникасына қызығушылығын арттыру. Балалар сөйлеу әрекетінің әртүрлі нысандары мен түрлерінде ауызша және байланыстырып сөйлеуді, шығармашылық сөйлеу әрекетін, тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеуді; белсенді сөздікті, қажетті коммуникативтік дағдыларын дамыту. Ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа және кез-келген тапсырманы жауапкершілікпен атқаруға тәрбиелеу.

Міндеті: Ересектер даярлаған  ірі және барынша ұсақ элементтері орналастыру және желімдеу.

Алдын – ала жүргізілетін жұмыс: «үйшік» ертегісі туралы әңгімелесу, ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер және қажетті құралдар: «Үйшік» ертегісінің суреттерінен слайд, интерактивті тақта, интерактивті қалам,  электронды сазды киіз үй; әр балаға қиылған үйшіктер, қояндар, бақалар, түлкілер, тышқандар, отбасы мүшелері, желімдеуге арналған дастархандар, желім, шүберек; себет, көкөністер мен жемістер (муляж);

Сөздік жұмыс: үйшік; бақа бақылдайды; қоян – қорқақ; түлкі – қу, айлакер; тышқан – шиқылдайды.

Билингвалды компонент:үйшік- теремок, бақа – лягушка, тышқан – мышь, түлкі – лиса, қоян – заяц.

 

Оқу қызметінің кезеңдері

        Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың   іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне шақырады.


— Балалар, мен сендердің ертегілерді жақсы көретіндеріңді білемін. Айтыңдаршы, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

-Жарайды, ендеше біз бүгін жаңа ертегіге саяхат жасайық.

-Сендер пойызды жақсы көретіндеріңді білемін. Ендеше ертегілер еліне пойызбен барайық.

(слайдта пойыздың видеосы жүреді)

Шеңберге тұрып, сөздерін қимылмен қайталайды.

Балалар тыңдайды.

Балалардың жауабы тыңдалады.

 

Балалар келіседі.

Бірінің артына бірі тұрып, тіркесе жүреді.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сендердің алдарыңнан әртүрлі орман жануарлары кездесуі мүмкін. Егер орманда кенеттен дыбыс естілсе, онда тоқтай қалыңдар.

-Ой, балалар мынау не екен? Мына Үйшік қандай ертегіден?

-Балалар, үйшік бос тұр екен.

Дыбыс естіліп, тышқан келеді.

-Балалар, тышқан үйшікке кіргісі келіп тұр екен. Тышқан үйшікке кіру үшін,  сендерден көмек сұрайды. Сендердің отбасыларыңда кімдер бар екенін сұрайды.

Дидактикалық ойын: «Менің отбасым»

Шарты: Берілген отбасы мүшелерінің ішінен өз отбасын жинау.

Дыбыс естіліп, бақа келеді.

-Балалар, бақа да үйшікке кіргісі келіп тұр екен. Бақа үйшікке кіру үшін,  сендермен ойын ойнағысы келіп тұр екен.

Қимылды ойын: «Ұшты — ұшты»

Шарты: Тәрбиешінің нұсқауын күтеді. «кітап ұшты» дегенде – қолдарын төмен түсіреді,

«құстар ұшты»  дегенде – қолдарын көтереді.

Дыбыс естіліп, қоян келеді.

-Балалар, қоян да үйшікке кіргісі келіп тұр екен. Қоян үйшікке кіру үшін,  сендерден көмек сұрайды. Оның қарны ашып қалған екен. Ол сәбіздер жегісі келіп тұр екен.

Дидактикалық ойын: «Көкөністерді жина»

Шарты: Жерде шашылған жемістер мен көкөністердің ішінен көкөністерді себетке жинап әкеледі.

Дыбыс естіліп, түлкі келеді.

-Балалар, түлкі де үйшікке кіргісі келіп тұр екен. түлкі үйшікке кіру үшін,  сендерге тапсырмасы бар екен.

Дидактикалық ойын: «Бір» және «көп».

Шарты: интерактивті тақтада берілген суреттердің қайсы «біреу», қайсы «көп» екенін ажыратады.

Сергіту сәті.

Прилетел веселый жук ж-ж-ж

Зазвенел комарик вдруг з-з-з

Ветер ветки раскачал у-у-у

Трактор в поле заурчал р-р-р

Зашумел вдали камышшш

И опять настало тищщщьь

Сөздік жұмыс: тышқан шиқылдайды, бақа бақылдайды, түлкі – қу, айлакер, қоян – қорқақ.

-Ал, балалар тышқанды, бақаны, қоянды, түлкіні үйшікке орналастырайық. Ендеше шеберханаға барайық.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

Балалардың әрқайсысына үйшік берілген . соған ертегі кейіпкерлерін жапсыру.

Бір мезгілде дыбыс естіліп, аю мен қасқыр келеді.

Аю мен қасқыр: -Біз сендерді іздеп жүрміз. Аман – есен екенсіңдер гой! Үйшіктерің қандай әдемі! Балалар сендерге көп – көп рахмет. Сау болыңдар.

-Ой, жарайсыңдар балалар. Мінекей, орман жануарлары сендерге өте риза. Біз оларға өте әдемі үйшік сыйладық.

Билигвалды компонент:  үйшік – теремок, тышқан – мышь, бақа – лягушка, қоян – заяц, түлкі – лиса.

Балалар тыңдайды.

 

 

 

-Үйшік.

 

 

Таңырқай қарайды.

 

 

Көмектесуге келіседі.

 

Отбасы мүшелерін жинайды.

Таңырқай қарайды.

 

Көмектесуге келіседі.

Ойын ойнайды.

 

 

 

Таңырқай қарайды.

 

 

Көмектесуге келіседі.

Ойын ойнайды.

 

 

 

Таңырқай қарайды.

 

 

 

Ойын ойнайды.

 

 

 

Сергіту сәтін, дыбыстармен орындайды.

 

 

 

 

Сөздік жұмысты қайталайды.

 

Шеберханаға барады.

 

Үлестірмелі материалдармен жұмыс жасайды.

 

Таңырқай қарайды.

Балалардың көңіл күйі көтеріледі.

 

-Сау болыңыздар!!!

 

 

Билингвалды компонент сөздерін қайталайды.

Рефлексиялық — түзетушілік

-Біз нені кездестірдік?

-Үйшікке нелер келді?

-Сендерге көп – көп рахмет. Балалар, бүгінгі күніміз тамаша өтті деп ойлаймын. Ендеше тобымызға оралайық.

-Бәріміз пойызға мінейік.

Балалардың көңіл күйі.

Балалардың жауабы тыңдалады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ертегідегі кейіпкерлерді ажыратуды, атауды, сипаттауды;

Игереді: желіммен жапсыруды, ойынды жақсы көңіл күймен ойнауды;

 

Меңгереді: сұраққа толық жауап беруді, ертегіні қызығушылықпен тыңдауды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.