3 саны мен цифры.

«»  ересек  тобында  ұйымдастырылған  оқу  қызметінің  технологиялық    картасы.

Өтілетін күні:                                                     Тәрбиеші:  Шуканаева  Рая

Білім беру саласы:  Таным.

Ұйымдастырылған оқу  қызметі: ҚМҰҚ

Тақырыбы:   3 саны мен цифры.

Мақсаты:Балаларды  3  санымен танысытару. Бір мен үш көлеміндегі заттарды санай білуге үйрету3  санының жазылу жолын  түсіндіру.  Логикалық есептерді шығара отырып, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту,   қызығушылықтарын арттыру.

Әрекет  кезеңдері.

 Тәрбиешінің  іс — әрекеті

Балалардың                          іс — әрекеті.

    Енгізу.

Дәлелді  ояту.

Шаттық шеңбері.

Қызығушылықты  ояту

Қоянның қонаққа келуі

Жинаған сәбіздерін санай алмай тұр

Қоянға  көмек

бір үлкен сәбіз, бір кішкентай сәбіз.

Барлығы  2 сәбіз

Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау.

Санау және айырмашылығын таба білу.

Армысың мейірімді       Аспан  Ата!                      

 Армысың, қайырымды Жер-Ана                              Армысың, шұғылалы Алтын – Күн                   Армысың, балабақша,   дос-жаран.

Ұйымдастыру –  іздену

1.Өткен  сабаққа  шолу.

Санау,  салыстыру.

Дидактикалық  материалдармен жұмыс.

Аз, кем , тең ұғымдарын  бекіту.

Дид ойын: «Барлығы  нешеу?»

Мыс: Аюда неше құлпынай бар?   (1)

ал тиінда неше саңырау-құлақ  бар?   2

Қайсысы көп?

Сұрақ –жауап

Аюдың құлпынайы  мен тиіннің  саңырауқұлағын қоссақ барлығы нешеу болады?

Санау

Сергіту сәті

   2.Ой  дамыту

Жаңа  оқу қызметін  түсіндіру.  3 саны, цифры.

Дид ойын: «Кім  тапқыр?»

2.1.Қарап  ал  маңайға  дейді.

Бір көзім абайла дейді,

Бір көзім кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді.

Бұл не? (бағдаршам)

Бағдаршамда неше көз бар?

Неше түстен тұрады?

Түстерін ата?

2.2.Қасқырдың  туған  күніне

Түлкі келді жүгіре,

Қоян  келді секіре

Аю келді  кекіре

Келді  қанша жануар  қасқырдың туған күніне?        3 санының құрамымен  таныстыру. Мыс:

1 тауық, + 2 балапан т.б


3.Ой шақыру

Логикалық  есептер
1. Гүлдерге кеп күнара,
Қонушы еді 1 ара.
Бүгін 2 туысын,
Ертіп  келіпті бұл ара.
Барлығы қанша ара? (3)

2.Мұз айдында 1 бала,
Асыр сап жүр сырғанай.
Сырғанамай 2 бала,
Жағалауда тұр қарай.
Санап айтсақ ойланбай.(3)

4.Дәптермен жұмыс.

3 — анының цифрын ауада жазу;
— 3 санын дәптерге жазу.

 

Математикалық  ұғымдарды  дұрыс айыра  білу.

Қойылған сұрақтарға  жауап бере білу

 

Заттарды бір- біріне дұрыс қоса білу, санау.

 

 

Жаңа санмен танысу

Жұмбақ шешуде шапшаңдық көрсете білу

Бағдаршамның  көздерінің санын және түсін айыра білу

 

 

Берілген  есепті қызығушылықпен орындау арқылы 3 санын айыра білу.

Санның құрамын түсіну.

 

 

Логикалық тапсырмаларды

қызығушылықпен орындау

 

Шапшаңдық көрсете білу

 

 

Сандарды танып ажырата білу.

Тапсырмаларды орындай алу.

 

 

 

 

 

Сергіту сәті
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.

 

Рефлекстік

түзету.

 

  Сұрақ – жауап

Қандай  санмен  таныстық?

Үш санының құрамы қандай?

Сабақты аяқтау. Сабақ соңында балаларды мадақтау.

Берілген сұрақтарға  толық жауап бере білу.

Балалар бір-бірін бағалайды.

 

 

                         Күтілетін  нәтиже.

Білуі:   Сан таңбаларын ажырата  отырып, санауды  біледі.

Игеруі:Тапсырманы орындау барысында жылдамдық пен тапқырлықты игереді.

 

Меңгеруі:  3 санының таңбалануын, 3-ке дейін дұрыс ретімен санауды меңгереді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *