Қолғап (Украин ертегісі)
«» ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні:
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Драма
Тақырыбы: Қолғап (Украин ертегісі)
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсінуге, ертегі кейіпкерлерін көз алдарына елестете отырып, сомдай білуге үйрету. Баланың танымдық, қызығушылығын ояту.
Әрекет кезедері |
Тәрбиешінің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
І.Шаттық шеңбері. «Кел, балалар түлейік» Ө.Тұрманжанов
ІІ. Қызығушылықты ояту. Тосын сәт. Қораптың келуі.
|
Шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталау
Жұмбақты ойланып шеше білу. |
Кел балалар күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік! Жұмбақ Қыс бойына жатады, Тәтті ұйқыға батады (аю) Қалқиған ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады (қоян) Өзі бір қу, Жүрген жері шу (түлкі) Күші десен күші бар, Тісі десең тісі бар (қасқыр) Таңдайлары тақылдап, Шулайтын кім шалшықта (бақа) Үй ішін аралап, Түнде көп жортады Қаптарды жыртады, Мысықтан қорқады (тышқан) |
Ұйымдастыру – іздену |
1. Ой қозғау Сұрақ жауап Балалар қазір жылдың қай мезгілі? —Қыста ауа райы қандай болады? -Қыста қалай киінеміз? -Қыста үстімізге қандай киім киеміз? Дид.ойын: «кім тапқыр?» Жұмбақ жасыру. -Қолғапты жылдың қай мезігілінде киеміз? -Қолғапты не үшін киеміз? Сендер жұмбақтың шешуін дұрыс тауып жатсыңдар, демек бізге қандай ертегі қонаққа келді деп ойлайсыңдар? 2. Ой дамыту Ертегі желісін оқып түсіндіру. Сұрақтар қоя отырып, жауап алу.
3. Ертегіні сахналау.
|
Сабаққа қызығушылықпен қатысу.
Өз ойларынан сұрақтар қоя білу.
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.
Ертегіні сахналуға кейіпкерлердің қимылын дұрыс сомдау. |
Сөздік жұмыс: Жылы, аузы, қуыс, мейірімді
Жұмбақ:
Ағайынды бес саусақ. Жамымалытын тоны бір (қолғап) |
Рефлекстік түзету |
Дид.ойын: «Жануарларға көмек» Қолғапты бояу.
Балаларды мадақтау |
Ертегі кейіпкерлеріне арналған қолғапты дұрыс бояу. Достарын бағалау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ертегі және орман тіршілігі туралы түсініктерді біледі.
Игеру: Ертегіні түсініп әңгімелеуді және сахналауды игереді.
Меңгеру: Жан жануарларға қамқорлық ету керектігін түсінеді.
Сабақтың жүргізілу барысы:
Балалар бізге орманнан қорап келіпті…..
Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап.
Қараңдаршы қандай әдемі қорап.
Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап аышлмайды.
Мүмкін ішінде ертегі бар шығар
Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты.
Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік, егер жұмбақтрадың шешуін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.