Тәуелсіздік – ел тірегі.
естияр тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің
технологиялық картасы.
Өтілетін күні: Тәрбиеші: Шуканаева Рая
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел тірегі.
Мақсаты: Балалардың Отан , туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Отанды, елді ,
жерді сүйе білуге тәрбиелеу.
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Енгізу |
Дәлелді ояту |
Шаттық шеңбері. «Сәлем менің достарым»
|
Балалар өлең жолдарын қимыл іс-әрекет арқылы көрсетеді
|
— Сәлем саған алтын күн! — Сәлем саған көк аспан! — Сәлем саған жер ана! — Сәлем саған достарым! Жақсылықты үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп Үлгі аламыз жақсыдан. |
|
1. Өлең оқу. «Туған елім» Ж. Тұрбеков. -Сұрақ – жауап. -Өлең не туралы айтылған? – Туған өлке, Отан, туған жер деген сөздерді қалай түсінеміз? 2.Меңгерілген білім дағды-ларын естеріне түсіру. –Біз қандай мемлекетте тұрамыз? –Біздің Отанымыз не? -ҚР рәміздерін ата ? –Оларға сипаттама беру –Астанамыз қалай аталады? – Сендер қай обылыста тұрасыңдар? 3. Суретпен жұмыс. – ҚР рәміздерін көрсету, түсіндіру. 4.Отан туралы тақпақ жаттау. –Мағынасын түсіндіру. |
Өлеңді зейін қойып тыңдау. Не туралы айтылғанын түсініп айта білу.
Қойылған сұрақтарға толық жауап бере білу.
Рәміздерді ажыратып дұрыс айту.
Ертегіні зейін қойып тыңдау. Ертегі желісінен қойылған сұрақтарға толық өз ойымен жауап бере білу.
Тақпақты қызығушылықпен жаттау. |
Туған елім. Туған өлке – кең далам, Мәңгілік бақыт орнаған. Сайраңдаймыз саяңда Ерікті ұлан – біз балаң. Сөздік: Сайраңдаймын, сая, мәңгілік.
Отан. Ж Әбдірашев. «Отан — атам, Отан — әкем!» Осы сөзім қате мекен?!
Қате болса Неге біздер Дейміз оны «Атамекен?!»
«Отан — әжем, Отан – анам!» Туған жер! деп, Ол бекерге аталмаған…..
Атам, әжем, әкем, анам Төртеуі де «Отан!» маған
Төртеуі де «Ботам» дейді, «Ер азамат атан!» дейді… Мақтанамын Отаныммен, Отаныма «Ботамын!» мен…
|
Рефлекстік түзету |
«Туған жерді гүлдендір» ойынымен сабақты аяқтау.
Балаларды мадақтау. |
Туған жер, Отан туралы жақсы сөздер айта білу. Достарын бағалау.
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Отан, туған жер, атамекен туралы түсіне білу керек.
Игеру: Қойылған сұрақтарға жауап беру және өлең жолдарын түсіну арқылы туған өлке туралы түсініктерді игереді.
Меңгеру: Ертегі желісі бойынша туған жерді құрметтеуді, табиғатты аялауды меңгереді.