ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (30-03-қараша 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы
ЦИКЛОГРАММА
Бір аптаға (30-03-қараша 2017ж.)
«Күншуақ»ересек тобы
Өтпелі тақырып «Дені саудың жаны сау»
Тақырыпша«Өзім туралы»
Күн тәртібі |
Уақыты |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|||||||||||||
|
|||||||||||||||||||
Балаларды қабылдау. Ата-аналармен әңгімелесу.
Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б. )
|
8:30-8:50
|
Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды жағдай орнату. |
|||||||||||||||||
Таңғы шеңбер. «Сәлем деймін» Сәлем деймін күнге мен, Сәлем деймін мен саған. Сәлем деймін апайға, Қонақтарға,құстар ға.
|
Таңғы шеңбер. «Арайлаптаң атты» Арайлаптаң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз.
|
Таңғы шеңбер. «Дос болайық бәріміз» Қол алысып, кәне біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдаршеңберге. Қандайжақсыбіртұру, Достармененбіржүру!
|
Таңғы шеңбер. «Біз көңілді баламыз» Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Біз көңілді баламыз, Біз сүйкімді баламыз.
|
Таңғы шеңбер. «Армысың қайырымды аспан ата!» Армысың қайырымды аспан ата! Армысың мейірімді жер – ана! Армысың шұғылалы Алтын-күнім! Армысың,балабақша дос-жараным.
|
|||||||||||||||
Таңертеңгі гимнастика. |
8:50 –9:00 |
||||||||||||||||||
|
|
Жаттығулар кешені
|
|
|
|||||||||||||||
Таңғы ас |
9:00 – 9:30 |
Астарың дәмді болсын! |
|||||||||||||||||
Ұйымдастырыл ған оқу қызметтері. |
9:30 9:55 |
1.Сурет салу. Тақырыбы:Портрет. Мақсаты:Балаларды өз портретін салуға үйрету,өзіне ұқсастырып бейнелей білуді: бет пішінін,көзінің түсін бере білу дағдыларын жетілдіру.Бояумен жұмыс жасауда ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,практикалық. 1.Өткен сабақты қайталау. -Жаңа тақырыппен таныстыру. -Балалардың назарын тәрбиешіге аудару. 2.Портрет туралытүсінік беру. 3.Сұрақ-жауап. -Портрет деген не? —Портрет-адамның бейнесін бейнелеу. -Портреттер қандай болады? 4.Сурет салудың әдіс-тәсілдерімен таныс тырып,түсіндіру.
Портретті салу жолдары: 1.Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру. 2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі — маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі. 3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек. 4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз. 5. Портрет бояуын түсіреміз. 5.Үлгі бойынша сурет салу. Сергіту сәті. 6.Ойын «Бет пішін» Мақсаты:Адамның көңіл-күйін білдіретін бет пішін.Көңілді,көңілсіз,мұңлы т.б.Осындай басқа адамның қандай көңіл-күйін білдіретін суреттер сала алар едің.Алдын-ала сызылған қағаздарды дайындап қояды.Ойын басталарда балаларға таратып береді.Бет пішіндерді осы шеңберге бейнелейді.Салынған бейнелерге ат қояды. Қорытынды жасау.
|
1.Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы:Дені саудың –жаны сау. Мақсаты: Денсаулықты сақтау мен нығайтудың, таза жүрудің маңызын ашып түсіндіру. Моно логтық ойларын байла ныстырып құра білуге үйрету. Балалардың сөздік қорын затесімдермен, етістіктермен байыту. Шаттық шеңбері. Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу маңыздылығын түсіндіру. «Денсаулық — зор байлық», «Дені саудың – жаны сау»-деген қағидаларды бала бойына жетілдіру. «Әдепті бала және салақ бала» суретпен жұмыс. Сұрақ – жауап. Әңгімелесу. -Балалар, адамдардың көңілді, әдемі жүруі неге байланысты? Тақпақ. Сергіту сәті. Қорытынды жасау. |
1.Қ.М.Ұ.Қ. Тақырыбы:Геометрия лық пішіндер. Мақсаты:Геометриялық пішіндер(дөңгелек, сопақша,үшбұрыш, шаршы,тіктөртбұрыш) мен денелерді (шар, куб, цилиндр) дұрыс атап, оларды бір-бірінен ажы рата білуге жаттықтыру. Қағаз бетінде бағдарлай білу дағдыларын қалып тастыру. Әдіс-тәсілдері:Әңгімелесу, түсіндіру, үйрету,көрсету,ойын, сұрақ – жауап. 1.1-ден 10-ға дейінгі ауызша санау жаттығулары. 2.Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. -Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санаңдар. -Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі. -Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек және сопақша- геометриялық мен пішіндермен жұмыс. -Осы материалмен санау және пішіндерді топтастыруға ұйымдастыруға болады. Сергіту сәті. -Балаларпішіндердітүсі,пішіні бойынша салыстырады. 3. «Геометриялық пішіндерден заттар құрастыру»ойыны. Мақсаты:Балаларға пішіндерден заттар жасату арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Қорытынды жасау.
|
1.Сауат ашу негіздері. Тақырыбы: «Сөз ойла,тез ойла» Мақсаты:Жуан және жіңішке дыбыстармен таныстыру ды, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйретуді жалғастыру. Берілген дыбысқа сөз ойлап табуға үйрету. Шаттық шеңбері Жуан, жіңішке дыбыстарды таныстыруды жалғастыру. Жуан және жіңішке дыбыстарды жеке-жеке айтқызу. Дыбыстық талдау жүргізу. Жұмбақ. Ойлап тапқан сөздерінде неше жуан, жіңішке дыбыстар қанша болса сонша рет қолдарын шапалақтап білдіреді. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс жүргізу. Жуан және жіңішке дыбыстар туралы алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау. |
1.Өзін-өзі тану. Тақырыбы:Өзім туралы не білемін.Мақсаты:Өзін тануға,өзінің есіміне жағымды қатынасты, өзінің бірегей «Мені» мен есімі арасындағы байланысты сезінуді дамыту,денсаулықтың құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,сұрақ-жауап. Шаттық шеңбері. 1.-«Өз – өзімді сүйемін» жайлы әңгіме жүргіземіз.Сұрақ-жауап. -Мен дегенде нені түсінесіңдер? -Жағымды қатынас дегеніміз не? Ойын: «Айна». (балалар айнаға қарап өздерін не үшін сүйетінін айтады). Сергіту сәті. Жақсы болу өзіңнен. Жаман болу өзіңнен. Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, Мен қандаймын деп ойла. Өзіңді өзің қолыңа ал. Өзіңсің – ақыл айнасы, Тиеді саған мәні бар. «Өзіңді тану пайдасы» Жақынды, досты аяла. Ойын: « Мен жақсы көремін ». (табиғатты, ауылды, отбасымды, гүлді, балабақшамды т.б) Қорытынды: Өзін – өзі жақсы көру дегеніміз, жақсы қасиеттерге ие болу. Таза, ұқыпты жүру. Достарын, туған – туысқандарын сыйлау, жақсылық жасау. Сонда ғана өз – өзімізді сүйеміз. Жүректен – жүрекке: Өз – өзімді сүйемін – сізге де соны тілеймін! |
|||||||||||||
|
10:05-10:30 |
2. Жаратылыстану. Тақырыбы:Жыл құстары. Мақсаты:Жыл құстары, олардың неліктен жыл құстары деп аталатыны, құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру. Құстарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап,құстарды салыстыру. (құстардың дауысы естіледі) 1.Жыл құстарына жабайы үйрек,тырна көкек,ұзақ,қарлығаш, қараторғай т.б. жатады. 2.Суретке қарап салыстырып әңгімелеу. 3.Сұрақ-жауап. — Құстар қайда өмір сүреді? — Құстардың қандай түрлері бар? -Қандай пайдасы бар? -Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды? 4.Жұмбақтар. 1.Бір — ақ сөз біледі, Өз аты онысы. Соны айтып жүреді, Және жоқ қонысы. (Көкек) 2.Тал басында ағаш үй, Терезесіз тамаша үй. Соны мекен етеді, Қыста алысқа кетеді. (Қара торғай) 3.Ұзын сирақ, түйе бас, Жібек жалды қара шаш. Қарап тұрсаң керуен, Жасағаны серуен. (Тырна) Көлде жүрген көп сиыр, Жетіп барсаң, жоқ сиыр. (Үйрек) 5.Ойын: «Не артық?» Мақсаты:Балаларды құстардың арасынан жыл құстарын ажырата білуге дағдыландыру. Қорытындылау.
|
2. Аппликация. Тақырыбы:Адам бейнесін жапсыру. Мақсаты:Қатпарланып бүктелген қағаздан бірдей бірнеше пішін дерді және екіге бүктелген қағаздан симметриялы пішіндегі заттарды қиюға үйрету. Қағаздың бетіне заттарды орналас тыруды жетілдіру. Шаттық шеңбері Үлгі суреттерді көрсетіп, оларға талдау жасау. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ұқыпты желімдеуге жаттықтыру. Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады. Қауіпсіздік техникасымен таныстыру. Сергіту сәті. Балалардың жұмыстарына талдау жасап, қорытындылау.
|
2.Көркем әдебиет. Тақырыбы:Денсаулық. өлең оқу. Мақсаты:Өлеңді мәнерлеп оқу.Дауыс ырғағымен мәнерлей оқи отырып, үзіліс термен жаттауға,өлең мазмұнына деген қатынасын беруге, тілдік бейне лілікті сезінуге баулу. Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу,жеке жұмыс. 1.Денсаулық туралы түсінік беру. 2.Өлең оқу. «Денсаулық» Денсаулық ол – шыныққан, Барлық денең мүшесі. Денсаулық ол – тыныққан, Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ол – күлуің, Көңіл – күйің жадырай, Денсаулық ол – жүруің, Ешбір жерің ауырмай. 3.Сұрақ-жауап. -Адам үшін осы өмірде ең басты не қажет? -Денсаулық.
-Егерде денің сау болсың десең не істеу керек?-Ерте тұру керек,шынығу керек,күнде жаттығу жасау керек.дұрыс тамақтануымыз керек,таза ауада көп серуендеп жүру керек. Сергіту сәті. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер. 1.Денсаулық теңіз, Ән мен спорт егіз. 2.Ұйқы тынықтырады, Спорт шынықтырады. 3.Шынықсан,шымыр боласың. 4.Ойын: «Дұрыс ата» Шарты: Суреттегі спорт түрлерінің атауларын дұрыс атау керек. Штангист,бокс,күрес,футбол,волейбол,баскетбол т.б Қорытындылау.
|
2.Ойнада ойла(вариативтік) Тақырыбы: «Не жоқ?» Мақсаты:Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Көру арқылы ойлау қабілет терін арттыру. Қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. Шаттық шеңбері. «Не жоқ?» дидактикалық ойыны Мақсаты: Балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші шырша ойыншығын жасырады. Балалар қай ойыншықтың жоқ екенін табады. Содан соң тәрбиеші екі ойыншықты алып тастайды, үшінші рет ойыншықтар алынбайды, орындары ауыстырылады. Сергіту сәті. Оқу қызметін қорытындылау. |
2.Құрастыру. Тақырыбы: Кірпі. Мақсаты:Табиғи және қалдық материалдардың түрлері мен таныстыруды жалғастыру.Табиғи материалдардан ұсақ заттар дайындай білуге үйрету. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, жеке жұмыс. 1.Жұмбақ. Тұмсығында түймесі бар, Шаншып алған үстіне, Толып жатқан инесі бар.Ол не?(кірпі) 2.Кірпі туралы әңгімелеп түсіндіру. 3.Үлгіні талдау. -Құрастыру жолдарын көрсетіп,түсіндіру. -Кірпіні табиғи материалдан жасау жолдары: кірпі жасау үшін жаңғақ,қара шекілдеуік,ермексазды аламыз;ермексазды қолданып кірпінің денесін жасаймыз; жасалынған кірпінің денесінің үстінен шемішке дәндерін қадаймыз; кірпінің көзі мен тұмсығына қара түсті ермексазды пайдаланамыз. Сергіту сәті. 4.«Не өзгерді» ойыны.Мақсаты: Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Қорытындылау. «Дайын болған кірпілердің ішінен ең әдемі жасалған кірпіні орманға жіберуге таңдап аламыз» деп көрме ұйымдастыру,балалардың қызығушылығын арттыру. |
|||||||||||||
|
10:40-11:05 |
3.Ағылшын тілі. The objectives: 1. Educational: to acquaintance students with the new lexis on theme NUMBERS 1-10, to practice it in the mini dialogues 2. Developing: to develop listening skills through listening to the songs and do Physical warm — ups 3. Up – bringing: to up – bring students’ interest and motivation to the lesson Materials: — the lap top with video of the song — the pictures of NUMBERS — the pictures of potato The Procedure of the lesson 1. Greetings Teacher (T.) Hello, boys and girls! Children (C.) Hello! Children sing a song: Hello, how are you? All together say the rhyme: Good morning, good morning! And how are you? Good morning, good morning, I am fine, thank you! 2. Speech warm – up and revision of words. Today we will see Pat again. Do you remember her? Let’s say hello to her father, mother, brother, sister, baby. Children sing a song together with a teacher: Mother finger, where are you? The game: The silent phone 3. Introducing the new lexis Look how many toys we have got. Let’s count them. One, two, three,four, five, six, seven, eight, nine, ten. Children count together with the teacher Teacher uses the New Project with the pen. Teacher points to the word,children repeat after teacher. 4. Physical trainig. One, two – I love you Three, four – touch the floor Five, six – mix,mix,mix Seven, eight – take the plate Nine, ten – let’s play again! 5. Drawing a conclusion Т. Do you like Рэт? Let’splaywithher. (Проводится подвижная игра «Хоровод») Walking, walking, walking. (going around in a circle) Bend, bend, bend, Running, running, running. Let us begin again. (Substitute the actions: clap, stamp, hop, swim) 6. Saying good bye! Raise your heads, Jump up high. Wave your hands Andsay «Goodbye»!
|
3. Ертегі әлемі (вариативтік) Тақырыбы: Ұр тоқпақ. Мақсаты:Балаларға ертегіні оқып түсіндіріп беру. Ұнамды, ұнамсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету.Өз түсінігімен айтуға жетілдіру.Адамгерші лікке тәрбиелеу. Шаттық шеңбері. -Балалар,сендер қан дай ертегілерді білесіңдер? -Дұрыс айтасыңдар. -Бүгін біз «Ұр тоқпақ» ертегісін рөлдерде ойнайтын боламыз. Тіл ұстарту жаттығуы. «Ұр тоқпақ» ертегісін әңгімелеу. Сұрақ-жауап. Ертегі сендерге ұнады ма? Ойын: «Көңіл күйдің дыбысы» |
3.Орыс тілі. Тема: «Транспорт» Цель: Вовлечь детей в игровую ситуацию; дать представление о видах транспорта, темпе движения; учить изображать голосом разные интонации. Оборудование : слайды 1.Мотивационно-побудительный –круг радости, отгадывание загадок 2.Организационно-поисковый – подвижная игра «Веселый автобус», физминутка, игра — разминка «Для чего нужен транспорт» 3.Рефлексивно-корригирующий — итог занятия 4.Ожидаемый результат: новые слова, правильное определение
|
3. Дене шынықтыру. Тақырыбы. Сапта дұрысжүре білу, өз орындарын таба білу, қимылдарды жасау, сапқа қызыгушылық таныту. Мақсаты: 1,5 мин-қа дейін жүру түрлері аяқ ұшымен өкшемен жүруді алмастыру жаттығулары. Доппен ойындық жаттығулар . Секіру және жүгіру ойын жаттығулары 1. Жүгіру арысында бір саптан 3 қатар сапқа тұру. 2. Бытырап жүру жүгіру бірінің соңынан бірі сапқа тұру. Қарқынды өзгерте отырып, белгі бойынша тоқтап жүгіру. «Күштілер» жаттығыу. 3. Допты қабырғаға ұрып,еденнен ыршыған допты қолмен қағып алу (10 реттен кем емес). Қолданылатын құрал жабдықтар.Гимнастикалық орындық шығыршық. 4.Ойын. |
3. Дене шынықтыру. (әуенмен) Тақырыбы. Сапта дұрыс жүре білу. Мақсаты:Қатардан сапқа тізбектеліп шеңбер бойына тұру. Секіріп және аттап оңға, солға, айналып бұрылу; жүгіру ойын жаттығулары. Допты ара қашықтығы 2 м,3 м болатын көлденең бағыттағы межеге оң, сол қолмен дәлдеп лақтыру. 1. Жүгіру арысында бір саптан 3 қатар сапқа тұру. 2 «Күштілер» жаттығуы. Б.қ. аяқ сәл алшақ, қол шетке созулы. 1- шығыршықтан шығыршыққа екі аяқпен секіру. Допты қос қолмен лақтыру, кеудеге қыспай қағып алу (дауыстап 8-10 дейін санау). 3.Қырынан қойылған сатынан тақтайша лары арасынан еңбектеп өту. Енкейтіліп қойылған тақтайға төрт тағандап өрмелеу.Шығыршықтан-шығыршыққа екі аяқпен секіруді бекіту. Допты қос қолмен лақтыру. 4.Ойын.
|
|||||||||||||
|
11:15-11:40 |
4.Музыка.Тақырыбы:Ән үйрету: «Қазан» 1 шумақ Қ.Шілдебаев Мақсаты:Табиғат туралы жалпы түсінік беру,табиғат туралы ұғымдарын кеңейту.Табиғаттың сұлуығын сезіне білуге,оған деген саналы көзқарасты қалыптастырып,қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.Ән салуға,билеуге,ойнауға қызығушылығын дамыту.Меңгеоген дағдыларын бекіту. Дауыс жаттығуы: «Жаңбыр» Ән тыңдату: «Жаңбыр» Д.Ботбаев Би: «Күзгі жапырақтар» Дидактикалық ойын: «Күн мен жаңбыр» Ойын шарты: Тәрбиеші балалармен қосылып: Жаңбыр жауды, Тырс-тырс, тырс-тырс. Қолшатырдың астына, Тығыламыз дұрыс-дұрыс! (балалар жаңбыр қол шатырдың астына тығылғандай жинала қалады) Күн шықты, күн шықты, Жарысып ойнайық. Ал, кәне, Кім мықты, кім мықты? (күн шыққанда балалар бірін- бірі қуалап ойнайды)
Құралдар: күн мен жаңбыр тамшыларының атрибуттары.
|
4.Дене шынықтыру. Тақырыбы. Сапта дұрыс жүре білу, өз орындарын таба білу, Мақсаты: Гимн.орындықтан тізені жартылай бүгіп секіру. Допты лақтыру жаттығулары, кедергілер арасынан төрт тағандап еңбектеу 1. Жүгіру барысында бір саптан 3 қатар сапқа тұру. 2. Жалпы дамыту жаттығулары. Зырылдауық (проперллер) жаттығулары. 3. Ұзын секіртпеден қос аяқтап ceкipy. гимнастикалық қабырғаның басына дейін сатыларды жібермей өрмелеу, келесі қабырға ауысу және төмен тісу. 4.Ойын. |
4.Мүсіндеу. Тақырыбы:Портрет. Мақсаты:Балаларды адамның бейнесін мүсіндеуге үйрету. Кескішті қолданып, тұтас бөліктен мүсін жасауды жетілдіру. Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ — жауап, мүсіндеу, тексеру, т. б. 1.Портрет туралы түсінік беру. 2.Сұрақ – жауап. 3.Адамның портретін ермексаздан бедерлі мүсіндеу тәсілін қолдану арқылы орындаймыз. 4.Жұмыстың орындалу ретін түсіндіріп, тапсырма беру. 5.Ермексазан бастың пішінін келтіріп, домалақ немесе сопақша пішін илеп аламыз. Домалақтап немесе цилиндр пішінінде мұрынды келтіріп алып,оны бетінің ортасына жапсырамыз,біріктірілген жерін ермексаз дың көмегімен сылаймыз.Көздерін жасап алып, оны да мұрынды біріктірілген тәсілмен бетіне орналастырамыз.Шағын ширатпа илеп, мұрыннан төмен орналастырып, біріктіреміз. Шұжық тәрізді бірнеше ширатпа жасап алып, оларды бастың жоғары бөлігімен біріктіреміз.Бұл шашы болады,құлақ пішінінде келтіреміз. Оларды бастың екі жағына мұрынмен деңгейлестіріп біріктіреміз. Сергіту сәті. 6.«Дауысынан таны»ойыны. Ойын шарты: балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір балаланың көзін байлайды.Көзі байланған баланың қасына бір бала жануар дыбысын салады. Бала қандай жануардың дауысы және оны салған кім екенін табады. Қорытынды жасау. |
4.Музыка. Тақырыбы: Ән үйрету: «Қазан» 2 шумақ Қ.Шілдебаев Мақсаты:Табиғат туралы жалпы түсінік беру,табиғат туралы ұғымдарын кеңейту.Табиғаттың сұлуығын сезіне білуге,оған деген саналы көзқарасты қалыптастырып,қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.Ән салуға,билеуге,ойнауға қызығушылығын дамыту.Меңгеоген дағдыларын бекіту. Дауыс жаттығуы: «Жаңбыр» Ән тыңдату: «Жаңбыр» Д.Ботбаев Би: «Күзгі жапырақтар» Ырғақты ойын: «Жемістер мен көкөністер» Мақсаты:Жемістерді көкөністерден ажыратуға үйрету.Музыка ауысымын сезінуге түрлерін ажыратуға үйрету. Көрнекілік:Жемістер мен көкөністер бетпердесі. Шарты: Музыка әуенінің ауысымына қарай жемістер мен көкөністердің бет пердесін киген балалар шеңбер бойымен билеп жүреді.Музыка әуені тоқтағанда жемістер мен көкөністер болып екі топқа бөлініп тұра қалады.
|
4.Сиқырлы қылқалам (вариативтік) Тақырыбы:«Қуыршаққа арналған мойынорағыш» Мақсаты:Күз мезгіліне сипаттама бере отырып,оның құбылыстарын ажырата білуге үйрету.Түстерді ажырата отырып,ұзын қысқа сызықтарды салу және дәстүрден тыс әдістер арқылы жұмыс жасай отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Әдіс-тәсілдері:көрсету,түсіндіру. 1.Жұмбақ. –Мойынға ол оралып, Жылулықты сақтайды, Аяздан бізді қорғайды. (Мойынорағыш). 2.Күз мезгілі жайлы айтып әңгімелеу. Күз мезгіліндегі ерекшеліктер күзгі киімдер туралы айтып өту. 3.Сурет салу әдіс- тәсілін көрсету,түсіндіру. 4.Ақ парақтың үстіне балан үйрек саусақты алып жасыл түске батырып ұзын жолақша жасаймыз,енді сары түсті алып кішентай бөбекті батырып қысқа жолақша жасаймыз. -Балалар шарфтын шашақтарын жасайық,алдымызда тұрған таяқшаны алып қызыл түсті гуашты,және көк түсті гуашты алып шашақты жасаймыз. Сергіту сәті. 4.Ойын: «Артық затты тап?» Шарты: Күз мезгілінде қалай киінетінін айту,және артық затты табу. Қорытынды жасау. |
|||||||||||||
«Табиғат аясында» |
11:40-11:50 |
Киіну: серуенге шығу.
|
|||||||||||||||||
Серуенге шығу. Серуен. |
11:50-12:30 |
Серуен.Бақылау.№12.Алғашқы суық түскенін бақылау. |
Серуен.Бақылау.№22. Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек, шырша, шетен ағашы, қарағаш).
|
Серуен.Бақылау. №3 Бұлтты бақылау. |
Серуен.Бақылау.№25. Аула тазалаушы ның еңбегін бақылау. |
Серуен.Бақылау.№9 Күз мезгілінде желді бақылау. |
|||||||||||||
«Ас — адамның арқауы» Түскі ас. |
12.30-13.00 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі. |
|||||||||||||||||
«Тәтті ұйқы» Ұйқыға дайындық, ұйықтау. |
13:00-15:20 |
Балалардың тыныш ұйықтауына жағымды жағдай орнату. |
|||||||||||||||||
«Ұйқымызды ашайық» Ұйқыдан ояну. Шынықтыру шаралары. |
15:20 – 15:45 |
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу . №2ояну жаттығу кешенін жасау.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, жаттығулар. №7ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу,ұйқыашар жаттығулары. №4ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, сергіту жаттығулары.№6 ояну жаттығу кешені.
|
Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу.№1ояну жаттығу кешені.
|
|||||||||||||
«Астарыңыз дәмді болсын!» Бесін ас. |
15:45 – 16:10 |
Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу бойынша жеке жұмыс. |
|||||||||||||||||
Баланың даму картасынасәйкес жекежұмыс. |
16:10-16:40
|
Үстел үсті театры «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісі.
|
Сюжетті-рөлдік ойын «Шаштараз» |
Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру.
|
Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.
|
Сюжеттік ойыншықтармен ойындар, ертегі оқып беру; т.б.
|
|||||||||||||
Серуенге дайындық |
16.40-16.50 |
Киіну: серуенге шығу. |
|||||||||||||||||
Серуен |
16.50-18.00 |
Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу. |
|||||||||||||||||
«Келесікездескенше!» Балалар, ата-аналар мен қарым-қатынас Балалардыңүйгеқайтуы. |
18.00 |
Ата аналармен балалардың төлем ақысы туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың бүгінгі іс-әрекеттері туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен алдағы күз мерекесі туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың тәртібі туралы әңгімелесу. |
Ата аналармен балалардың тазалығы туралы әңгімелесу. |
|||||||||||||
|