ЦИКЛОГРАММА Бір аптаға (27-30-қараша 2017ж.) «Күншуақ»ересек тобы

 

ЦИКЛОГРАММА

Бір аптаға (27-30-қараша 2017ж.)

«Күншуақ»ересек тобы

                                                                                                                                                             Өтпелі тақырып « Менің Қазақстаным»  

Тақырыпша«Тарихқа саяхат»

 

Күн тәртібі

Уақыты

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

 

Балаларды қабылдау.

Ата-аналармен әңгімелесу.

 

Ойындар(үстел үсті, саусақ және т.б. )

 

 

 

8:30-8:50

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: отбасы дәстүрлері туралы жеке әңгімелесу, қарым-қатынас және көтеріңкі көңіл-күй орнатуға ойындар ұйымдастыру. Жағымды  жағдай орнату.

Таңғы шеңбер.

«Сәлем деймін»

Сәлем деймін күнге мен,

Сәлем деймін мен саған.

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға,құстар

ға.

 

 

 

 

Таңғы шеңбер.

«Арайлаптаң атты»                           

 Арайлаптаң атты,                             Алтын сәуле таратты.                        

Жарқырайды күніміз,                        

Жарқырайды даламыз.

 

 

 

 

 

Таңғы шеңбер.         

«Біз көңілді баламыз»

 Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз көңілді баламыз,

Біз сүйкімді баламыз. 

 

 

Таңғы шеңбер.

«Армысың қайырымды аспан ата!»  

 Армысың қайырымды аспан ата!

 Армысың мейірімді жер – ана!

Армысың шұғылалы  Алтын-күнім!

Армысың,балабақша дос-жараным.    

 

 

 

 

Таңертеңгі гимнастика.

8:50 –9:00

Жаттығулар кешені

 

Таңғы ас

9:00 – 9:30

Астарың дәмді болсын!

Ұйымдастырыл

ған оқу қызметтері.

9:30

9:55

1.Сурет салу.

Тақырыбы:Қазақтың ұлттық ою-өрнегі.«Қошқармүйіз» Мақсаты:Түзу сызық тардың түрлі байланыстарымен құрылған қазақтың өрнектерінің суретін салуға үйрету. Элементтерді пішіндер мен сұлбалардың ортасы мен шеттеріне орналастыра білу.

Әдіс-тәсілдері:

Көрсету, түсіндіру.

1.«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі.

Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

2.Қошұармүйіздің  суретіне қарап  сипаттап әңгімелеу.

3.Үлгіні талдау.

4.Сурет салудың жолдарын көрсету:

-ақ парақтың ортасына қылқаламмен жоғарыдан төмен қарай сызу арқылы оюды салу;

-салынған оюды түсті бояумен бояу;

5.Дидактикалық ойын: «Өрнекті тап».Шарты: жануарлар суреттері мен оюлар түрі бейнеленген.Көп ою ішінен жануарларға байланысты оюларды тауып сызық арқылы көрсету тапсырылады.

Қорытынды жасау.

1.Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы:Менің отаным-Қазақстан.

Мақсаты:Отан туралы әңгіме құрастыру.Балаларды негізгі ойды дұрыс жеткізе білуге,монологтік мәтінді байланыстырып айтуға, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айтуға  үйрету. Жалпылауыш сөздерді және зат есімдерді дұрыс қолдану біліктерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

1.Сурет бойынша әңгіме.

2.Қазақстан  республикасы ның  рәміздері  туралы айту.

3.Сұрақ-жауап.

-Отан дегенде нені түсінесіңдер?

-Сен қандай мемлекетте тұрасың?

-Қ.Р президенті кім?

-Қ.Р қандай рәміздері бар?

Сергіту сәті.

4.Мақал-мәтелдер.

« Отан –елдің анасы».

« Отан – оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан  басталады».

« Жері байдың елі бай».   т.б.

 

5.Тақпақ. «Отан»Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен, Отан!

 

6.Ойын:«Өз туыңды тауып ал»

Қорытынды жасау.

1.Қ.М.Ұ.Қ.

Тақырыбы:10 көлеміндегі санды тура және кері санау.

Мақсаты:10 көлеміндегі санды тура және кері санауды дамыту. Геометриялық пішіндермен денелерді атап, ажыратуға жаттықтыру. Кеңістікті бағдарлау(оң жақта,сол жақта, жоғары да, төменде,алдында, артын да, алыс, жақын, арасында, қасында) ұғымдарын бекіту.

Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ – жауап.

1.0  ден 10ға дейінгі  сандарды тура және кері санау.

2.      «Көршісін тап»ойыны.

3.Кеңістікті бағдарлау(оң жақта,сол жақта, жоғары да, төменде,алдында, артын да, алыс, жақын, арасында, қасында) ұғымдары бойынша суретпен жұмыс.

4.Үлестірмелі материалмен жұмыс.

5. Есеп — жұмбақ

— Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойлансаң,

Барлығы қанша балапан?

(төрт)

— Бес алманың үшеуін,

Досың сұрап алды.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалды?

(2)

-Тал бойында тізіліп

Бес жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті үшеуі.

Ілініп тұр әлі

Жапырақтың нешеуі?

(3)

— Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуін де жеп қойсам,

Қалады сонда неше алма?

6.Дидактикалық ойын : «Келісемін — келіспеймін»

Кеңістікті бағдарлауға арналған тапсырманы тәрбиешінің айтуы бойынша барлық балалар бірге жауап береді.

Келісемін – келіспеймін.

1. Үйдің шатыры төрт бұрышқа ұқсайды.

2. Қарбыздар талдың басында өседі.

3. Жазда шанамен сырғанаймыз

4. Жұлдыздар аспанда түнде көрінеді.

5. Лимон тәтті болады.

6. Шыршаның түсі қызыл.

7. Алма шаршыға ұқсайды.

8. Балықтар талда өседі.

9. Сиырдың 4 аяғы болады.

10. Керіктің бойы аласа.

11. Балмұздақ ыстық болады.

12. Дөңгелек пішіннің екі бұрышы болады.

13. Қоян балды жақсы көреді.

14. Пілдің тұмсығы қысқа.

15. Кітап – білім береді.

Қорытынды жасау.

1.Сауат ашу негіздері.

Тақырыбы: Ғ дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:Жаңа әріппен таныстыру.Балаларды дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін талдауға үйрету. Берілген дыбысқа сөз ойлап табуды жетілдіру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету.

1.Дыбыстар туралы түсінік беру.Түрлерін атау.

2.Ғ әрпімен дыбысымен таныстыру.

3.«Жұмбақ» шешу:

Ағада бар,

Менде жоқ.

Жағада бар,

Жеңде жоқ.             (Ғ)

4.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау.

 «АҒА», «ТАҒА», «АҒАШ»

Мысалы:Аға-сөзі үш дыбыстан тұрады.Екі дауысты,бір дауыссыз.ғ-дыбысы сөздің ортасында келген.

Сергіту сәті.

5.Бір буынды, екі буынды сөздерді  буынға бөлу.

ға, ғы, ғу, ғи. шаң-ғы, са-ғат, а-ға, та-ға.

6.Дәптермен жұмыс.

 

 

7.«Сөздегі бірінші дыбысты айт»

Мақсаты:фонематика

лық қабылдауын дамыту.

Қорытындылау.

 

10:05-10:30

2. Жаратылыстану.

Тақырыбы:Бөлме өсімдіктері. Мақсаты:Балаларды бөлме өсімдіктерімен таныстыру: атауы, сыртқы түрі, құрылысы,күтім жасау тәсілдері, көбею түрлерімен таныстыру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру.

1.Жұмбақ.

– Адамдардың бәрі қызығады,

Су құймасаң сәні бұзылады. Бұл не?(гүл)

2.Гүлдер туралы слайд бойынша әңгімелеу.

Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.

Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.

1.Міне,мынау раушан гүлі. Гүлінің түсі қызыл,хош иісті болып келеді екен. Раушан гүлі өте әдемі,бөлмемізді әдемі етіп тұрады.

2.Ал мынау алоэ –өсімдігі.Жапырақтары тікенді болып келеді ,бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ — үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады.Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.

3.Күту ережелері:

-Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы матамен сүрту керек.

-Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуу керек.

-Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құю керек.

4.Сұрақ-жауап.

-Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?

-Гүлдің сырт келбеті қандай?

-Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.

-Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?

-Бізге қуаныш сыйлайды, дәрі – дәрмек алынады, бөлменің ауасын тазартады.

5.Ойын: «Мынау қандай гүл?»

Қорытындылау.

2.Аппликация.

Тақырыбы:Торсық. Мақсаты:Қағаздан ұлттық ыдыстарды қиюға үйрету.Қағаздың бетіне заттарды орналас тыруды жетілдіру.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,жасалған жұмысты  талдау.

1.Ұлттық ыдыстардың суретін көрсетіп  түсіндіру. Торсықтың тұрмыста қолданылуы  жайында әңгімелеу.

2. Балалардан ұлттық ыдыстардың аттарын, олардың не үшін қолданылатынын сұрау. 3.Балалардың жауабынан кейін қымыз құятын торсықты көрсетіп, оның пішінінен, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейлеуіне назар аудару.

4.Үлгіні талдау.

5.Торсықты әшекейлеудің орындалу ретін көрсете отырып түсіндіру. Ою-өрнек элементтерін еске түсіру (құсқанаты, бұғымүйіз, қызғалдақ, қошқармүйіз, т.б.)

-Ашық қоңыр немесе қара түсті қағаздан тіктөртбұрыштар қиып алу.

 

-Тіктөртбұрыш қағаздарды екіге бүктеу.

-Торсықтың үлгіқалыбын ашық қоңыр түсті немесе қара түсті  қағаздың бүктелген жерінен қойып, оны жай қарындашпен айналдыра сызу.

-Торсықтың контур сызығы бойымен қиып, қағазды жазу.

-Торсықтың негізгі бетке жапсырып, оған оюды жапсыру.

6. Ойын:

Қорытындылау.

2.Көркем әдебиет.

Тақырыбы:Туған жер әңгіме.

Мақсаты:Туған жер туралы әңгіме оқып беру.Сюжеттік бірізділікті сақ тай отырып,көңіл-күй мен,қисынды мазмұн дауға үйрету.Шығарманың  эмоционалды- бей нелік мазмұнын  қабыл дауға,баяндау сипатын сезінуге баулу.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ –жауап,көрсету,түсіндіру.

1.Тәрбиеші:-Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

Балалар: -Дөңгелек шарға!

Тәрбиеші:-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

Балалар: Мұхиттар, көлдер, өзендер.

Тәрбиеші:-Ал сарытүсше?

Балалар:-Мемлекеттер мен елдер!

Тәрбиеші:-Балалар, жершарымыздақандайелдердібілесіңдер?

Балалар:-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.

Тәрбиеші:-Балалар, ал бізтұратынмемлекетқалайаталады?

Балалар:-Қазақстан!

Тәрбиеші: -Дұрысайтасыңдар, бізҚазақстанеліндетұрамыз!   Барлығымыз да Қазақстанкартасынаназараударайық.  Мынаубіздіңбайтақжеріміз (Қазақстанныңжерінкартаданкөрсетеді) Қазақстанныңтабиғатыалуантүрлі,  жерікең,  байтақ. Оны білунемесетүсінуүшінкартаныпайдалануқажет.  Сонда қайжердеқала, әдеміормандар, биіктаулар,теңіз, көл, қазынабайлықтары бар екендігінкартаданбілеміз.

2.Сурет бойынша әңгімелеу.

3.Тақпақ.

Қазақстан – атамекен, құт қонған жер,

Кең дала, суы мөлдір, нұр тұнған жер.

Көкорай белестері мақпал кілем,

Қырлары қызғалдағы құлпырған жер.

4.Сұрақ-жауап.

-Туған жер дегенде нені түсінесіңдер?

-Сенің отаның  қалай аталады?

-Сендерге туған жер несімен ұнайды?

5.Ойын: «Тез айт»

Қорытындылау.

2.Ойна да ойла.

(вариативтік)

Тақырыбы:  «Апта күндері»

Мақсаты:Апта күндердi есте сақтау.Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.

Әдіс-тәсілдері:

Барысы: Арнайы дайындалған карточканы көрсетіп, таныстыру. Апта күндерін атату, карточканы таратып беру. Тақтаға шыққан бала карточкаға сәйкес өз апта атын білу керек. Тәрбиеші бұйрығымен, «дүйсенбі» бір адым алдыға десе, тұрып қалмай алдыға шығу керек. Бұдан соң балалар кезекпен ауысып тақтаға шығады .

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Апта күндерін шартты түрде белгілейтін 1-ден 7-ге дейін дөңгелектермен дайындалған карточкалар.

Тақпақ: «Бір апта»

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық қорада,

Сәрсенбіде сурет салдық  сәндетіп,

Бейсенбіде би биледік әндетіп,

Жұма күні кино қарадық клубта,

Сенбі күні жидек тердік қыратта,

Жексенбіде үйде болдық ,дем алдық,

Осылайша өте шықты бір апта.

Қорытындылау.

 

10:40-11:05

3.Ағылшын тілі.

Theme of the lesson: Colours

The objectives:

1.         Educational: to  acquaintance students with the new lexis on theme COLOURS

2.         Developing: to develop listening skills through listening to the songs and do Physical warm — ups

3.         Up – bringing: to up – bring students’ interest and motivation to the lesson

Materials: — the lap top with video of the song

                   — the pictures of colours

                   — the pictures of objects (apple, sky, grass, sun)

 

The Procedure of the lesson

1. Greetings

Teacher (T.) Hello, boys and girls!

Children (C.) Hello!

Children sing a song: Hello, how are you?

All together say the rhyme:

Good morning, good morning!

And how are you?

Good morning, good morning,

I am fine, thank you!

2. Speech warm – up and revision of words.

Revision of all the words. Children stand in a circle and show the actions

 Revision of colours. Run and touch. Colours are around the room. Teacher says the colour and students run and touch.

3. Introducing the new lexis

Teacher introduces the new lexis with the help of pictures (Colours). Teacher shows the colour children repeat after him. Children sit in circle and repeat.

4.Singing the song

Pre – teaching vocabulary with the help of pictures: apple, sun, grass, sky

What colour is the sky?

It’s blue, It’s blue, It’s blue

5. Drawing a conclusion

(Проводится подвижная игра «Хоровод») Children and teacher go around the circle saying numbers when it is 10 they jump and begin again.

6. Saying good bye!

Raise your heads,

Jump up high.

Wave your hands

And say «Good bye»!

 

3.Ертегі әлемі (вариативтік)

Тақырыбы: «От пен су»ертегісі.

Мақсаты:Балалардың от және су туралы түсінік терін кеңейту.Ертегіні оқып мазмұнын түсіндіру және өз түсінігі бойынша айту қабілеттерін жетілдіру.Сахналату.

Әдіс-тәсілдері:

1.От және су туралы түсінік беру пайдасы және зияндылығымен таныстырып түсіндіру.

 

2.«От пен су»ертегісін оқып түсіндіру.

 

3.Ертегі желісі бойынша сұрақтар.

— От пен Су не себепті бір- бірімен келіспей қалды?

— Ол екеуінің бір шешімге келуіне не әсер етті?

— Ертегіден қандай ой түйдіңдер?

 

4.Ертегіні  балаларға әңгімелету.

 

5.Ролдерге бөліп сахналату.

 

Қорытынды жасау.

3.Орыс тілі.

Тема :Наши любимые сказки. Инсценирование  сказки  «Три медведя»

Цель: развивать речевую и двигательную активность детей; вырабатывать реакцию на словесный сигнал. Развивать внимание, быстроту мышления. Воспитывать умение и желание помогать друг другу.

Демонстрационный материал:   карточки, книга, иллюстрации

1.Мотивационно-побудительный: круг радости, разгадывание загадки

2. Организационно — поисковый: работа со словарем, дидактическая игра «Наоборот», физминутка,  чтение сказки, инсценировка сказки

3.Рефлексивно-корригирующий: итог занятия

 

 

 

 

 

 

 

3. Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Бір орыннан ұзындыққа секіру.

 Мақсаты: 1. Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.2. Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.3.Еңбектеуге және арқан немесе гемнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету;гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар:әр балаға 2 қарағай бүршіктері,1-2 гимнастикалық қабырға,2 баған,жіп немесе таяқша,ойынға арналған кішкентай шығыршық.

1.Жүгіруді шашырап жүгірумен алмастыруды түсіндіру.

2.Педагогтың белгі беруі бойын

ша қысқа және терең дем жасап

бір қатар тізбекпен жүру.

1.Қарағай бүршіктерімен орындалатын ЖДЖ

2.Еңбектеп жүру жәнедоғаның астынан өту.

3.Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.

4.Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден(текшелерден) аттап жүру(түсіндіру,көрсету.)

«Мысық пен торғайлар»қимыл-қозғалыс ойыны.

Шарты: «Мысық»залдың бір шетінде ұйықтап жатады. «торғайлар»залдың ішінде дән шоқып секектеп жүреді.Педагогтың белгісі бойынша «мысық»оянып, «торғайларды»ұстайды.

 

 

 

 

 

11:15-11:40

4.Музыка.

Тақырыбы:

Ән үйрету: «Бауырсақ» 1 шумақ

Ә.Бейсеуов

 Мақсаты: Нанды қкастерлеуге,ас атасы нан екенін,нанның адам өміріндегі ең маңызды екенін,нанның дастарханға қалай келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек ететінін түсіндіру.Дауыс жаттығуын орындау арқылы балалардың дауыстарын қалыпқа келтіру.Әнді тыңдап,әннің ырғағын айыру.

Дауыс жаттығуы: «Баспалдақ»

 

Ән тыңдату:

«Ақ бидай»

 

Би: Жұптасу биі

 

Музыкалық ырғақтық қимыл:»

«Бәліш пісірейік»        

 

 

 

4.Дене шынықтыру.

Тақырыбы:Көлденең қойылған нысанаға лақтыру.

Мақсаты: 1.Оң және сол қолымен көлденең қойылған нысанаға лақтыруға жаттықтыру.2.Көзбен мөлшерлей білу дағдыларын дамыту,нысанаға тигізуге үйрету.3.Бір-бірлеп тізбекте жүру білігін және жүгіру дағдысын бекіту;бір орыннан ұзындыққа секіруді жетілдіру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:әр балаға 2 текшеден,2ұзын жіп,лақтыру

ға арналған 3-4 үлкен шығыршық,1 кішкентай шығыршық.

1.Жетекшінің артынан бір қатар тізбекпен жүру және жүгіру.

2.Бір орында тұрып оңға бұрылады,солға бұрылады және бір орында айнала секіру.

 

1.Текшемен орындалатын ЖДЖ

2.Бір орында тұрып,аяқтың ұшымен жеңіл секіру. 20-30с

3.Жүру (текшелерді себетке салу).

4.Орында тұрып екі аяқпен ұзындыққа секіру.Бір шетінің аралары 20-30 см,екінші шетінің арасы 10-15 см болатындай екі жіп керіліп тартылады.

«Мені қуып жет!»қозғалысты ойыны.

Шарты:балалар екі-екіден бөлініп,бірін-бірі қуалайды.Бұл ойынға педагогта қатысады.

4.Мүсіндеу.

Тақырыбы:Торсық. Мақсаты:Ермексазды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, ыдыстарды мүсіндеудің техникасымен таныс тыру.Ой-өрісін, ойлау қабілетін  қол икемдерін дамыту.

Әдіс-тәсілдері: көрсету,түсіндіру,жасалған жұмысты  талдау.

 

1.Ұлттық ыдыс-аяқ түрлерімен таныстырып түсіндіру.

2.Торсықты сипаттап әңгімелеу.

3.Сұрақ-жауап.

4.Үлгіні талдау.

5.Торсықты ермексаздан жасау жолдарын көрсету.

-Бір кесек қоңыр ермексазды жұмсартып алып, екі бөлікке бөлеміз.

–Үлкендеу бөлігі — негізгі бөлігі, кіші бөлігі — мойны. —Үлкен болікті домалақтап, алақанымызға салып жалпақ- таймыз, ал кіші бөлігінен ширатып, шүжың дайындау.

-Торсықтың негізгі бөлігін тақтайдың үстіне орнатып, мойнын біріктіріп, сыртын тегістеу.

-Кескіш таяқшаның көмегімен торсықтың негізгі бөлігінің жоғары жағынан мойнын біріктерген жерден аздап кесіп, ұшын иіп, торсықтың пішініне келтіреміз.

6.Ойын: «Не үшін қажет?»

Қорытынды жасау.

4.Музыка.

Тақырыбы:

Ән үйрету: «Бауырсақ» 2 шумақ

Ә.Бейсеуов

 

Мақсаты: Нанды қкастерлеуге,ас атасы нан екенін,нанның адам өміріндегі ең маңызды екенін,нанның дастарханға қалай келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек ететінін түсіндіру.Дауыс жаттығуын орындау арқылы балалардың дауыстарын қалыпқа келтіру.Әнді тыңдап,әннің ырғағын айыру.

Дауыс жаттығуы: «Баспалдақ»

 

Ән тыңдату:

«Ақ бидай»

 

Би: Жұптасу биі

 

Ырғақтыойын:

«Тату-тәтті жанұя»

Мақсаты: Балаларды татулыққа,достыққа үйрету.

Ойын шарты: Әуен қосылғанда балаларды бір бірімен жұптастырып ойнату.

 

 

 

 

«Табиғат аясында»
Серуенге дайындық.

11:40-11:50

Киіну: серуенге шығу.

 

 

 

Серуенге шығу. Серуен.

11:50-12:30

Серуен.Бақылау.№17

Құстарды бақылау.

Серуен.Бақылау.№21.

Аула сырырушының еңбегін бақылау.

Серуен.Бақылау. №3 

Бұлтты бақылау.

Бақылау.№6.

Ағаштарды  бақылау.

«Ас —  адамның арқауы»

Түскі ас.

12.30-13.00

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс; әдеп ережесі.

«Тәтті ұйқы»

Ұйқыға дайындық, ұйықтау.       

13:00-15:20

Балалардың тыныш ұйықтауына  жағымды жағдай орнату.

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну. Шынықтыру шаралары.            

15:20 – 15:45

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, жаттығулар.

№7ояну жаттығу кешені.

 

 

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу,ұйқыашар жаттығулары. №4ояну жаттығу кешені.

 

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу, сергіту жаттығулары.№6 ояну жаттығу кешені.

 

Ұйқыдан біртіндеп тұрғызу.№1ояну жаттығу кешені.

 

«Астарыңыз дәмді болсын!»

Бесін ас.        

15:45 – 16:10

Балалардың назарын тағамға аудару ; мәдениетті тамақтануға баулу  бойынша жеке жұмыс.

Баланың  даму картасынасәйкес

жекежұмыс.  

16:10-16:40

 

Үстел үсті  театры

«Үйшік» ертегісі.

Сюжетті-рөлдік ойын

«Қуыршаққа қонаққа барамыз»

Альбомдар,сюжетті картиналар қарастыру.

Суретті кітапшаларды бояу, пазлдар, мозаика және т.б.

Серуенге дайындық

16.40-16.50

Киіну: серуенге шығу.

Серуен

16.50-18.00

Серуенге қызығушылық туғызу. Балалармен жеке әңгімелесу.

«Келесікездескенше!»

Балалар, ата-аналар мен қарым-қатынас

Балалардыңүйгеқайтуы.            

18.00

Ата аналармен  балалардың тәртібі жөнінде сөйлесу.

Ата аналармен алдағы мереке  туралы  әңгімелесу.

Ата аналармен балалардың бүгінгі іс-әрекеттері туралы әңгімелесу.

Ата аналармен балалардың тазалығы  туралы әңгімелесу.

 

 

 

 

 

 

 

От пен су» ертегісі

Бір күні от пен су кездесіп қалады.От судан:

— Қайдан келе жатырсың? – деп сұрады.Су оттың сөзіне ашуланып:

— Сенің ағайындарың жеті жұртты құртқан жұт әкелетін жалмауыздар, бір үйді ыстық алауына орап, күл – талқан етті! – деді. От:

— Суеке, оған менің қатысым қанша? – деп еді, су одан бетер айқайлап,

— Бір күшейіп алсаң, айналаңа дес бермей, көзің тоймай бәрін бірақ жалмағың кеп араның ашылады да тұрады!-деді. Сонда от:

— Ай Суеке, талай жерді, талай елді, тіпті Адамзатты төсіңнің астына сап, басып қалғаныңды ұмытасың ау. Көктем болса болды арнаңнан құтырына асып, өткел бермей талай елді қан қақсатқан сен емей мен бе?-деді қалыспай. Әбден ашуға булыққан су:

— Енді сенің үніңді біржолата өшірмесем бе, Су атым құрысын, — деп бар пәрменімен Оттың үстіне шапшыды. «Су бір айла жасар — ау» деп дайын тұрған От сытылып қаша жөнелді. Су өкшелеп қуа берді. Жан екпінмен қашқан От алып Орманға тығылды. Сол сәт Орман ағаштары қызыл алауға оранды. Енді судың жұмысы одан әрі көбейді. Ол орман ағаштарын өшіріп болам дегенше бойынан қауқар кетіп, әбден әлсіреді. Ең соңғы демін салып Отты шала – пұла сөндірді де есінен тана жығылды. От шала бықсып, жатты да бірте – бірте күш ала бастады. Су қатты шошынайын деді. Ол Оттан: — Отеке, бір ашуыңды маған бер мен әбден таусылып, әлсіреп жатырмын. Орманды өртей көрме, — деп жалынды. Сонда От: — Жақсылықты жалғыз өзің жасап жүргендей кеп маған кеудеңді көтересің. Бұл дүниеде екеуміздің де өз орнымыздың барын мойындағың келмейді. Орманды алауыма орайым деген ниетім болған жоқ. Сен ашуға алдырған соң өлмеудің амалын жасадым, өмірімді қорғадым. Егер сен килікпегенде бұл орман жайқалып тұрар еді. Одан да сен еңсеңді көтер, орманды суар, күш алсын, — деді.

 

Дұрыс айтасың, — деген Су Оттың бетіне қарауға шыдай алмай Орманды жағалап ағып бара жатты. Суға қарап тұрған Оттың құлағы Су айтқан мына сөзді естіген еді. «От досым, мен ағаттық жасадым. Егер сен болмасаң Адамзат қалай жылынар еді. Әрбір үйге нұр шашып, жылу ұялатасың.Мен пақыр күнәмді өтеп, мына жайқалған орманды қайта алпына келтіремін. Мені кешіріңдер» Су сөзі бара – бара көмескеленіп, мүлдем естілмей кетті. — Су бар жерде ну бар. Әлі – ақ бәрі қалпына келеді. Екеуміз де Адамзатқа керекпіз. Ауызбірлікте болайық.Енді қателік жасап алудан сақтанайық. Сен сол арнаңды асырмай, болмаса кемімей тыныш аққан күйіңде қал. Ал, мен дүрілдеп – дүркіремей күшімді шақтап жұмсауға уәде беремін, — деп сыбырлады. От сөзін жел қағып алып Суға жеткізді.Содан бері Су күш – қуаты бойына сыймаған күні әлемді кеудесіне баспай тарам – тарамдарға бөлініп, кетуге тырысып келеді. Ал От күшін Орман ағаштарының өзі алауына ораған, жас өмірін қиып түскен қиындыларына бөліп берді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.