Шалқан

Молдакулова Молдир

Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.

Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой – қиялын дамыту.

Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.

Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.

Түрі: Көрініс, ертегі

Алғы сөз:

Құрметті әріптестер және балалар! бүгінгі біздің балабақшамызда өткелі отырған «Ертегілер елінде» атты апталығымызда «Естиярлар» тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.

Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:

1.Қиял –ғажайып ертегісі.

2.Шыншыл ертегі.

3.Жан – жануарлар туралы ертегі.

4.Тұрмыс –салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс – салт туралы ертегі екен.

«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар.

Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Естиярлар» тобының балаларының сахналағанын көріп – тамашалауды ұсынамын.

«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.

Ролдерде ойнағандар:

1. Автор: Аманкелді Айқын

2. Автор: Мақсат Кәусар

3. Шалқан: Мендеш Диана

4. Атай: Зорбай Мұңайтпасқожа

5. Әжей: Шыңғысхан Фаиза

6. Немере қызы: Темірбек Гүлдария

7. Күшік: Күбірбай Арайлым

8. Мысық: Бақыт Бекарыс

9. Тышқан: Досболұлы Қаршыға

Автор: Аманкелді Айқын:

Баяғыда бір үйде,

Шал мен кемпір болыпты.

Тірліктеріне өмірде,

Көңілдері толыпты.

Бір күні шал аулаға,

Шалқан дәнін егіпті.

Шалқан қашан піскенше,

Маңдай терін төгіпті

Шалқан әбден піскесін,

Шал келеді жұлуға.

Арлы – берлі тартқылап,

Жұла алмасын біледі.

Шақырады көмекке,

Үйде жүрген кемпірін.

Екеуі жұлып ала алмай

Шаршап қалды ентігіп,

Шақырады тағы да,

Немересін үйдегі

Үшеулеп жүріп тартса да

Шықпайды шалқан түйнегі

Үшеуі жүріп ойланып,

Шақырады күшігін,

Жабылғанмен қолға алып.

Жетпестерін білді күшінінң.

Автор: Мақсат Кәусар

Төртеуі тартып ары – бері,

Шаршады, әбден терледі.

Мысығы келді көмекке,

Онда да әлдері келмеді.

Не істеу керек деп,

Отырып бәрі ойланды.

Көмекке енді келетін,

Үйде енді кім қалды.

Үйлерінде тышқаннан,

Басқа ешкім жоқ еді.

Шақырғасын тышқанды,

Көмекке ол да келеді.

Шалы барып шалқанның,

Сабағынан ұстайды,

Бір – біріне жалғасып,

Күштерін жиып нықтайды.

Жабылып бәрі тартады,

Күштері енді артады,

Бірлесіп тартып қалады,

Шалқанды жұлып алады.

Бірге:

Көрдіңдер ме, балалар,

Ауызбіршіліктің не екенін.

«Жұмыла көтерсе жүк жеңіл».

Мақсатыңа жетерсің.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *