Мен – тәрбиешімін (эссе)

Курикова  Айгуль Насиретдиновна

Тәрбие-деген сөздің түп тамыры,ұлағат,өнеге сөздерімен тамырлас.

Дана халқымыз тәрбиені тал бесіктен,тіпті ана құрсағында жатқан кезде бастаған дұрыс дейді.

Әрбір ана өз құрсағындағы сәбиіне өзінің тегі мен қанын ғана емес, өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерін де береді.

Ал, сондай қасиетті аналардан дүниеге келетін сәбилер өсе келе, алған тәрбиесіне,қоршаған ортаның ықпалына қарай өмір атты өзеннің сан түрлі саласымен ағатыны белгілі. Осынау ақ пен қара, жақсылық пен жамандық,зорлық пен зомбылық,байлық пен кедейлік,мансапқорлық тайталасып тұрған кезеңде,алдымыздағы көздері жәудіреген балапандарымызды тек қана жақсылыққа,адалдыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу,адамгершілік қағидаларын бойларына  сіңіріп,ойларын дамыту біздің міндетіміз.

Балабақша жасындағы бүлдіршіндерді көбіне ертегі арқылы тәрбиелейміз. Оларда үнемі жамандықты жақсылық жеңеді.

Мен кейде ойланамын, біз алдымыздағы бүлдіршіндерді тек қана шындықты айту арқылы тәрбиелегеніміз дұрыс деп, өйткені өмірде үнемі ертегідегідей бола бермейді.

Заманауи ақпарат құралдары барлық жаңалықты бала санасының дамуымен есептеспей, ақ-қарасын айырмай, үстемелетіп жеткізіп жатады.

Біз , шындықты айту арқылы бала бойында осындай мол ақпараттан өзіне керегін ғана қабылдайтындай «иммунитеті»  (қорғаныш күші) жоғары бала тәрбиелеуіміз керек деп ойлаймын.

Сондықтан , менің көзқарасым, алдымызда отырған кішкентай ғана сәби болса да, ойната отырып, ертегі оқи отырып, шындықты ашып айту арқылы тәрбиелеу.

Сіз қалай ойлайсыз , әріптес ?.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.