«Біз еңбекқор достармыз» психологиялық тренинг

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту.

Балаларды бір-бірін сыйлауға, тыңдауға үйрету,

бір-біріне жаны ашып көмектесуге бойына жақсы

қасиеттерді сіңіруге көмектесу

Бірлесе жұмыс жасай алуға үйрету. Балалардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Ұжыммен еңбек етуге тәрбиелеу;

 

Қажетті құрал-жабдықтар: Ыдыстағы қара топырақ, су құйғыш, қопсыту құралы, бөлме гулдері, гүлдердің суреттері, жүрекше.

Шаттық шеңбері:

Психолог: Сәлеметсіздер ме балалар? Амансыңдар ма достарым!
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Шеңбер арқылы сәлемдесеміз.
Күн шуағын жинаймын,

Жостарыма сыйлаймын.

Күн жылуын аямасын,

Шуағымен аяласын.

Достық деген бәйтеректі,

Барлық бала саяласын.

Достар туралы түсінік беру.
Достар бір-бірімен тату болуы керек. Әрдайым табиғатқа достарымызбен бірге қамқорлық жасауымыз қажет. Дос ақылшы, сырлас, жақын, адал, қайырымды, мейірімді, адал болуы керек. Осы қасиеттер бойларыңнан табыла білгенде ғана достықтың өмірі ұзақ болады. Достық амал дос, адал дос болып бөлінеді. Амал дос-алдамшы дос, басыңа іс түскенде сатып кетеді, адал дос- әр кезде қасыңнан табылады.

Өздерінің үйдегі, топтағы достары туралы ой-пікірлерін сұрау.

 

 «Достық» сөзіне ассоциация құру.

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту.

 

Достық гүлі

Балалар: — Көктемде жер жыртады, егін, бау – бақша егеді.
— Ағаштар бүршік жарып, гүлдер, шөптер шығады.
— Көбелектер, аралар, шегірткелер ұйқыдан оянып гүлден – гүлге қонып хош иісімен, тозаңдарымен қоректенеді.
— Қар астынан ең алғашқы болып бәйшешек шығады.
— Көктемде қызғалдақ, бәйшешек, бақ — бақ, жауқазын, т. б. гүлдер өседі.
Психолог: — Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл гүлдер дала гүлдеріне жатады. Дала гүлдерінен сабын, сусабын, денеге арналған майлар, әтірлер әртүрлі заттар жасалынады. Дала гүлдері туралы кім қандай тақпақ біледі?

1 — ші бала: Бәйшешектен білеміз,
Көктем келіп қалғанын.
Мәз боламыз, күлеміз,
Көрсек гүлін жарғанын.

2 — ші бала: Алғаш рет күркіреп,
Ағыл – тегіл жауса күн.
Қырға шығар дүркіреп,
Көктем басы – жауқазын.

3 — ші бала: Үлбіреген бақбақ,
Үлпілдеген аппақ.
Уф! – десем, бақбақ,
Ұшасың ғой қаптап.

 

Балалар бақ-бақ гүлін құрастырады.

 

Тәжірибелік кезең
«Гүл отырғызайық»

Ғажайып сәт. Бағбаншы қонаққа көмек сұрап келеді. Балалар түймедақ гүлін егуге көмектеседі.
Балаларға топырақ салынған ыдысқа гүл отырғызуды ұсынамын.
Ең алдымен бізге гүл отырғызатын ыдыс қажет болады. Ыдысты алып ішіне жай ғана даладағы топырақ емес,арнайы құналы тыңайтылған топырақтар болады. Оларды арнайы гүл сатылатын дүкендерден алуға болады. Міне сондай топырақты саламыз.
. топырақтың ортасын таяқшамен қазамыз;
. гүлддің тамырын ішіне қондырамыз;
. түбін топырақпен жабамыз;
. су құямыз;
Балалар гүлдерді үнемі күтіп баптап тұру қажет.Егерде біз күнде тамақ тамақ ішпесек не болады?

Дұрыс айтасыңдар әлсізденіп ауырып қаламыз.Сол сияқты гүлдерге де су құйып күту қажет.Гүлдер өздерін мақтағанды,әдемі сөздер айтқанды жақсы көреді.

 

Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Дұрыс таптыңдар жарайсыңдар балалар.Гүлдер өмірдің сәні,табиғаттың көркі. Гүлдерге қарасақ бізге олар қуаныш сыйлайды,көңіліміз көтеріледі.Олардың көптеген түрлері бар.Далада өсетін гүлдер. Көктем мезгілі келгенде ең алдымен бәйшешек гүлі шығады,
Далада,қырларда қызғалдақ гүлдерімен әдемі болып кетеді. Ал мерекелерде, туған күн кештерінде сыйлайтын раушан гүлінің түсі қызыл,хош иісті болып келеді. Раушан гүлі ең әдемі гүл. Қараңдаршы біздің топта гүлдердің бірнеше түрлері бар, олар біздің тобымызға көрік беріп тұр. Бірақ олар көрік бере қоймай, ауаны да тазартып тұрады екен.
Ал енді мынау алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ қолымызға кірмейді.алоэнің емдік қасиеті бар. Мысалы жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ жапырағынан кесіп алып жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылып кетеді екен. Міне гүлдердің дәрілік қасиеті де бар екен.
Енді гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Тамыры- сабағы-жапырағы-гүлі.
— Сендер тобымызда әдемі гүлдер көп өскенін қалайсыңдар ма?
— Гүлдің қалай өсетінін білгілерің келе ме?

Сергіту сәті
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

Ойын. «Менің досым»

Тәрбиеші: Балалар, сендерді ойын ойнауға шақырамын. Мен бір балаға доп лақтырамын да, «Сенің досың қандай?» деп сұраймын. Сендер допты маған қайта лақтырып, достарынның қандай екенін айтасыңдар?
Балалар:

Менің досым ренжітпейді
Менің досым алдамайды.
Мен досыммен бірге ойнаймын.
Достар тату, мейірімді болады.
Достар бір-біріне көмектеседі.

Мен досыма ойыншығымды беремін

Мен досыммен бірігіп жұмыс жасаймын.

Ғажайып сөздер.
Жүректен — жүрекке.

Психолог балаларға шеңбер жасайды. Бір — біріне тілектерін айтады. Өз достарының қандай екенін айтып шығады.
Менің досым батыр болса деймін.
Менің досым әдемі өтірік айтпаса екен деймін.
Менің досым әдемі қыз болсын.
Менің досым суретші болса екен деймін.
Менің досым мұғалім болғысы келеді.

Қорытындылау
Психолог: Бүгін біз достар туралы әңгімелестік. Достарымыз үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін үйрендік. Достар бір — біріне көмектеседі. Достарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір — бірлеріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
Психолог; Балалар достар қандай болу керек?
Балалар: Адал, тату, мейірімді, қамқор.
Балабақшада бір — бірімізбен доспыз. Ренжітпейміз. Бірге ойнаймыз.
Балалар сендерге бүгінгі жасаған жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Ал ендеше ойын ойнаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *