Ғарыш әлеміне саяхат

 

«Ғарыш әлеміне саяхат»

Мақсаты: Ғарыш,ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейту.
Сөздік қорларын молайту.Ой-өрістерін, көріп білу қабілеттерін дамыту.Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу рәсімі.
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар,
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз.
Қайырлы таң,
Қонақтар.

Ой туғызу: Балалар сендер бүгін мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер.
Сендер «мереке»деген сөзді қалай түсінесіңдер?
(Балалардың жауабы) «Мереке» деп барлық адамдар әдемі киініп,ойын- сауық өткізеді,соны мереке деп атаймыз.

Тәрбиеші: Осы қыс мезгілінің бірінші айы қалай аталады?
Балалар: Желтоқсан айы деп аталады.
Тәрбиеші:-Дұрыс айтасыңдар, балалар .Ал осы желтоқсан айында біз қандай мерекені тойлаймыз?
Балалар: Жаңа жыл мерекесін тойлаймыз.
Тәрбиеші: -Балалар, кәне бәріміз осы қыс мезгілінің ерекшеліктерін еске түсіре отырып,жаттаған тақпақтарымызды айтып көрсек қалай болады?

Балалардың тақпағы:
Айым:Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау,қарлы шың.
М.Амина:Жасыл шырша қош келіпсің,
Сені аңсап жүрдік біз.
Өзіңменен жаңа жылды,
Бір күтуге келдік біз.
Айдана: Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар, балалар,міне қыс мезгілі өзінің осындай керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.
Ал,балалар қыстан кейін қай мезгіл келеді?
Балалар: Көктем мезгілі келеді.
Тәрбиеші: Сол көктем мезгілінде – ғарышкерлер мерекесі болады.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғаламдар бар.
Біз жер ғаламында өмір сүреміз.
Қай ғаламда өмір сүреміз?
Балалар: Жер ғаламында өмір сүреміз.
Тәрбиеші:-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
Балалар: -Ұшақ, тікұшақ,зымыран.
Тәрбиеші: сендер, осы әуе көліктерінің орысша атауын бірге үйренейік
Ұшақ-Самолет
Тікұшақ-Вертолет
Зымыран-Ракета.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар
Иә, ғарышкерағаларымыз ғарышқа зымыранменұшады.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлеріде ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ
Ғарышкерлері-ТоқтарӘубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары .Олар ержүрек, батыр ,халық қаһармандары.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін, білімді,тәртіпт үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар,шоқ жұлдыздар
бар.
-Аспанда тағы нелер болады,балалар?
-Күн,ай,,бұлттар болады.
Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы киім скафандр киген. Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай
арнайы киіммен ғана жүруге болады.

Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой. Қане есімізге түсірейікші,кім айтады.

Балалалардың тақпағы:
М .Амина:Аспан—,аспан арайым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын,
Мен ғарышкер боламын..

Айдана: Ғалым болам десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам десеңіз,
Шынықтыр денені жасыңнан.
Айым: Бет түзеймін алысқа,
Бағытымнан аумаймын.
Шетсіз-шексіз ғарышқа,
Корабльмен заулаймын,
Қорықпаймын қиыннан,
Бойлап ғарыш сырына
Б.Амина:Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды марста.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой марсқа.
Али: Самғап ұшу аспанда,
Қауіпті де қаталды.
Ерлігі елден асқанда,
Ол ғарышкер атанды.
Алина: Батыр болам
Көк аспанды сүйемін.
Жұлдыздарға барып –келіп жүремін.
Диана : Мен аспанға қараймын,
Мен ғарышкер боламын.
Ясмина: Шіркін болсам ғарышкер,
Талғат пенен Тоқтардай.

Тәрбиеші: Балалар сендер ғарышқа ұшқыларың келе ме?
Ия ұшқымыз келеді.
Ендеше мына зымыранға қарайықшы .Дене бөлшектері қандай геометриялық пішінлерге ұқсайды?

Төртбұрыш,шаршыға, үшбұрышқа,дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше мына жерде әр- түрлі пішіндер бар.Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне біздің де зымыранымыз дайын болды.

Енді қиялымызға ерік беріп бір сәт бізде ғарышқа саяахаттап қайтайық. Қане ұшуға дайындаламыз,3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан бір үлкен бір ғалам көрінгендей .Қонуға дайындаламыз. 3,2,1.Қондық
Балалар біз таңғажайып табиғат әлеміне келгендейміз. Міне қараңдаршы,бұл ғаламның суы да, талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
Құстың ұясы
Тә, ол төменде жатыр. Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
Суда ұшып жүр.
Иә, бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің жердегідей әр нәрсені өз орнына орналасатырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:

Жарайсыңдар балалар. Қане ұшуды жалғастырайық.
Міне біз тағы ғаламға жақындап қалдық.
Мынау кім балалар?
Тәрбиеші:
Ия,біздер онда роботтар ғаламына келген екенбіз. Қане сәлемдесейік.
Робот:Са-ла-мат-сың-дар-ма,ба-ла-лар –сен-дер қай ға-лам –нан кел-дің-дер?
Балалар: Жер ғаламынан келдік.
Робот: Сен-дер-дің-жер-лер-ің қа-лай деп атал-а-ды?
Балалар:Қазақ жері деп аталады.
Робот:Ия сен-дер-дің ға-лам-дар-ың-нан кел-ген а-дам-дар,о-сы жер-де зерт-теу жұ-мыс-тар-ын жүр-гіз-е-ді. Мен де осы жер-де жұ-мыс істей-мін.Ма-ған тамақ-тың,су-дың,ауа-ның еш қа-же-ті жоқ. Сон-дық-тан сен осы жер-де үне-мі жүр-е-мін. Ал бал-а-лар ме-нің әлі жұ-мы-сым көп,сау бол-ың-дар. Робот кетеді.
Балалар біздің де қайтатын уақытымыз болды.Осында көргенімізді жердегі достарымызға,апайларымызға айтып берейік.Қане ұшуға дайындалалайық. 3,2,1Ұштық. Рефлексия: — Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік?
Кімдер туралы білдік?
Сендерге не ұнады?
Балалардың жауаптарын тыңдап,қорытындылау.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *