Дөңгелек күн
Амирова Маншук.Зинелгабитқызы
Мақсаты: Балаларды дөңгелек пішінмен таныстыру.Қызыл,көк,сары түстермен таныстыруды жалғастыру,ауызекі сөйлесу тілдерін дамыту.Монтессори элементтерін пайдалана отырып,саусақ ұштарының моторикасын дамыту.Ойынға белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әртүрлі түсті шеңберлер (қызыл,көк,сары),дөңгелек пішінге ұқсас заттардың суреті,әр балаға әртүрлі түсті гүлдер жапсырылған тақтайшалар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауаптар.
Ойындық жағдаят.
-Балалар қараңдаршы сендерге қонаққа ит келді,оның есімі Құтжол.Балалар Құтжолменамандасайық.
Балалар итпен амандасып,оны сипалайды.
-Ол өзімен бірге әртүрлі түсті дөңгелектер ала келіпті,бірақ олардың түстерін білмейді екен.
-Қараңдаршы,мынау дөңгелек.
Сөздік жұмыс: дөңгелек.
Балалар қайталайды:дөңгелек.
-Дөңгелектердің түсі қандай?
-Қызыл,көк,сары.
Тәрбиеші дөңгелектің шеттерін саусақпен жүргізіп көрсетеді,олар тегіс бұрыштары жоқ.
Балалар дөңгелектерді қарап,шеттерін саусақтарымен жүргізіп шығады.
-Ал мынадай пішіні дөңгелек не болуы мүмкін?
Тәрбиеші балаларға күннің суретін көрсетіп тақпақ оқиды:
Шықты күнім аспанға
Сондай таза,сәулелі
Жетсе егер қолымыз,
Даярмыз аялап ұстауға.
-Кәне,балалар,күнімізге күліп қол бұлғайық.
-Балалар,қараңдаршы,күннің пішіні қандай?
-Дөңгелек
-Күннің түсі қандай?
-Сары түсті.
Тәрбиеші алма,доп,шардың суреттерін көрсетіп пішінін және түстерін сұрайды.
Балалардың жауаптары:
-Дөңгелек
-Алманың түсі қызыл.
-Балалар,ал гүлдердің ортасы ше?
-Құтжол,сен гүлдерді жақсы көресің бе?
-Ендеше,біздің саған сыйлығымыз бар.
Сергіту сәті:
-Ал енді,балалар,орындықтардың қасына тұра қалыңдар.
«Шалғын гүлдері» дидактикалық ойыны.
Тәрбиеші әртүрлі түсті гүлдер жапсырылған тақтайшаны көрсетіп:
-Балалар қараңдаршы жел соғып,гүлдердің орталарын ұшырып араластырып жіберіпті.Әрбір гүлдің ортасына қақпақты бұрап орналастырамыз.
-Қақпақтың пішіні қандай?
-Сары қақпақты сары гүлге бұраймыз.
Балалар гүлдің түсіндей қақпақты ортасына бұрап орналастырады.
-Қараңдаршы,гүлдеріміз қандай әдемі.
Құтжол, біз саған гүлдерді сыйлыққа тарту етеміз.
Балалар Құтжолмен қоштасады.
Қорытынды:
Жарайсыңдар,балалар!
Гүлдеріміз тамаша болды.