Мен педагогпын

Жуманазарова  Жанагуль  Беркимбаевна

Мен, педагогпын. Бірінші  осы мектепке дейінгі білім беру ұйымына қызметке тұрып «педагог» деген атаққа  ие болғанымда кеудемді үлкен бір қуаныш биледі.  Өйткені  мен кішкентай бүлдіршіндердің тәрбиешісі  атандым.  Тәрбиеші – ол балалардың  анасынан  кейінгі өмір жолындағы алғашқы ұстазы. Осы бүлдіршіндерді тәрбиелеу  мен оқыту менің мамандығым және еңбек   саласындағы өмірлік міндетім —  деп ұғындым.

Балабақшаға  келген соң өзіме бекітіліп берілген топтың алғаш есігін ашып, қылықтары тәтті сәбилерді көргенде есіме ұлы педагог Г.Песталоццидің: «Егер де сүйе білмесең тәрбиелеу құқығың жоқ» деген сөзі  есіме түсті. Әрине кішкентай тәтті қылықты бүлдіршіндерді жақсы көрмеу мүмкін емес, себебі олардың өздеріне қойылған сұрақтарға  өз  ойларымен жеткізіп жауап бергені,  ойын кезіндегі сенің үйреткеніңді қайталағаны бақылау мен үшін ғажап  дүние.

Жылдар жылжып өтіп менің осы  педагогика саласындағы  еңбек  еткеніме де сегіз жылдай болыпты. Әрине балабақшада тәрбиеші қызметін атқару оңай жұмыс емес.  Бірақ мен сонда  да осы мамандықты таңдадым және  мен өзімді осы мамандықтың егесімін – деп санаймын.

Қазіргі заман талабына сай  балабақшадағы оқу процестерінде инновциялық технологияларды қолдана отырып жұмыс жасау барысында, жаңа идеялар ойлап шығармашылық ізденісте болуыңды талап етеді.  Себебі алдыңдағы кішкентай тәрбиеленушілерді қызықтыру, оларға  жаңа нәрсені  үйрету үшін  көптеген күш жігер және өз қолыңмен  жасайтын дидактикалық ойындар,  көрнекі-құралдарды жасауды  қажет етеді.

Себебі бала біткен бәрі де ес білгеннен бастап «білсем, көрсем, естісем, ұстасам, алсам» деп әрекет етуге ұмтылады. Бұл – баланың өзін қоршаған өмірді терең де толық білуге құштарлығы. Бала құмарпаз, әуесқой, тынымсыз зерттеуші. Ұйымдастырылған оқу  қызметтерін ойын түрінде өткізуде сөздік қорын дамытып ауызша сөйлеу машығы игеріледі, таныс белсенділіктері калыптаса түседі.

Сондықтан,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  ойын  іс-әрекетін  белсендіру,  кеңейту  мен  байыту  үшін  мектепке  дейінгі  ұйымда  арнайы  кеңістікті  оңтайландыру  мен  ұйымдастыру  педагогикалық  тәжірибенің  маңызды  міндеті  болып  табылады.   Кез  келген  технология сияқты  педагогикалық  технология  да  білім   алушыға  әсер  ететін  сапалық  өзгерістер  орын  алатын  процесс  болып  табылады.

Осыған орай балабақшадағы тәрбиешілерде жан-жақты болуы  керек – деп  ойлаймын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.