Педагог мамандығыммен мақтанымын

Таңертеңгілік ерте тұрып күнделікті өз жұмысыма келе жатқанда  басымда  көптеген ойлар болады. Ол ойлардың барлығы бүгінгі күні алдымдағы балалармен уақытты қалай және қандай ойындар арқылы қызықты өткізуді ойлап,  сан қилы ойлар  мазалайды.  Өйткені мен мектепке дейінгі білім беру саласының педагогымын. Менің алдымда  кішкентай пәк жүректі «еліміздің  ақылды болашақ ұрпақтары» отыр.

Мен үшін сол алдымда отырған әрбір бала аспандағы жарқыраған жұлдызға тең. Сондықтын да «Әрбір бала бір жұлдыз, жарқырауға  жәрдем ет!» деген дана сөзді өз мақсатым деп білемін.

Балабақша тәрбиешісінің бірінші  міндеті  — өз үйінен балабақшаға келген әрбір балаға өзін еркін сезіну үшін психологиялық жағымды  жағдай жасай білуі керек.  Жағымды жағдай жасаудағы педагогтың маңызды құралдарының бірі – адамгершілік қасиеті, мейрімділігі  және  жылы сөзбен баулы. Әрине жас ұрпақты тәрбиелеу  үшін, тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы  керек. Нағыз  педагог  ол өмір бойы ғылымда,  өнерде  шығармашылық тұрғыда ізденісте болады. Себебі   мектепке дейінгі жастағы  балаларға тәрбие  мен оқыту жұмыстары тек ойын  тұрғысында  өткізіледі. Осы ойындарды ұйымдастыру, құрастыру және жасау барысында  шығармашылық тұрғыдан көптеген  идеялар туындайды.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психалогиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.   Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады.

Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.  Міне   сондықтан мен күнделікті топта  өткізілетін  әрбір  ұйымдастырылған  оқу қызметтеріне, балалармен өткізілетін таза   ауадағы  серуенге,  күннің  екінші жартысында өткізілетін жұмыстарыма жан-жақты дайындалып, үнемі  ізденісте боламын.

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын байқалады. Ойын кезіндегі баланың психалогиялық ерекшеліктері мыналар: олар ойланады, эмоциялық әсерге ұшырайды, белсенділігі артады ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Мен кішкентай балаларды  ойната отырып тәрбие мен оқытудағы таңдаған балабақша тәрбиешісі — мамандығымды жақсы көремін, өйткені балалармен өсіп, жетіліп олармен бірге бақытты балалық шақты бастан кешемін. Менің нақты білерім мен дұрыс тандау жасадым.

 

 

 

 Байжигитова Алия Жапбаровна

Тәрбиеші

Қызылорда облысы

№32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақшасы КММ

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.