1,2,3,4 сандары туралы өткенді пысықтау. Логикалық есептер шығаруға жаттықтыру
Сдихова Айша Жеткеншековна
Мақсаты: 1.Білімділік: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау, үшбұрыш , тіктөртбұрыш сынды геометриялық фигураларды ажырата білуге үйрету.
2.Дамытушылық. 1 , 2 , 3, 4 цифрларың заттың санымен сәйкестендіруді ары қарай жалғастыру.
3.Тәрбиелік:Балаларды шапшаңдылыққа ұжымдылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрсету,ойын технологиясы
Сабақ барысы.
- Шаттық шеңбері:
Біз ба лдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан.
Тілейміз біз тыныштық,
Ашық болсын көк аспан.
Мықты болсын іргеміз
Бәрімізде біргеміз.
2.Балаларды 4 орталыққа бөліп отырғызу.
1 орталық-көлем тақырыбы .
2 орталық-геометриялық пішіндер.
3 орталық-уақыт тақырыбы.
4 орталық-кеңістікті бағдарлау.
4 орталыққа тапсырмалар беріледі.
3.1,2,3,4 ке дейін тура және кері санау .Балаларға үйрету және санату.Мысалдар келтіру.
4.Логикалық сұрақтар.
1.Қолда қанша саусақ бар?
2.Машинаның неше дөңгелегі бар?
3.Қоянның неше құлағы бар?
4.Сиырдың неше құлағы бар?
5.Бағдаршамның нше көзі бар?
6.Піл үлкен бе,тышқан үлкен бе?
7.Қоян жүйрік пе,тасбақа жүйрік пе?
8.Аспанда қанша жұлдыз бар?
9.Аспанда күн нешеу,ай нешеу?
10.Тау үлкен бе,тас үлкенбе?
5.Сергіту-Санамақ.
Бір дегенім-бесік,
Шықтың содан өсіп.
2 дегенім-елім,
Далам,тауым,көгім.
3 дегенім-үміт.
Үміт артар жігіт.
4 дегенім-төзім.
Төзе білем өзім.
5 дегенім –бақыт.
Бағалайтын уақыт.
6 дегенім-ақыл
Тыңдағаның мақұл.
7 дегенім-жалау.
Жүректегі алау.
8 дегенім-сертің,
Серт беретін кезің.
9 дегенім-тоқтау.
Елдің жоғын жоқтау.
10 дегенім-Отан.
Қорға соны ботам.
6.4топқа арналған дидактикалық ойындар.
А) Тапсырманы орында.
Мақсаты:үлкен және кіші заттарды ажыратуға үйрету.
Шарты:Бір.баланы ортаға шақырып оң қолына үлкен ойыншық,сол қолына кішкентай ойыншық ал деп тапсырма беріледі.Ойын осылай жалғаса береді.
Ә) Қандай пішін шықты ?
Мақсаты:Таяқшалардан таныс пішіндер құрастыру.
Шарты:Балаларға таяқша таратып беріп геометриялық пішіндерді құрастыруды ұсыну
Б)Қандай мезгіл?Қай уақыт?
Мақсаты.Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:Балаларға тәулік мезгілдері жыл мезгілдері туралы суреттер беріп ажыратуды үйрету.
В)Не қайда?
Мақсаты:Кеңістікті бағдарлауды үйрету.
Шарты:Слайд бойынша сұрақтар қою.
Жоғарыда не бар?
Қыздың жанында не бар? Т.б
7.Қортындылау.