Тапқылықпен қасқырды алдау
Қарамалаева Гүлжанна Ниетжанқызы
Мақсаты: Балалардың тапқырлықтары мен ептіліктерін дамыту.Балалардың қозғалу дағдыларын дамыту.Өз күшіне сенімділік сезімін дамыту.Ойын ережесін білу және ойын барысында өзін-өзі басқара білуге үйрету.Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.
Көрнекілігі: тіктөртбұрыштар,туннель,тастар,құм қапшықтар,қорап, дөңгелектер, доптар.
Әуенмен балалар қозылар болып залға кіреді.
Шеңбермен аяқ ұшымен,өкшемен жүреді.
Қол тізеде кішкентай болып жүреді.Ат қимылын көрсету.Қоян қимылын көрсету. Бақа қимылын көрсету.
Еңбектеу, жорғалау, қырықаяқша жүруді көрсету.
Құстардың ұшуын,ұшақтың ұшуын көрсету.
Аяқты жоғары артқа көтеріп жүгіру.
Жұптасып жүру.
Тыныс алу жаттығулары.
Таяқшаны алып екі қатарға тұрады.
Негізгі бөлім жаттығулары:
Таяқшаны қолға ұстап орындалатын жаттығулар-алға созу,жоғары көтеру, төмен түсіру.
Таяқшаны кеуде тұсында ұстап оңға бұрылу,оң қолды бір жаққа созу, солға бұрылу, сол қолды бір жаққа созу.
Төменге иілу, таяқшаны жерге тигізу.Таяқшаны қойып алға-артқа секіру.
Тыныс алу жаттығулары.
Шеңбермен жүріп таяқшаны орнына қою.
Қасқыр кіріп келеді. Барлығы қорқытады.
Қасқыр: Менің қарным аш,қазір барлығыңды жеп қоямын.Апырмай, мына топ қозыларды мен көптен көрген жоқпын.Қандай керемет!!! Қазір мен сендерді жеймін-деп қарнын сипалайды.
Жүргізуші:Қасеке, біздің қозыларды жеме.Сен біздің қозыларымыздың қандай қиын жаттығулар жасай алатынын көрген келе ме? Сен ондай жаттығуларды орманда жүріп жасап көрмеген боларсын?
Қасқыр:Неге неге мен жасай алмаймын? Мен бәрін істей аламын. Жаттығу жасау деген не болыпты.
Жүргізуші:Ендеше қасеке,қиын кедергілерден секіріп,жүгіре аласың ба?
Қасқыр: Әрине,кім айтты менің қолымнан ештеңе келмейді деп.
Қане,қозылар, жол ашыңдар,мен бастайын. Мен сендерге қарағанда мықтымын ғой.
Жүргізуші: Бастасақ,бастайық! Алдымен, тіктөртбұрыштардан жыланша жүріп, аттап секіріп келу.
Қасқыр:Туу,бұл оп-оңай тапсырма ғой.
Жүргізуші: Келесі тапсырма,туннельден өтіп, тастан секіріп, құм қапшықты қорапқа лақтырып, ізбен жүріп кедергілерден аттап секіріп келу.
Қасқыр:Уф,ах шаршадым! Мына қозылар кіп-кішкентай болып шаршамайды екен! Тіпті менен асып кетті мыналар!
Ойын: «Қасқыр мен қозылар»
Қозылар ортада ойнап жүреді.Тәрбиеші қозылардаң сұрайды.
Қозылар,қозылар қарыңдарын ашты ма?
Қозылар иә деп жауап береді.
Жем берейін сендерге,жейсіңдер ме?
Қозылар иә деп жауап береді.
Келіңдер, келіңдер жүгіріп,
Қозылар:келе алмаймыз қасқырдан қорқамыз деп қаша жөнеледі.
Қасқыр қозыларды қуады, ұсталған бала ойынан шығады.
Ойын 2-3рет қайталанады
Қорытындылау.
Мадақтау.