«Сиқырлы бояу патшалығы»

Актубекова   Базаркуль                                                                                            Дусмагамбетова  Камшат                                                                                        Жанғон  Анар                                                                                                                  Тасжанова  Улжалгас

ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»

АҚ «ӨРЛЕУ»  БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ»

ФИЛИАЛ АО «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ «ӨРЛЕУ» ИНСТИТУТ ПОВЫШЕНИЯ КВАЛИФИКАЦИИ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ РАБОТНИКОВ ПО КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АКТУБЕКОВА  БАЗАРКУЛЬ  НУРМУКАНОВНА

ДУСМАГАМБЕТОВА  КАМШАТ МАКЖАНОВНА

ЖАНҒОН АНАР СЕЙТХАНҚЫЗЫ

ТАСЖАНОВА УЛЖАЛГАС ДУЗБАЕВНА

 

«Сиқырлы бояу патшалығы»

оқу-әдістемелік кешені

(дәстүрден тыс әдістер  арқылы 5-6 жасар балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

УДК

ББК

 

Рецензенттер:

Г.К. Журсиналина А.Байтұрсынов атындағы ҚРУ, тіл және әдебиет теориясы кафедрасы, ф.ғ. к..

Г.А.Дильдибекова «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ білім беру үрдісінің психологиялық -педагогикалық қолдау кафедрасының тренері, аға оқытушысы, магистр

 

 

ISBN

 

 

Актубекова Б.Н..

Дусмагамбетова К.М..

Жанғон А.С..

Тасжанова У.Д..

«Сиқырлы бояу патшалығы» оқу-әдістемелік кешені (дәстүрден тыс әдістер  арқылы 5-6 жасар балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту)., Құраст.: Б.Н. Актубекова, К.М. Дусмагамбетова, А.С. Жанғон, У.Д. Тасжанова,  Қостанай қаласы әкімдігінің  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 61 бөбекжай- бақшасы» МКҚК тәрбиешілері

 

 

«Сиқырлы бояу патшалығы» (дәстүрден тыс әдістер  арқылы 5-6 жасар балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту) оқу әдістемелік кешенінің бағдарламасындағы мақсаттарын жүзеге асыру арқылы тірбиеші балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамытады, әлем құбылыстарын таңдауға, талдауға үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады.

 

 

УДК

ББК

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының Эксперттік кеңесінің шешімімен   25.10.2020 ж.бекітілді және басылымға ұсынылды, хаттама  № 10.

 

ISBN

© Актубекова  Б.Н.. 2020

© Дусмагамбетова К.М.. 2020.

© Жанғон А.С.. 2020

© Тасжанова У.Д..2020

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ:

  1. Түсініктеме хат…………………………………………………………………….3-7
  2. Бағдарлама …………………………………………………………………………8-10
  3. Перспективалық жоспар……………………………………………………..11-18
  4. Балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар;………………………………………..19-21
  5. Рефлексиялық қызметтің сабақ барысында

 ұйымдастыру;………………………………………………………………………22-24

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;………………………………………..25
  2. Қосымша материалдар

— ҰОҚ конпектілерінің жинағы

— Сабақтарды ұйымдастыруға арналған презентациялары бар электрондық диск.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсініктеме хат

 

«Тәрбиешінің міндеті – балада өнердің

қандай түріне ынта бар екенін ауып,

сол ынтасын, сол түр туғызатын      сұлулық                                                                            сезімдерін өркендету»                                                                                                                            Мағжан Жұмабаев

 

 

«Сиқырлы бояу патшалығы» оқу-әдістемелік кешені дәстүрден тыс әдістер  арқылы 4-5 жасар балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемелекеттік жалпыға міндетті стандартында 5-6 жасар ересек және мекткпке даярлық топтарына «Шығармашылық» білім беру саласы бойынша баланың танымдық, шығармашылық қабілеттерін анықтауға біршама мақсаттар қойылған:  мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілеттердің, ойлау мен қиялдың қалыптасуына, эстетикалық талғамы мен эмоцияналды-сезімдік саласының, ішкі жан дүниесін көркемдік формада жеткізе білуге деген ұмтылысын дамыту. Сонымен, балалардың бейнелеу өнеріндегі шығармашылығын дамыту әрекеті оқу мен тәрбие үрдісі өзара тығыз байланысты жүргізілгенде ғана жүзеге асады.  Бейнелеу өнері балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамыту үрдісін белгілі жүйеде көрсетеді. Сурет салу әрекеті үрдісінде балалар бірқатар іскерліктер мен дағдыларды меңгереді, заттар мен қоршаған әлем құбылысын талдауға үйренеді.
Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Мектепке дейінгі кезеңнен шығармашыл тұлғаны қалыптастыруда бейнелеу өнері әрекетінің орны ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалардың ең сүйікті әрекеттері сурет салу, мүсіндеу, жапсыру кезінде заттар мен құбылыстар туралы түсінігі қалыптасып, көркемдеп бейнелеуге және өзінің сол затқа қатынасын жаңа оймен бере білуге дағдыланады. Мектепке дейінгі кезеңдегі шығармашылық қабілеттің дамуы мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салу өнерінде пішін және бояуды сәйкестендірудің басқа жолын іздеуі. Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоциональды көңіл-күй туғызады. Сондықтан балабақшада баланың басты әрекеті ретінде сурет салу өнерін енгізген маңызды болып саналады. Бала сурет сала, қия және желімдей келе, бірінші кезекте өзі үшін субъективті жаңа бұйымды алады. Бала үшін мұның маңызы зор. Балалар суретшілер тәрізді жасамаса да, мектепке дейінгі кезеңде бірнеше көркем бейнені жасай алады. Осының өзі оның жеке болашақта пайдалана алатындай болады.

Осы оқу әдістемелік кешенінің бағдарламасындағы мақсаттарын жүзеге асыру арқылы тірбиеші балалардың эстетикалық сезімін, көркемдік талғамын оятып, шығармашылық қиялын дамытады, әлем құбылыстарын таңдауға, талдауға үйретеді. Сабақтар құрлысына қойылатын негізгі талап — әр бала өзін жеке  шығармашыл тұлға ретінде сезініп, бірлескен әрекет пен қарым -қатынастан қанағат сезіміне ие болуы тиіс. Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын артыруда, бейнелерге қызықты да әдеттен тыс сипат беруге үйретуде, сурет салудың дәстүрден практикалық әдістері және жіп графикасы, картоп бастырмасы, саусақпен, далаппен, үрлеу арқылы сурет салу, ТРИЗ технологиясының түрлері, сабақ үлгілері  енгізілді.

Бейнелеу өнерінің бұл әдістерін енгізу барысында балалар өздері ойланып, өздерін шығармашыл ретінде сезінетіндіктен, өз қабілеттерін көрсетуге толық мүмкіндік ала отырып, өз жұмыстарының нәтижесін көріп, қол жеткізген жетістіктерін сезеді. Балалар жауапкершілікке, өзара көмекке, өзіне және құрдастарына деген сенімділікке, сергектік қатынасқа тәрбиеленеді.

Қоғамда айналамыздағы ортада  болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны  әрі  айрықша шешім қабылдай  алатын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық дарындылығын дамыту және оны тәрбиелеу — бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Балалар дарындылығының табиғаты шығармашылық қабілеті дамуының қайнар көзі,  шығармашылық мүмкіншіліктерінің психологиялық құрлымының барлығы арнайы ізденісті қажет ететін мәселелер.

Шығармашылық дарындылықтың өз табиғатына тән ерекшеліктері болады. Ғалымдар дарындылықтың туа біткен, сондай-ақ жүре пайда болатын сипаты жөніндегі көзқарасты қуаттайды. Қоршаған ортаның, тәрбиенің және дамудың әсері нәтижесінде дарындылық сипаты айқын  көрінеді.

Мектеп жасына дейінгі  бала психикасының қалыптасуы мен дамуы  оның есейген шағымен салыстырғанда шапшаң жүреді.  Балалық шақтың  осы таңғажайып мүмкіншіліктері мидың, белгілі бір жүйке  құрлымдарының толысып, пісіп-жетілуіне және олардың функционалдық қасиеттеріне байланысты.

Бұдан шығатын қортынды: мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты қасиеттер оның шығармашылық қабілеті дамуының негізін қалайтын жағдайларды тудырады. Шығармашылық дарындылықты қалыптастырып, дамыту үшін балалық шақта қызықты жайыттардың болуы, құмарлықты, ынтаны, қиялды дамыту қажет, себебі тек сонда ғана мектепке дейінгі балалардың шығармашылық әрекетінің мәнін анықтауға болады.

Жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығын дамыту барысындағы бейнелеу өнерінің ТРИЗ  техналогиясының пайдасы өте зор.

Мектепалды даярлық тобынан бастап, ТРИЗ техналогиясы шығармашылық ойлауға, практикалық әрекеттерге дайын болуға, оқушыларды ойлауға жетелеп, қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға белсенділікке ынталандырады. Сонымен қатар ТРИЗ техналогиясы шығармашылық, тапқырлық, қиял, тыңдай алу, сынай білу, мәселені қоя және шеше білу, өзгерістерді қабылдап, тудыра білу қабілеттерін өз беттерінше іздеуге зор әсерін тигізеді.

 

«Сиқырлы бояу патшалығы» оқу-әдістемелік кешенінің бірнеше  өзектілігі бар:

— Бірінші, бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру- жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Қазіргі заманның маңыздылығы адамның жеке қызығушылықтарының тұрақты өсуі болып отыр. Балада жағымды сезімдерді қалыптастыруға, болмашы жетістіктерін мадақтауға мүмкіндік береді. Бала бойындағы жақсы, жағымды қасиеттерді анықтап, баланың мінез-құлықтын жаңа тәсілдерін меңгеруге, іштей қанағаттануға, қуаныш сезімдеріне бөленуіне көмектеседі.

— Екінші: дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

 

 

«Сиқырлы бояу патшалығы» оқу-әдістемелік кешенінің негізгі мақсаты: дәстүрден тыс үрдістер арқылы балалардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін арттыру.

Міндеттері:

  • Дәстүрден тыс бейнелеу түрлерімен таныстыра отырып қызығушылықтарын арттыру
  • Бейнелеу өнері туралы түсініктерін кеңейту
  • Өзіндік әрекет арқылы танымдық қабілеттерін дамыту
  • Алған біліктілік, іскерлігін өз бетінше жұмыс барысында қолдануғадағдыландыру.
  • Әсемдікке, сұлулыққа баулу.

 

«Сиқырлы бояу патшалығы» оқу-әдістемелік кешенінің құрамына:

— бағдарлама;

— перспективтік жоспар;

-ҰОҚ конпектілерінің жинағы;

— балаларды сурет салудың дәстүрлі емес әдістерімен оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар

— қосымша материалдар;

— сабақтарды ұйымдастыруға арналған презентациялары бар электрондық диск.

 

 

Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. Оны мектепке дейін дамыту тиімді. В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан, шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».

 

Әріптестер! Балаларды көрнекі материалдармен тәжірибе жасауға шақырыңыз. Композициялар, суреттер ойлап тауып, жасаңыз.

Балалардың шығармашылық табыстарын көтермелейік және қолдайық!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

БАҒДАРЛАМА

 

 

Балаларды елестету және қоршаған заттарға қарап дәстүрлі емес әдістерімен өздеріне тән ерекшеліктерін сақтай отырып сурет салуға үйрету.

Пішіндер туралы білімдеріне сүйене отырып, негізгі пішінін, заттар мен олардың бөліктерінің үйлесімділігін нақты көрсетіп, әртүрлі материалдарды қолдану арқылы бөліктердің салыстырмалы көлемі мен орналасуына, түстер туралы біліміне сүйене отырып, өз талғамымен түстерді таңдап сурет салу техникаларын жетілдіру.

Бірнеше біртекті заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін жіптер, мақта таяқшалары, сурет салуға арналған қылқаламдар, тушь, картоптан жасалған таңбалар, балауыз, сабын, т.б. материалдармен, сонын ішінде бояуға батырыпп саусақтарымен сурет салумен бояуға және дымқыл қағазга сурет салуды жеткізе білу іскерліктерін қалыптастыру.

Балаларды суретке қарап салуға және елестете отырып кей біржануарлардың, балықтардың, адамдардың және ойыншықтардың т.б.,суретін салуға үйрету.

Бояудың қажетті қоюлығын алу үшін, акварель бояуын және гуашты сумен араластыра білуін дамыту, тушьпен сурет салуды; қағаздың ортасын, бұрыштарын, жоғарғы, төменгі, оң және сол жақтарын ажыратуға үйрету.

Сюжеттік сурет салуда бейнелерді бүкіл параққа, бір сызықтың бойына, жалпақ жолақшаға орналастыру біліктерін қалыптастыру. Бейнені айқындау құралдарын, ересектердің еңбегін, қоғамдағы оқиғаларды қолдана отырып, балаларды табиғаттан алған әсерлерін көрсете  білуге үйрету. Ертегі желісі бойынша сурет салу. Бір мазмұнға біріктіре отырып, бірнеше заттардың суреттерін бейнелей білуге үйрету.

Композиция мен түс сияқты экспрессивтілік құралдарын түсінуге және бөлуге үйрету.

Өнер туындыларында қоршаған әлемнің әсерлерін көрсетуге үйрету.

 

Жартылай құрғақ қылқаламмен түрту. Гуашьқа қылқаламды малып, қағазға оны тігінен соғуға және жұмыс барысында қылқаламды суға малмауға уйрету.

          Саусақтармен сурет салу. Саусағын гуашьқа малып, қағазға дақтар мен нүктелерді салуды немесе әр саусаққа түрлі түсті бояуды жағуға уйрету.Ж

Алақанмен сурет салу. Гуашьқа алақанын малып (толық алақанын) немесе қылқалам арқылы алақанын бояп, содан соң қағазға алақанын бастыруға уйрету.

            Қағазды домалату. Қағазды қолымен жұмсақ болғанша умаждап, содан кейін одан доңгелек жасауға, дөңгелекті желімге малып қатты қағазға жапсыруға уйрету.

Балауыз борлар+акварель. Ақ қағазға балауыз борлармен сурет салуды уйрету, содан соң акварель бояуымен бір немесе бірнеше түспен суретті бояу, ал енді балауыз бордың ізі боялмауына уйрету.

Шырақ+ акварель. Шырақпен қағазға сурет салуды, содан соң қағаздың бетін бір немесе бірнеше түспен бояу және шырақпен салынған сурет боялмай ақ түсті болып қалуын қалыптастыру.

Затты монотипия. Қағазды екіге бүктеп, бір бөлігіне суреттің жартысын   (симметриялық суреттер таңдалады)салуына уйрету. Сурет салынып болғасын бояуы кеппей тұрып қағазға таңбалану мақсатында оны екіге бүктеп, ашып қараған соң суретті безендіруге уйрету.

Жапырақты таңбалау. Ағаштың жапырақтарын түрлі түстерге бояйу, боялған жағымен қағазға таңбалауға уйрету.

 

Граттаж техникасы. Сиямен майланған қағазды, картонды қаламмен немесе өткір құралмен (тіс шұқығыш, стека, қалам) қарама-қарсы сызықтар мен штрихтарды тырнауға үйрету.

 

Дымқыл парағына сурет салу техникасы. Қағазға поролонмен немесе қылқалам арқылы дымқылдатып ылғалдандырып қана қоймай, сұйықтық аздап сіңгенше күту керектігің қалыптастыру. Түрлі түсті бояуларды жеңіл жанасу арқылы қолданып, дымқыл негізінде сурет салуды, егжей-тегжейлер салу керек болса, онда сурет құрғағанша біраз күтуге керек екенің түсіндіру.

 

Мөр танбасымен сурет салу техникасы. Мөр көмегімен сурет салуды  жаттықтыру. Белгілі бәр мөрді (картоптен жасалған немесе белгіні) сия тақтасына басып, қағазды басып шығаруға уйрету

 

Күтілетін нәтижелер:

— сурет салуда дәсттүрдең тыс техниканы  қолданады;

— заттарды сипаттау белгілерін және құбылыстарын бөліп алады және және оларды өзінің бейнелеу іс-әрекетінде көрсетеді;

— күрделі емес ойыншықтардың, жануарлар мен адамдардың, балықтардың, ағаштың т.б. суретін салады, сурет салуда адамның қарапайым қимылдарын бере біледі;

— қылқаламмен жұмыс істеу тәсілдерін біледі;

— табиғаттың сұлулығына, киімнің және бөлменің жинақылығына эмоциалы түрде мән береді;

—   бірнеше заттарды бір мазмұнға біріктіре отырып дәстурден тыс техниканы пайдалана отырып бейнелейді;

— ұжымдық жұмыстарды орындайды, өз ойы бойынша сурет салады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ: «Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі:                                                           «Сиқырлы  бояу  патшалығы»

                               Мазмұны  Күні айы
1 Тақырыбы: «Жарқыраған күн»  (алақанмен)  (ұжымдық жұмыс)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:Табиғаттың сұлулығын сезінуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жұмыс жасау барысында балалардың ойлау қабілеттерін , шығармашылығын дамыту.

Күннің бейнесін елестету арқылы, көркемдік қасиетін дамыту.

Оқыту:Алақанмен сурет салу техникасын меңгеріп, күннің бейнесін салу.

   
2 Тақырыбы: «Күнбағыс»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Сурет салу кезінде жұмысты таза ұқыпты  жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қолдың қимыл- қозғалысы арқылы балалардың  шығармашылық қиялдарын, ой-өрісін   дамыту

Оқыту: Сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне шанышқымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,

   
3 Тақырыбы: Қарақат бұтағы

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа   тәрбиелеу

Дамытушылық: Сурет салу кезінде балалардың қызығушылықтарын,  іскерліктерін дамыту.

Оқыту: Дәстүрден тыс әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, мақталы таяқшалармен суретті қағаз бетіне түсіруге үйрету.

   
4 Тақырыбы: Алма ағашы

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігін сезініп, қамқорлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:  Жеміс ағаштарының пайдасын біле отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Оқыту: Алақанмен саусақтарды пайдалана отырып, алма ағашын  бейнелеуге үйрету.

   
5 Тақырыбы: Күзгі жапырақтар.                                  Мақсаттары:                                                                 Тәрбиелік: Балаларды табиғат әсемдігіне деген қамқорлыққа, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу     Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, қиялын , ойлау қабілеттерін дамыту.                                           Оқыту: Дәстүрден тыс әдісті пайдаланып,  балалардың алақанмен  сурет салу дағдысын жетілдіру.  Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру    
6 Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ұқыпты, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін , қиялдарын және эстетикалық талғамдарын  дамыту.

Оқыту: Бастыру әдісі арқылы  күз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету. Сурет салудың әдіс- тәсілдерін меңгерту.

   
7 Тақырыбы:  «Жеміс бұтағындағы құстар»  Ұжымдық  жұмыс

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін дамыту.

Оқыту:Шетен  ағашы туралы білімдерін  жетілдіру.  Алақан мен  саусақ  әдістерін  пайдаланып, ағаш бұтағына қонып тұрған құстарды бейнелеу.

   
8 Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнені үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғат ерекшеліктерін бақылай отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту:Табиғат құбылыстарын бақылай отырып,  өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Қағаз бетін дұрыс пайдалана отырып, дымқыл қағазға жаңбыр тамшыларын  түсіруге жаттықтыру.

   
9 Тақырыбы:  «Ағаш  жапырақтары  түсіп жатыр»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, еңбекке баулу  және   ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қол  моторикасын, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

Оқыту:  Тіс  щеткасын пайдалана отырып,   шашырату  әдісі  арқылы  жапырақтарды  бейнелеу.

   
10 Тақырыбы: Кірпілер отбасы

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Жануарларға қамқор болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сурет салуға деген  қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Жәй қарандаштың мәнерлігін көрсетіп, бір және әртүрлі бағытта жасалған штрихтарды орналастыра білуге дағдыландыру.

   
11 Тақырыбы: «Тиінге саңырауқұлақтар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тиіннің тіршілігі жайында түсінік беру

Оқыту: Саңырауқұлақты дұрыс сала білуге үйрету. Май шаммен жұмыс жасау техникасын меңгеру талаптарын қолдану.

   
12 Тақырыбы: «Жануарлар жолбарыс, барыс, керік, піл бейнесі» (алақан таңбасы, ұжымдық)                      

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Қоршаған ортаны сүйюге, мейірімділікке тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, зейінің, назарын, көз мөлшерін  қиялын дамыту.

Оқыту: Жабайы жануарлар туралы білімдерін кенейтіп, алақан әдісі арқылы оларды бейнелеуді үйрету.

   
13 Тақырыбы: Ағаштағы қырау (май шаммен,  пенопласт сурет)                                                     Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортаға деген  сүйспеншіліктерін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жұмыс жасау іскерліктерін, ұсақ моторикаларын дамыту.

Оқыту:Ағаштағы қырау туралы түсінік бере отырып, май шаммен суретін салуға үйрету.

   
14 Тақырыбы: «Қар ұлпасы» (Мақта таяқшасымен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қыс табиғатының ерекшеліктерін сезіне отырып, жұмысты тиянақты және ұқыпты жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың елестету арқылы, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Қыс мезгілінде болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып, шілтердің элементтерін қолдана отырып, қардың суретін салуға үйрету.

   
15 Тақырыбы: «Қысқы орман» (қатты қылқалам)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қамқор болуға тәрбиелеу.  

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Қысқы орман туралы мәлімет беріп, қатты қылқаламның көмегімен нұқу әдісін салуды үйрету.

   
16  Тақырыбы: «Әсем шырша» (шанышқы және мақта таяқшасы)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, дәстүрден тыс сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:  Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Шырша мерекесінен алған әсерлерін, шанышқының көмегімен бейнелеуге үйрету.

   
17 Тақырыбы: «Аққала» (сабын көпіршіктері)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықтарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Қардың қасиетерімен таныстыра отырып, сабын көпіршіктерімен сурет салуға үйрету.

   
18 Тақырыбы: «Әйнектегі аяз салған өрнектер»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның сырларын қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Қыс мезгіліндегі  әйнектегі  өрнекті көру арқылы  іскерліктерін, ой-қиялдарын дамыту.

Оқыту: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат бере отырып, табиғат ерекшеліктерімен таныстырып, бейнені қағаз бетіне майшамның көмегімен бейнелеуге үйрету.  Балалардың ойын көз алдына елестету арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

   
19 Тақырыбы: «Бұта түбіндегі қоян» (Түтікшемен үрлеу арқылы)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қыс табиғатының ерекшеліктерін сезіне отырып, жұмысты тиянақты және ұқыпты жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Көз мөлшерін, зейінін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды түтікшемен үрлеу әдісін пайдалана отырып, бұтаның суретін салуға үйрету. Бояуды қолдану арқылы қоянды бейнелеу.

   
20 Тақырыбы: «Ормандағы үй» (Жіппен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Үйді қағаз бетіне дұрыс орналастырып қол қимылын қалыптастырып, эстетикалық талғамда тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ұсақ моторикасын, көз мөлшерін, зейінін дамыту.

Оқыту: Қағазды бүктеп түрлі түсті бояуға жіпті батырып үйдің бейнесін салуды үйрету.

   
21 Тақырыбы: Аквариумдағы балықтар

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнелеудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандырып жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың байқағыштығы мен қиялын  дамыту

Оқыту: Сабын көпіршіктері арқылы суретті бейнелеуге үйрету. Бояуларды араластырып, қажетті түстерді ала білуге, бояу жарасылымдылығын сезінуге үйрету.

   
22 Тақырыбы: «Кешкі қала» (Граттаж)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Өз туған қаламызды танып білуге, жақсы көруге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қаладағы үйлердің ерекшелігіне мәң бере отырып, шығармашылық қабілетерін дамыту.

Оқыту:  Граттаж техникасымен таныстырып, жұмыс жасау жолын үйрету.

   
23 Тақырыбы:  «Орман» (түтікшемен үрлеу)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, баптауға  тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Балалардың сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Үрлеу әдісін  қолдана отырып, түтікшемен ағаштарының  көрінісін қағаз бетіне түсіру.

   
24 Тақырыбы: Менің досым (балауыз борлар)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Өзге адамдармен сыйластық қарым қатынас жасауға, көмек беруге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ойлау қабілетін, зейінің дамыту.

Оқыту: Балаларға балауыз бормен адам бейнесін бейнелеуге үйрету.

   
25 Тақырыбы: «Анама гүл сыйлаймын»  (шанышқымен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ананы сыйлап сүюге, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.Жұмысты ұқыпты, таза жасауға қалыптастыру.

Дамытушылық: Өз жұмысының нәтижесін салыстырып бағалай білуге жетілдіру.Үлкенді құрметтей білу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Балалардын қол қимыл әрекетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

   
26 Тақырыбы: «8 наурыз ашық хаты»   (трафарет)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ой көз –өрісін, қиялын, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

Оқыту: 8 наурыз мерекесі жайлы түсініктерін беру. Түрлі әдістерді (нұқу, басу)пайдалана отырып анаға сыйлық жасауды үйрету.

   
27 Тақырыбы: «Табаққа өрнек салу» (мөр таңбасымен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Эстетикалық талғамдарын қалыптастырып ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Дәстүрден тыс әдісі арқылы бейнелеу  дағдыларын дамыту.

Оқыту: Ыдыс аяқтар жайлы мәлемет беру, мөр таңбасы арқылы сурет салуға үйрету.

   
28 Тақырыбы: «Алашаны әшекейлеу» (сіріңке қорабына оралған жіп)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Балалардың ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 Оқыту:  22 Наурыз мерекесі жайлы түсінік беріп, Алашаға сіріңкенің қорабына жіпті орап, безендіруге  үйрету.

   
29 Тақырыбы: «Көрікті көктем» (дымқыл параққа)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын сезінуге, эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Балалардың ойлауын, қабылдауын, назарын  дамыту.

 Оқыту: Көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру, дымқыл параққа көктем бейнесін салуға үйрету.

   
30 Тақырыбы: «Ғарышқа ұшамыз» ( сабын көпіршіктері)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Ептілікке, тазалыққа  тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың сурет салуға қызығушылықтарын  дамыту.

Оқыту: Әуе, ғарыш, аспан планеталары туралы білімдерін жетілдіру. Сабын көпіршіктер әдісін  қолдана отырып ғарыш көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету.

   
31 Тақырыбы: «Бақтар гүлдегенде»  (мақталы таяқшамен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, баптап күтуге  тәрбиелеу.

Дамытушылық:Көркемдік талғамдарын, байқампаздық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Табиғаттың өзіне тән ерекшеліктерін бере отырып, мақталы таяқшамен жеміс ағашын бейнелеу.

   
32 Тақырыбы: «Желкенді  қайық» (дымқыл қағазға)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балалардың ой – өрісін кеңейту, еңбек сүйгіштікке , бастаған жұмысын ұқыпты аяқтауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың эстетикалық талғамдарын , қиялын дамыту.

Оқыту: Суда жүзетін көлік туралы мәлімет беру.  Желкенді қайық бейнесін дымқыл қағазға бейнелеуді үйрету.

   
33 Тақырыбы: «Кемпірқосақ»  (гупкамен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Табиғат ерекшеліктерін сезіне отырып, жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Ойлау,  есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Оқыту: Жазғы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін жетілдіріп, кемпірқосақтың жеті түсін  гупка әдісі арқылы салуға үйрету.

   
34 Тақырыбы: «Мерекелік от шашу» (Қатты қылқаламмен қылқалам ұшын басып нұқу әдісі)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнені елестету арқылы, тапсырманы тиянақты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Бейнелеу өнерінің техникаларын, іскерлігі мен дағдыларын меңгерту.

Оқыту: Қылқаламмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Қатты қылқаламмен қылқалам ұшын басып нұқу әдісі арқылы бейнені салуға үйрету.

   
35  Тақырыбы: «Ауладағы балапандар»  (шанышқы мен мақта таяқшасымен салу)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балапанның бейнесін шанышқының көмегімен салуды қалыптастыру көркемдік талғамын, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту:Үй құстары туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру.

   
36 Тақырыбы: Әдемі көбелектер (гупкамен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, оны аялауға, қамқорлыққа үйрету. Жұмысты таза, ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Шығармашылық ізденіске деген құштарлықтарын арттыру, жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Оқыту: Дәстүрден тыс әдісін қолданып, көбелекті гупка әдісімен салуға үйрету.

   
  Барлығы: 36 сағат    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДӘСТУРДЕН ТЫС СУРЕТ САЛУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ҢҰСҚАУЛЫҚТАР

 

 

Бейнелеу өнері пәнін оқытуда мынадай талаптар қойылады.

*Жаңа  материалды түсіндірудегі белсенділігі жоғары болуы қажет;

*Сурет салып үйретуге арналған  дидактикалық көрнекі құралдар сабаққа қойылатын жоғарғы талапқа сәйкес орындалуға тиіс;

*Бейнелеу өнері пәнінің мақсаты, мазмұнын, бағдарламаларын толық меңгеруге тиіс;

*ТРИЗ технология элементері арқылы сурет салудың әдіс — тәсілдерін талапқа сәйкес орындалуы тиіс;

*Құралдармен жұмыс істеу барысында балаға өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру қажет;

*Шығармашылық әрекет үстінде эмоционалдық көңіл-күй туғызу қажет;

 

 

 

                   Балаларға арналған сурет салу ережесі.

 

*Сурет салуға арналған құрал — жабдықтар талапқа сәйкес болуы қажет;

*Бала сурет салу барысында кеудені тік ұстауы керек;

*Қарындашты сұқ саусақпен ұстаған орынды;

*Нәрсеге қарап сурет салған кезде бала орын ауыстырмағаны жөн;

*Сурет салатын қағазға күннің сәулесі немесе артық көлеңке  түспеу керек;

*Бояумен сурет салғанда  табиғи жарықты пайдаланған орынды;

*Сурет салуда икемді қимылдап, ұқыпты орындауға дағдыланған жөн;

*Балаларды сурет салуға үйрету кезінде бейнелеу өнеріне байланысты       ережені мұқият қадағалау керек.

 

Оқу сатылары арасындағы сабақтастық.

 

Сурет салу немесе бейнелеу іс-әрекеті ойлау, байқау, талдау, есте сақтауға негізделген көру байқағыштығын, сезім мүшелерін дамытады, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға, қоршаған ортаны тануға септігін тигізеді, еріктік сапаларды, шығармашылық қабілеттерді, көркем өнерлік талғамды тәрбиелеп, өнерді түсінуге қажетті эстетикалық сезімді (пішіндердің, қозғалыстың, пропорцияның, түстің, түс сәйкестігінің сұлулығын көре білу) дамытады.
Бейнелеу өнері сабақтарында таным жорықтар, өнер туралы әңгімелер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, поэзиялық минуттер, көрмелер, көптеген иллюстрациялық материалдар мен ұлттық және классикалық музыка туындыларын пайдалану осы пәнді тереңірек ұғындыруға, игеріп, меңгертуге көмектеседі.
Мектепалды даярлық тобында  бейнелеу өнерін оқытып игертуде пәнаралық байланыс материалдарын кеңінен пайдалануды жан-жақты дамыту – біртұтас оқыту үрдісін жаңаша тұрғыдан ұйымдастырудың ұтымды әрі табысты педагогикалық шарттарының бірі.

Дидактикалық бірліктерді ірілендіру бір-біріне мазмұн жағынан сабақтас түсініктерден тұратын тақырыптарды біріктіруді көздейді. Мысалы, бейнелеу өнеріндегі “Күз келбеті” және “Күзгі табиғат” жалпы тақырыптарының мазмұнын жаратылыстану  пәнінің “Күз“ тақырыптарының мазмұнымен кіріктіріп, төмендегідей сабақ тақырыптарын топтастыруға болады. “Күзгі көрніс”, “Күзгі орман”, “Күзгі мерекелер” және т.б. арқылы балалар тек ірі бірліктерді меңгеру шеңберінде ғана мүмкін болатын күз туралы ерекше мағлұматтар алады. Мысалы, өлі табиғаттағы өзгерістер күн көзінің жерге түсу биіктігіне байланыстылығын, өлі табиғаттың өзгерісінің тірі табиғатқа тигізетін әсерін түсінген оқушы сол арқылы табиғаттың біртұтастығын, адам, өсімдік, жан-жануарлар барлығы өзара тығыз байланыстылығын түсінуге мүмкіндік алады. Күзгі табиғаттағы әсемдіктер көрінісі, олардың үйлесімді әдемілігі туралы мағлұмат алумен бірге эстетикалық талғамдары молая түседі. Кез-келген ағаш жапырақтарының ерекшелігі, олардың бір-бірімен ұқсастығы мен айырмашылығы, жапырақ пішіндерінің алуан түрлілігі, өсімдіктер бөліктері, олардың орналасу ерекшеліктері т.б. табиғат көріністері мен бейнесін бақылау, көріп білу, танысу, оларды көркем сөзбен мәнерлеу жұмыстарының бәрімен таныса отырып, суреттеуге көшу қиынға соқпайды.

Сурет салу мен жаратылыстану пәндерінің жүйеаралық интеграциясының өзіндік ерекшеліктері бар:

*Сурет салудың дәстүрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың бейнелеу өнеріне деген  қызығушылығын оятады.

*Балаладың ой-өрісін бейнелеу әлеміне бағыттап, елестету арқылы дәл бейнелеуге іскерлігін  ояту.

*ТРИЗ технологиясының түрлерін меңгерту.

* Бейнелеу өнері мен айналамен танысу тақырыптарын байланыстыра отырып, табиғи құбылыстардың себеп-салдарын ажырату;

Пәнаралық  сабақтарда  білімдерін іс жүзінде қолдануда балалардың жоғары белсенділігін тудыру. Айналамен танысу пәні бойынша алған білімдерін балалар бейнелеу өнері сабақтарында берілген тапсырмаларды орындауда өздігінен қолдана білуге үйрету. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мынадай әдістемелік тәсілдер мен амалдар қолданылды: бейнелеу өнері мен айналамен танысу пәндері бойынша балалардың білімдерін анықтауға арналған әңгімелесу, проблемалық жағдайлар туғызу, проблемалық мәселелерді шешу, айналамен танысу пәні бойынша оқып өткен білімдерін қайталау. Пәнаралық сабақтар мынадай жүйемен ұйымдастырылды: сабақтың негізгі мақсатын анықтау, сабақтың құрылымы мен түрін таңдап алу, оқытудың тәсілдері мен құралдарын таңдау, сабақтағы іс-әрекет түрлеріне сай тиімді жұмыстарды анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексиялық қызметтің сабақ барысында ұйымдастыру

Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау.

Рефлексия сөзі латын тілінен кірген reflexio — кейінге айналым мағынасын білдіреді. Бұл терминді Джон Локи 17 ғасырда берген. «Рефлексия – адамның өз істерінің мәнін түсіну, олар туралы ойлану барысында өзіне өзінің нені, қалай жасағаны туралы толық және анық есеп беруі немесе өзі әрекет барысында басшылыққа алған ережелер мен кестелерді мойындауы не жоққа шығаруы». өзін — өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды. Жаңа дәуір философиялық идеялары «өзіндік» және «мен» ұғымдарына бағытталады. Жаңа құндылық — адамның өзіндік «мен» құндылығы пайда болды. Бұдан басқа да рефлексия жайында айтылған философиялық ойлар негізінен «адамның өзіне бағытталған зерттеу жұмысы», «өзіңнің ақылын мен рухыңды өзіңнің бақылауың» дегенге келіп саяды. Н. В. Кузьмина адам өзін — өзі іске қосу барысында дамуға мүмкіндік алады дей келе, ол үшін әр түрлі дереккөздерден алынған білімді жинақтау, оларды тәжірибеде қолдану үшін жүйеге келтіру, «кері байланысты» жүзеге асыру сияқты әрекеттер жасайтынына тоқталады. Н. Б. Ковалева және И. Н. Семенов кәсіби шығармашылықтағы рефлексияның рөліне байланысты оны әр түрлі кәсіби позицияларға өтудегі икемділік деп есептейді.

Рефлексияны ойлау, ес, сана сияқты танымдық үрдістер адам табиғатына тән болғандықтан олардан бөліп қарауға болмайды.
Оқыту барысында білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әр түрлі формаларын жиі қолдануды мақсат етіп, ол сабақ соныңда асығыс атқарыла салмай, балаға байыппен ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп үйымдастырылуы шарт.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б. З. Вульфов пен В. И. Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.

Қызмет нәтижесіне қарай рефлексия ұсынады келесі жіктеулерді:
1. эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы
2. әрекетттік рефлексия.
3. оқу мәліметтінің мағынасының рефлексиясы.
Эмоциалық көніл күйінің рефлексиясы.
1. Көңіл — күйдің рефлексиясы сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоциалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Адамның көңіл — күйі бейнеленген карточкалар, көңіл — күйдің түстін бейнелері, эмоциалдық сурет рәсімдерін қолдануға болады.
Әрекеттік рефлексия.
2. Әрекеттік рефлексия оқу мәліметтерінің әдіс — тәсілдерін ұғыну ықтималдарың береді. Оны үй тапсырмасын сұрау кезінде қолдану тиімді.

Сабақтың аяқталған кезіңде әрекеттік рефлексия тәсілі арқылы барлық сабақтың барысында әр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіншілігін береді. Шығармашылық іс — әрекетке, іздемпаздық жұмыстарға талдау жасай білу үйретеді. Жеке іс — әрекетін ұйымдастырып өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы іс — әрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді.

 

Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы.
3. Оқу мәліметінің мағынасының рефлексиясы оқыту субъектінің өз іс — әрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды және білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Іс — әрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мәнін, түрін, өзекті мәселелерін белгілеу, шешу жолдарын аңықтау.

Балабақшада пайдаланатың қарапайым рефлексия түрлері:

 

1.«Баспалдақ». Жаңа материалды қаншалықты меңгергенін бағалайды.

  1. «Смайликтер» арқылы көңіл-күйін білдіру.

 

 

  1. «Күншуақ»: балалар  барлығын түсінсе күнді, жартылай түсінсе – күн мен бұлтты, ештеңе түсінбесе – бұлтты таңдайды.

 

 

 

  1. «Көңіл-күй гүлшоғыры». Балаларға түрлі –түсті гүлдер таратылады, өздеріне ұнаған гүлді құмыраға жабыстырады, таңдаған түстері бойынша көңіл-күйдері анықталады.
  2.  «Қайық». Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады: қызыл –с ұнады, жасыл –қызықсыз, көк- сабақ ұнаған жоқ.

 

 

 

  1. «Алма ағашы». Сары және жасыл түсті алмалардың ұнаған түсін таңдар іледі.
  2. 7. «Гномиктер»

Рефлексиядан күтілетін нәтижелер:

— Тәрбиеші мен бала арасында қарым-қатынас жақсарады.
— Балаға өзінің мықты, осал тұсын көрсетіп, алға жылжуға ықпал етеді.
— Бала тек бағалауды ғана емес өз жетістігімен хабардар бола отырып, ұйымдастырылған оқу қызметіне  қызығушылығын арттырады.
— Тәрбиеші-бала кері байланысына қарай, өз жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталады.
Рефлексия – тәрбиеші мен тәрбиеленуші  арасында, тәрбиеленуші мен тәрбиеленуші арасында, тәрбиеші мен тәрбиеші  арасында жүзеге асырылады. Рефлексияны  ауызша да, жазбаша да қолдануға болады.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді;

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы. ҚР Білім және Министрілігі, 12 тамыз, 2016 ж. № 499 бұйрығымен бекітілген;
  2. Давыдова, Г.Н. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған 22 сурет сабағы. Дәстүрлі емес техникалар / Г.Н. Давыдов. — М.: СКРИПТОРИЯ 2003, 2016. — 112 б.
  3. Даль, В.И. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі: мектеп оқушыларына арналған заманауи нұсқа / В.И. Даль. — М.: Эксмо, 2016 ж. — 688 б.
  4. Комарова, Т.С. Балаларға сурет салу техникасын үйрету — 2-ші басылым, Аян. және қосыңыз. / Т.С.Комарова. — М.: Білім, 1976. — 158 б.: Сырқатпен.
  5. Комарова, Т.С. Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік қабілеттерін дамыту. Монография / Т.С. Комаров. — М.: MOSAIKA — SINTEZ, 2014 .— 144 б .: Кол. қоса
  6. Комарова, Т.С., Эзикеева, Е.В., Лебедева Е.В. Көрнекі іс-әрекетті және дизайнды оқыту әдістемесі: педагогикалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық — 2-ші басылым, қайта қаралған. және қосыңыз. / Т.С.Комарова. — М.: Білім, 1985. — 271 б .: Ауру-сырқау.
  7. Косминская, В.Б., Васильева, Е.И., Халезова Н.С. Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен әдістемесі: педагогикалық институт студенттеріне арналған әдістемелік құрал [Электронды ресурс] / В.Б.Косминская. — М.: Білім, 1997. — 253 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша материалдар

Вариативтік компонентердің білім беру саласының ұйымдастырылған оқу конспектілер жинағы

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы  бояу патшалығы»

Тақырыбы: «Жарқыраған күн»  (алақанмен ұжымдық жұмыс)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын сезінуге  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жұмыс жасау барысында балалардың ойлау қабілеттерін, шығармашылығын  дамыту. Күннің бейнесін елестету арқылы, көркемдік қасиетін дамыту.

Оқыту: Алақанмен сурет салу техникасын меңгеріп, күннің бейнесін салу.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын,денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, қол орамал, гуашь бояуы, қылқалам, әуен.

Көптілділік: күн – солнце, сары – желтый, түс – цвет.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Таңғажайып сәт:

Жұмбақ:

Аспанда сары доп,

Жарқырайды жарық боп.  (Күн)

Күн  екенін  қайдан білдіңдер?

2.Негізгі бөлімі:

Суретпен жұмыс:  

Күннің пішіні қандай?

Күннің түсі қандай?

Күн болмаса дала қандай болып тұрады?

 Күн қайда болады? Күн бізге не береді?

Балаларға сары дөңгелек салынған сурет көрсетіледі.

Балалар мынау күн,  ол көңілдену үшін не істеуге болады? (Сәулесін салуға болады)

Дұрыс айтасыңдар, ендеше алақанымызды сары түспен бояп, күннің суретін салайық.

Слайд арқылы алақанмен күннің суретін салу жолы көрсетіледі.

Қауіпсіздік ережелерін және тазалық шаралары ескертіледі

Күннің күлімдеуіне көмектесіңдер:

1.Күннің шуағын  саламыз.

Алақанды сары және қына сары түсті бояуға батырып күннің шуағын бейнелейміз (сары мен қына сары түстерді алмастырып бояу арқылы бейнелеу)

  1. Күн шуағын бірі ұзын бірі қысқа етіп алақанмен бейнелегенде ара қашықтықты сақтап суретті саламыз.

Саусақ жаттығуы:«Достық»

Біздің топта ұлдар мен қыздар дос (саусақтарын біріктіреді)

Кішкеентай саусақтар біз сенімен доспыз (екі қолдың саусақтарын бір – біріне тигізеді)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап сусақтарды  кезекпен бір – бірі біріне тигізеді)

Көзге арналған жаттығу: «Күн мен түн»

Бәрі оянды күн, күн,күн.

Бәрі ұйықтады түн, түн, түн.      

Балалар сурет салуға кіріседі. Алақандарын  сары, қына сары түске бояйды. Жұмысты таза, ұқыпты жасау керек екені ескертіледі.

Ән айту: « Әр қашан күн сөнбесін»

Күн балаларға рахметін айтып қоштасады.

3.Қорытынды:

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар?

Күннің қандай пайдасы бар?

Күннің суретін қандай әдіспен салдық?

Көңіл күйлерің қандай?

Қандай түстерді пайдаландыңдар?

Балалардың еңбегін мадақтау.

Жарқыраған күннен көрме ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                       

Тақырыбы: «Күнбағыс» (шанышқымен )

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Сурет салу кезінде жұмысты таза ұқыпты  жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қолдың қимыл- қозғалысы арқылы балалардың  шығармашылық қиялдарын, ой-өрісін   дамыту

Оқыту: Сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне шанышқымен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, қол орамал, гуашь, қылқалам, шанышқы.

Көптілділік: күнбағыс – подсолнух

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасырамын:
Күннен көзін алмайды,

Өзгемен ісі болмайды    (күнбағыс)

2.Негізгі бөлімі:

Күнбағыс өсіру және одан алынатын өнім туралы  әр түрлі суреттер  көрсетіле отырып, балалардың білімдері анықталады.

-Балалар қабылдау бөлмемізді осындай әдемі күнбағыстармен безендіріп қойсақ әдемі болар еді. Сендер қалай ойлайсыңдар?

Күнбағыстың суретін салу технологиясы:

1.Ендеше қабылдау бөлмесін безендіруге арнап күнбағысты шанышқының көмегімен суретін салуды бастайық.

2.Салынған үлгідегі суретті көрсетіп  тәрбиеші суреттің салу жолын балаларға салып көрсетеді.

Сақтық шаралары ескертіледі: (шанышқыны қалай қолдануды ескертіледі)

Саусаққа арналған жаттығулар:

-Жаңбыр жауды

-Найзағай шатырлады

-Жел соқты

-Жаңбыр жауды

-Құмырсқалар қашты.

3.Қылқаламмен күнбағыстың сабағы мен түймесін қоңыр түсті бояумен саламыз төменнен жоғары қарай сабағын саламыз

-Балалар қанша жапырағы болады?

4.Жапырағын да жасыл түспен саламыз

Күнбағыс

(қимылмен орындайды)

Таңертең де күнге қарап тұрады.

Тұсте дағы күнге қарап тұрады.

Кеш болса да күнге бетті бұрады,

Сонда өзің айтшы кім боп шығасың?

Таптым, таптым,

Күнді баққан,

Үкі таққан,

Күнбағыс боп шығасың

 

5.Күнбағыстың қалған бөлігінің суретін саламыз

— Шанышқының көмегімен күлтесін саламыз

-күлтенің түсі қандай?

Суретті рет ретімен салу

Жұмыс жасау барысында көмек қажет болған балаларға педагог көңіл бөледі

Д/о «Бауда ма, бақшада ма?»

3.Қортындылау:

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар?

Күнбағыстан қандай өнім алынады?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы  бояу  патшалығы

Тақырыбы: «Қарақат бұтағы»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу

Дамытушылық: Сурет салу кезінде балалардың қызығушылықтарын,  іскерліктерін дамыту.

Оқыту: Дәстүрден тыс әдіс -тәсілдерді қолдана отырып, мақталы таяқшалармен суретті қағаз бетіне түсіруге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгілі сурет:қарақат бұтағындағы қарақат суреті, қарақат муляжі, мақталы таяқшалар, су бояу(акварель), су ыдысымен, дымқыл салфетка, сурет альбомы.

Көптілділік: қарақат-смородина

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

-Балалар сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр, жауабын тауып көріндер.

Көрсең өскен желiсiн,

Жапырағы қазтабан.

Мөлдiр қара жемiсiн,

Қыста емес, жаз табам.

Балалар жұмбақтың шешуін табады. Қарақат.

-Неліктен қарақат екенің ойлайсындар?

Негізгі бөлім:

-Қарақат қандай жеміс түріне жатады?

-Дұрыс айтасындар ол жидек.

-Қарақаттың екі түрі бар екен.  Оның қандай түстері бар?

-Дұрыс айтасындар, қара және қызыл қарақат.

-Балалар қалай ойлайсындар, қарақаттың адамға қандай пайдасы бар?

— Әсіресе қарақат жидегі организмде дәрумен жетіспеген жағдайда, қан азайғанда және жүдеген кезде пайдалы.

-Балалар қарақаттан не жасауға болады? ( компот, тосап, шырын.)

Көркем сөз: Аулада бар бүлдірген,

Жалықпа тер бір-бірден.

Қышқылтым тәтті қарақат,

Қарақат теру рақат-ақ!

-Балалар бүгін біз сендермен қарақат жидегін суретін салатын боламыз.

Балаларға мақталы таяқшамен сурет салу әдіс – тәсілін үйрету. Мақталы таяқшалармен жұмыс істеу үлгісі: Жай қарындашпен қарақаттың сабағындағы жапырақтарының пішіні салынады.

Сабақтың төменгі жағынан бірнеше кішкентай бұтақтар салынады.

Қылқаламды жасыл түсті бояуға батырып, салынған сурет боялады.

Мақталы таяқшамен бөлінген кішкентай бұтақтар бойына нүктелерді түрту арқылы қара түсті қарақаттар салынады.

Сабағының жоғарғы жағына қылқаламмен жапырақтарды бейнелеуге болады.

-Балалар ал енді суретті салмас бұрын, қолдарымызды жаттықтырайық.

Ұсақ моторикаға арналған жаттығу

Бала, бала балақай,

Кәне қайсы алақай.

Саусақтарын әйбәт

Былай, былай ойнат.

Балалардың өзіндік жұмыстары. Балалар суретті мақталы таяқшаларымен салуға кіріседі.

— Балалар, мақталы таяқшалармен сурет салуларын маған ұнап жатыр.

— Өздеріне қалай ұнап жатыр ма?

Көмек қажететін балаларға тәрбиеші көмекке келеді.

Дидактикалық ойын:

«Неге ұқсайды?».

Ойынның мазмұны: Үстел үстінде бірнеше жемістердің бейнесі (муляж) қойылады. Бала олардың қасиетін атап, неге ұқсас екенін табады.

Балалар тәрбиешінің үйреткен желісі бойынша, тапсырманы орындауға тырысады.

Екі қолды алдына жаю.

Оң қолды созу.

(сол қолды жоғары созу).

(сурет салынғандай бейне жасау).

Балалар ойынды қызыға ойнап, жемістерді атайды.

Қорытынды:

Балалар жұмыстарынан  көрме ұйымдастыру.

-Бүгінгі оқу қызметімізде біз ненің суретін салдық?

-Оны немен салдық?

Балалардың жұмыстарын мадақтау.

Балалар өздерінің жасаған жұмыстарын қарап тамашалайды.

Рефлексия түзетуші:

Әр бала өзіне тиісті смайликті тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы  бояу  патшалығы

Тақырыбы: «Алма ағашы».

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның әсемдігін сезініп, қамқорлыққа тәрбиелеу

Дамытушылық:  Жеміс ағаштарының пайдасын біле отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Оқыту: Алақанмен саусақтарды пайдалана отырып, алма ағашын  бейнелеуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мақтау, алақанмен салу, саусақпен салу.

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: Алма бағындағы алмалар көрінісінің суреттері, бояу, қылқалам, су, сүлгі, әуен

Көптілділік: алма-яблоко, алма ағашы-яблоня

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Балалар қарандаршы, себетте нелерді көріп отырсындар?

-Дұрыс айтасындар, алмаларды.

ІІ. Негізгі бөлім.

-Алмалар қай жылы мезгілінде піседі?

-Балалар күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

-Ал күзде ағаштарда қандай өзгерістер болады?

-Біз осы уақытқа дейін ағаштардың түрлерін салып үйреніп алғанбыз иә?

-Қандай ағаш түрлерін білесіндер?

-Бүгін біз сендермен, алма ағашын саламас бұрын. Алма түріне тоқталып кетейік.

-Балалар алма ағаштары әр түрлі болады.

Aлмa – өтe кeңінен тapaлғaн payшaнгүл тұқымдacынa жaтaтын жeмic. «Malиs» дeгeн лaтынның cөзiнeн шыққaн.

Тaбиғи aлмaның әлeмдe 36 түpi кeздecce жәнe oлapдың oннaн aca түpiнiң шapyaшылықтық мaңызы бap.

Қaзaқcтaндa aлмaның «Cивepc», «Aпopт», «Heдзвeцкий», «Қыpғыз aлмacы» жәнe бacқa дa түpлepi өceдi.

-Бүгін біз алма ағашының суретін саламыз.                                                                       

Тәрбиешінің түсіндіру жолдары.

Бұл тапсырманы орындау үшін  жасыл,қоңыр,сары, түстер қажет болады.

Ең бірінші ағашты саламыз.

Төменнен жоғарыға қарай қоңыр бояды жағып аламыз, ал қолымыздың жоғарғы жағын ашық қоңыр түспен жағып бояймыз.

Бояу құйылған ыдысқа қолынды тегістей қылқаламның көмегімен бояп алып, ақ қағаз бетіне бастыру арқылы ағаш бейнесін салып шығамыз.

Ағаш бейнесі шыққан соң «дымқыл сүрткішпен» жақсылап қолымызды сүртеміз.

Жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен күзгі жапырақ түстерін саламыз

-Енді өзімізге қажет(алма түстерін) бояудың түстеріне саусақтарымыздың ұшын  малып, саусақ ұшымен алмаларымызды саламыз.

Енді саусақ ұшымен жеңіл қозғалыспен сүйкей жағу тәсілімен күзгі жапырақ түстерін салып саусақ ұштарымызды мұқият сүртеміз.

-Міне біздің керемет алма ағашы шықты.

Балалардың қауіпсіздік ережелерін сұрау.                                                                                             Ал енді суретке кірісейік.

Суретті салмас бұрын қолымызды жаттықтырайық.

Саусақ жаттығуы

Алма, алма, алмалар,

Қызыл,жасыл, сары алма.

Үзіп,үзіп алайық

Қалтамызға салайық!

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Көмек қажететін балаларға тәрбиеші қолдау жасайды.

-Суреттерін қандай керемет болды, ал онда балалар барлығымыз ойнап көрейік.

Не қайда өседі?

1.Жемістер қайда өседі?

2.Жемістерді атап беріңдерші?

3.Алмалардан не жасайды?

4.Ағаштарда жемістер әдемі болып өсу үшін не істеуіміз керек?

-Өте жақсы, жарайсындар.

Қорытынды:

Балалар жұмыстарынан  көрме ұйымдастыру.

-Бүгінгі оқу қызметімізде не ұнады?

-Бүгін біз сендермен қандай жеміс ағашының суретін салдық?

Балалар кімнің суреті ұнады, неліктен?

Балалардың жұмыстарын мадақтау.

-Сонымен балалар, саусақ, алақандарынды қолдану арқылы салған суреттерін қызықты болды ма?

Жұмыстарын мақтап, мадақтау.

Рефлексия түзетуші:

Әр бала өзіне тиісті алманы тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы  бояу  патшалығы

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды табиғат әсемдігіне деген қамқорлыққа, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу.                                                                                                                                 Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, қиялын , ойлау қабілеттерін дамыту.                                   Оқыту: Дәстүрден тыс әдісті пайдаланып,  балалардың алақанмен  сурет салу дағдысын жетілдіру.  Бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру.                                                                                                                               Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мақтау, трафаретпен сурет салу.                                                                                                                  Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын,                                                                          Ресурстармен қамтамасыз ету: өте қатты кеппеген ағаш жапырақтарының түрлері, қылқаламдар, су бояу(акварель), сурет альбомы, қол сүрткіш, әуен.                                      Көптілділік: күзосень, жапырақтар-листья.                                                                                      Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                                                                             І. Ұйымдастыру кезені

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр, тауып көріндер.

Ағайынды бәріміз,

Шықса жасыл,

Түссе сары

Ол  не?

Неліктен  жапырақ  деп  ойлайсыңдар?

ІІ. Негізгі бөлім.

Жылдың  қай  мезгілінде жапырақтардың түстері өзгереді?

Неліктен?

-Балалар мына суреттерге назар аударыңдаршы.

Бұл ненің суреті?(ағаштың)

Ағаштар   жайлы  не  білесіңдер?

Ағаштың  қандай  пайдасы  бар?

-Балалар,  дұрыс  айтасыңдар,  ағаштың бізге берер пайдасы өте көп  екен.

Ағаштың   тамыры,  діңгегі,  бұтағы, жапырақтары бар.?

Ағаштардың  бірнеше  түрлері  болады,  жапырақтары әр түрлі  көлемді.

Жапырақтар әр мезгілде әртүрлі түске боялады.

Жазда жасыл болса, күзде сары түске боялады.

Қыста жапырақтар болмаса, көктемде ағаштар бүршік жарып, жасыл болып жапырақтар шығады.

Бүгінгі тақырыбымыз «Күзгі  жапырақтар».

-Бүгін  біз  ағаш жапырақтарын  алақан  әдісі арқылы  ақ қағаз бетіне түсіреміз.

Қажетті  түстерді  таңдап  аламыз. Ағаштың діңін қылқаламмен  салып,  жапырақтарды  алақанмен  саламыз.

Балалар,  қандай  қауіпсіздік ережелерін білесіңдер?                                                                                          Балалар алдымен қолдарымызды жаттықтырайық.

Саусақ жатығуы. «Күзгі жапырақтар»

Саусақтарым қыдырып.( Саусақтарды ашып-жұму)

Жапырақтар жинады.( Жерден жапырақ жинағандай қимыл көрсету).

Қызыл, сары жапырақ.( Жапырақ теру)

1,2,3,4,5( Барлық саусақты біртіндеп біріктіру)

Біз нешеуін жинадық?( Алақанды жайып көрсету)

Күзгі жапырақтармен (Саусақ ұштарын айналдыру)

Біз көңілді биледік.                                                                                                                           Ал ендеше  жұмысқа  кірісейік.

  1. Ақ қағазға ағаш  діңін  салады.
  2. Алақанға бояу жағып,  ағаштың  діңіне  жапырақтарды  орналастырады.

Балалар  қауіпсіздік ережесін  сақтауға тырысады.

Қортынды:

Балалар жұмыстарынан  көрме ұйымдастырылады.

Күзгі  жапырақтар   қалай шықты?

-Бүгінгі оқу қызметімізде не ұнады?

-Балалар кімнің суреті ұнады, неліктен?

Әр бала өзіне тиісті жапырақты тандап алып, не үшін алғанын айтып  береді.

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

Тақырыбы: «Күзгі орман»

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы  бояу  патшалығы

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды ұқыпты, таза жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін , қиялдарын және эстетикалық талғамдарын  дамыту.

Оқыту: Бастыру әдісі арқылы  күз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне түсіруге үйрету. Сурет салудың әдіс- тәсілдерін меңгерту.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету, мақтау, монотипия әдісі

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: гуашь бояуы, қыл қаламдар,қарандаш, альбом парақ, табиғат жайында әуен.

Көптілділік: күз-осень, орман-лес

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

-Балалар таңертен балабақшаға келе жатқанда, мен бір нәрсе тауып алдым.

-Бұл не?

-Дұрыс айтасындар, бұл бұтақ. Ненің бұтағы? (ағаштың бұтағы)

ІІ. Негізгі бөлім.

Ал ағаштардың саны көп болса ол не болады? (Орман)

Балалар қалай ойлайсындар, орман дегенді қалай түсінесіндер?…….

Балалар орманның орысша атауы қалай, ал ағылшынша  ше?

Слаидты  қарап,  әңгімелесу.

Ал  күзгі  орман  дегенді  қалай  түсінесіңдер?  Ал көктем  мезгіліндегі орман  қандай  болады?

Біз бүгін Күзгі орманды  сюжетін  бейнелейміз. Орман бейнесіне  бастыру  әдісін  қолданамыз.

Тәрбиешінің түсіндіру жолдары.

Ендеше  мұқият  тыңдаймыз.

Күзгі  ағаштарды  салу үшін: сары,  қызғылтсары  түстерді  таңдаймыз. Қылқаламды  бояуға батырып, жартылай  кепкен  жапырақтарға  жағамыз. Бірнеше ағаштарды  бейнелеу үшін   дәл осындай  әдісті  қолданамыз.

Енді  сюжет  болған соң  түсіп жатқан  жапырақтармен  күнмен  бұлтты  салу арқылы  толықтырамыз.

Міне «Күзгі орман» суреті осылай  пайда болады.

Бұл жерде  қандай қауіпсіздік  ережелерін  сақтаймыз?

Ал  ендеше қолмызды жаттықтырайық.

Саусақ жатығуы. «Күзгі жапырақтар»

Саусақтарым қыдырып.( Саусақтарды ашып-жұму)

Жапырақтар жинады.( Жерден жапырақ жинағандай қимыл көрсету).

Қызыл, сары жапырақ.( Жапырақ теру)

1,2,3,4,5( Барлық саусақты біртіндеп біріктіру)

Біз нешеуін жинадық?( Алақанды жайып көрсету)

Күзгі жапырақтармен (Саусақ ұштарын айналдыру)

Біз көңілді бейледік.                                                                                                                           -Жарайсындар, олай болса суретті салуға кірісейік.

Балалардың өзіндік жұмыстары. Көмек қажет ететін балаларға қолдау жасау.

Қорытынды:

Балалар  жұмыстарынан  көрме  ұйымдастырылады.

-Бүгін біз суретті немен салдық?

Балалар өздерінің салған суреттерін тамашалайды, басқа балалармен  салыстырады. Жақсы салынған суреттерді мақтау.

Әр бала өзіне тиісті смайликті тандап алып, не үшін алғанын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы:  «Жеміс бұтағындағы құстар» (алақан, саусақ)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Құстарға деген қамқорлық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу біліктілігін дамыту.

Оқыту: Шетен  ағашы туралы білімдерін  жетілдіру.  Алақан мен  саусақ  әдістерін  пайдаланып, ағаш бұтағына қонып тұрған құстарды бейнелеу.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын,денсаулық технологиясы, әуен.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, құстардың суреті, ватман қағаз, гуашь бояуы, дымқыл қол орамал                                                                                                                            Көптілділік: әдемі – красивый, құс – птица, крылья – қанат.                                     Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:                                                                                                            Мен  сендерге  жыр  жолдарын  оқып  берейін,  мұқият  тындаңдар                                              Торғай, торғай, тоқылдақ,                                                                                                                    Жерден тары шоқып ап                                                                                                                        Бөтегесін бұлтыйып,                                                                                                                                                       Шық – шық етіп отырмақ.                                                                                                                                       Бұл өлең не  туралы ?

2.Негізгі бөлімі:

Торғай  қандай  құстарға  жатады?

Балалар  тағы қандай  құстарды білесіңдер?

Құстар  нешеге  бөлінеді?

Жыл құстарының   қыстап  қалатын  құстардан  қандай  айырмашылығы  бар?

Олар немен қоректенеді?

Құстардың  қандай  пайдасы бар?

Балалар құстардың дене құрылысын  атайықшы?

Балалар  біз  бүгін  алақан, саусақ  әдісі арқылы  ұжымдық  жұмыс  жасаймыз.

Бүгінгі тақырыбымыз: «Жеміс бұтағындағы  құстар»

Суретін салу технологиясы

Тәрбиешінің  түсіндіруі

Балалар біз бүгін алақан мен саусақтын көмегімен ағаш бұтағындағы құстардың суретін саламыз

Ватман  қағазға  қоңыр бояумен ағашты бейнелейміз

Алақанымызды бояуға батырып ағаш бұталарына қонып тұрған құстарды бейнелейміз.

Қауіпсіздік шарасын естеріне салу:

Саусақ жаттығуы: «Торғай»

Саусақтары бас

Алақаны  қанат

 (алақандар өзіне қарайды, үлкен бармақ өріледі.

Саусақтарды қозғау )

Балалардың өзіндік жұмыстары

Қ/о: «Ұшты – ұшты»

3.Қорытынды:

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

звук

 

            Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы  бояу  патшалығы»                                      

Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнені үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғат ерекшеліктерін бақылай отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту:Табиғат құбылыстарын бақылай отырып,  өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Қағаз бетін дұрыс пайдалана отырып, дымқыл қағазға жаңбыр тамшыларын  түсіруге жаттықтыру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, дымқыл қағаз, гуашь

Көптілділік:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады. (Жаңбыр)

Балаларға терезеге қарап, казір күз мезгілі аспанда бұлт, суық жаңбыр жауып тұрғанын айтады.

Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

2.Негізгі бөлім:

Балалармен слайд бойынша жаңбыр туралы түсінік беру.

Балалар жаңбыр жаумас бұрын алдымен аспанда не пайда болады?

Көркем сөз:

Жауын- жауын жауады

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Үлгіні көрсету, түсіндіру:

Дымқыл қағазға жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіру жолын көрсету.

Балаларға дымқыл қағазбен жаңбырлы күнді қалай салуға болатынын түсіндіру.

Қылқаламмен сүйкей жағып, дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады. Қағаз бетіне біркелкі дымқыл қағазбен сурет салу қадағаланады.

Саусаққа арналған жаттығулар:

-Жаңбыр жауды

-Найзағай шатырлады

-Жел соқты

-Жаңбыр жауды

-Құмырсқалар қашты.

Қауіпсіздік шараларын ескерту. Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша  суретті салу ұсынылады.

3.Қортынды.

Бүгін ненін суретін салды?

Ненін көмегімен салдық?

Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?

Қай жері қиындық тудырды? Балалардың ойлары тыңдалады

Жұмыстарына басшылық жасалады. Аяқтаған жұмыстары ауызша бағаланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы  бояу  патшалығы»                                      

Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнені үйлестіре білуге бағыттау, ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Табиғат ерекшеліктерін бақылай отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту:Табиғат құбылыстарын бақылай отырып,  өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету. Қағаз бетін дұрыс пайдалана отырып, дымқыл қағазға жаңбыр тамшыларын  түсіруге жаттықтыру.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, дымқыл қағаз, гуашь

Көптілділік:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ жасыру:

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады. (Жаңбыр)

Балаларға терезеге қарап, казір күз мезгілі аспанда бұлт, суық жаңбыр жауып тұрғанын айтады.

Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

2.Негізгі бөлім:

Балалармен слайд бойынша жаңбыр туралы түсінік беру.

Балалар жаңбыр жаумас бұрын алдымен аспанда не пайда болады?

Көркем сөз:

Жауын- жауын жауады

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Үлгіні көрсету, түсіндіру:

Дымқыл қағазға жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіру жолын көрсету.

Балаларға дымқыл қағазбен жаңбырлы күнді қалай салуға болатынын түсіндіру.

Қылқаламмен сүйкей жағып, дақтар түсіру тәсілімен де орындауға болады. Қағаз бетіне біркелкі дымқыл қағазбен сурет салу қадағаланады.

Саусаққа арналған жаттығулар:

-Жаңбыр жауды

-Найзағай шатырлады

-Жел соқты

-Жаңбыр жауды

-Құмырсқалар қашты.

Қауіпсіздік шараларын ескерту. Балалар тәрбиешінің көрсеткен үлгісі бойынша  суретті салу ұсынылады.

3.Қорытынды.

Бүгін ненін суретін салды?

Ненін көмегімен салдық?

Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?

Қай жері қиындық тудырды? Балалардың ойлары тыңдалады

Жұмыстарына басшылық жасалады. Аяқтаған жұмыстары ауызша бағаланады.

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы  бояу патшалығы»                                       

Тақырыбы:  «Ағашта жапырақтар түсіп жатыр»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, еңбекке баулу  және   ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Қол  моторикасын, шығармашылық қабілеттерін  дамыту.

Оқыту:  Тіс  щеткасын пайдалана отырып,   шашырату  әдісі  арқылы  жапырақтарды  бейнелеу.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, ақ қағаз,  қатты  қағаздан жапырақтар  үлгісі,  қол орамал, бояу,  тіс  щеткасы,  ермексаз таяқшасы

Көптілділік: ағаш – дерево, листья – жапырақ, түсті — падает

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Күзгі жапырақтар

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Балалар айтындаршы бұл қай кезде болады? (күзде)
2.Негізгі бөлімі:

Балалар  қазір жылдың қай мезгілі?

Кәне күз айларын атаңдаршы?

Күз айының қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Айналаның  барлық жапырақтар сап – сары алтынға ұқсайды екен.Сондықтан біз күзді  «Алтын күз», «Сары күз» деп атаймыз.

Балалар,  сендер  қандай  табиғат туралы тыйым сөздер білесіңдер?

Тыйым сөздер:

Ағашты кеспе!

Бір тал кессең, он тал ек.

Біздің  бүгінгі  тақырыбымыз  «Ағашта жапырақтар түсіп жатыр»

Тәрбиешінің   түсіндіруі

Жапырақ  үлгісін қатты  картоннан  қиып  аламыз.

Жапырақ  үлгісін   қағазға  орналастырып тіс  щеткасын бояуға  малып,  жапырақтарға ермексаздың  таяқшасымен  шашыратамыз.

Қандай  қауіпсіздік ережесін білеміз?

Саусақ жаттығуы «Шынжыр»

Оң және сол қолды түйістіріп,

Жүзіктер сияқты айқастырып,

Шынжыр жасайды.

Балалардың  өзіндік жұмыстары

Қауіпсіздік  ережесін  сақтауға тырысады.

3.Қорытынды:

Балалар бір – бірінің жұмыстарын салыстыра отырып талдайды.

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасату

Әр бала өзіне тиісті смайликті тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы  бояу патшалығы»                                       

Тақырыбы: «Кірпілер отбасы»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Жануарларға қамқор болуға, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың сурет салуға деген  қызығушылықтарын дамыту.

Оқыту: Жәй қарандаштың мәнерлігін көрсетіп, бір және әртүрлі бағытта жасалған штрихтарды орналастыра білуге дағдыландыру.

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: кірпі суреттері және жұмсақ ойыншық, үлестірмелі материалдар, мақталы таяқшалар, қарандаштар, бояулар, қолсүрткіш.

Көптілділік: кірпі-ежик, отбасы-семья

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Жұмбақ шешу

Тұмсығынан торайдың,

Тұмсығы бар аумаған.

Үстiн түгел орайтын,

Тоны ине қаулаған.     (Кірпі)

Балалар жұмбақты  шешеді.

Неліктен  кірпі  деп  ойлайсыңдар?

ІІ. Негізгі бөлім.

-Кірпі қандай жануар?

Ол қайда  тіршілік  етеді?  Немен қоректенеді?

-Балалар өз отбасылары туралы не айта аласыңдар?

-Иә балалар әрбір үйдің өз отбасылары болады. Олар бір-бірімен тату-тәтті

тұрады.

Слаид қарау.

Қалай ойлайсыңдар жануарлардың да өз отбасылары бола ма?

Кірпінің инелері  өзіне  не  үшін  қажет?

Сурет салу әдісі.

Балаларға  кірпілер  отбасы  суретінің  үлгісі  көрсетіледі.

Тәрбиеші сурет  салу  жолдарын көрсетеді. Кірпілер  отбасын   бейнелегеннен  кейін өзінің  сүйікті  тағамдары  салынады.

Қауіпсіздік  ережесін  айту.

Алдымен суретімізді бастамас бұрын қолымызды жаттықтырайық.

Саусақ жаттығуы

Бала, бала балақай,

Кәне қайсы алақай.

Саусақтарын әйбәт,

Былай, былай ойнат.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

Дайын ақ қағазға қарындашты пайдаланып, жартылай дөңгеленген кірпінің бейнесі салы Ішін сұр түсті қарындашпен жұқалап тегістеп бояйды. Содан соң қысқа тік сызықтар түсіру арқылы мақталы таяқшаны бояумен(қоңыр, қара) тікенектерін салады. Тәрбиеші тік сызықтардың арақашықтықтары біркелкі болуына назарларын аударады.

Қорытынды:

Әр баланың қасына барып, өте жақсы салғандарын айтып мадақтау.

Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Кірпінің отбасы бола  ма?

Балаларды мадақтау  мақтау. Көрме жасау.

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

звук

Мектепалды даярлық  тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы бояу патшалығы»                                       

Тақырыбы: «Тиінге саңырауқұлақтар» (май шаммен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балалардың эстетикалық талғамын қалыптастырып тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тиіннің тіршілігі жайында түсінік беру

Оқыту:Саңырауқұлақты дұрыс сала білуге үйрету. Май шаммен жұмыс жасау техникасын меңгеру талаптарын қолдану.

Педагогикалық технолгиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, қол орамал, қағаз, қылқалам, гуашь бояуы, май шам,  санырауқұлақтардың суреттері, екі себет, саңырауқұлақ муляжы, мозайка.

Көптілділік: саңырауқұлақтар – грибы, себет – корзина.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Таңғажайып сәт:

Есік қағылып, тиін көмек сұрай келді, ол қысқа өзіне азыққа саңырауқұлақ кептіріп жинап алмапты

Тиінге көмектесеміз бе?

2.Негізгі бөлімі:

Жұмбақ:

Тіреумен тіреп ақырын

Көтеріп тұр шатырын   (саңырауқұлақ)

Саңырауқұлақ  қайда  өседі?

Саңырауқұлақтың  неше  түрі болады?

Жейтін  қандай  саңырауқұлақтарды  білесіңдер?

Ал жемейтін  қандай  саңырауқұлақтарды  білесіңдер?

Саңырауқұлақтар қай  кезде  көп   шығады?

Саңырауқұлақтар жаңбырдан кейін көп шығады.

Балалар  бүгін  біз  тиінға  көмектесіп  саңырауқұлақ  салып  берейік.

Біз  саңырауқұлақты май шаммен салатын  боламыз.

Саңырауқұлақ суретін салу технологиясы:

Слайд арқылы саңырауқұлақтын жасалу жолы кезең, кезеңімен көрсетіледі.

Саңырауқұлақтын суретін ауада салу:

Қауіпсіздік шараларын айту.

Саусақ жаттығуы

Саңырауқұлақ болайық

Тізе бүгіп отырайық

Жаңбыр жауса көтеріліп,

Өсіп, өсіп алайық.

Ал  енді жұмысқа  кірісіңдер!

Қиналған   балаларға көмектесу.

Балалар, тиін сендерге риза болды оған қысқы азыққа көп саңырауқұлақ жасап бердіңдер

Тиіннің де орманға кететін уақыты болды.

Кірпі  қоштасып  кетіп  қалады.

Қ/о: «Кім себетке көп саңырауқұлақ жинады?»

3.Қорытынды:

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар? Көрме жасату.

Бізге не келді?

Саңырауқұлақ қайда өседі?

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

звук

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы бояу патшалығы»                                       

Тақырыбы: «Жануарлар жолбарыс, барыс, керік, піл бейнесі» (алақан таңбасы, ұжымдық)                      

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Қоршаған ортаны сүйюге, мейірімділікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілетін, зейінің, назарын, көз мөлшерін  қиялын дамыту.

Оқыту: Жабайы жануарлар туралы білімдерін кенейтіп, алақан әдісі арқылы оларды бейнелеуді үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы, алақанмен сурет салу технологиясы                                                                                                            Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, гуашь

Көптілділік: жолбарыс-тигр, арыстан-лев, піл-слон, керік-жираф

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Өлең жолы:

Табиғатты қолдай біл

Аң құсын да қорғай жүр

Білуіміз керек оны біз

Бізде табиғаттың ұлымыз

Табиғат бөлек демеңіз

Сол үшін жауап береміз.

Балалар бұл өлең жолында не туралы айтылған екен?

  1. Негізгі бөлім.

Балалар табиғат дегеніміз-ол бізді қоршаған орта.

Табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ.

Балалар, орманда тіршілік етіп, өз қорегін тауып жейтін жануарларды «жабайы аңдар»

Дұрыс, балалар олар  жабайы  жануарлар орманда және хайуанаттар бағында мекен етеді дейміз.

Олардың жүндері қалың болғандықтан қыста тоңбайды.

Сөз жұмбақ:
1. Тұмсығы ұзын аң?- піл
2. Ең ұзын мойын…(керік)
3. Ыстық елде мекендейтін аң?- арыстан
4. Мысыққа ұқсайтын аң…(жолбарыс)
-Ал жабайы аңдар қайда болады?

Балаларға алақанмен жануарлардың суретін қалай салу керек екенін көрсету.Алақанды бояу арқылы алақанның ізін қалдырып, қылқаламның көмегімен суретті жалғастырып көрсетемін. Балалар мұқият қарап алады.

Саусақ жаттығуы:

Саусақтар шынжыр болады,

Үзілмейді тартсаң да,

Ал, піл келіп шынжырды,

Үзіп кетті басқанда.

Тұмсығымен доп іздеп,

Ойнағысы келіп тұр.

Достық үшін пілге мен,

Гүл сыйлағым келіп тұр.

Сурет салу кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау керек екенін ескерту. Балалар жұмысты жасау ұсынылады. Балалар алақандарын бояп, қағаз бетіне түсіреді. Кейбір балаларға көмек көрсету.

3.Қорытынды.

Біз не туралы сөйлестік? Сендер қандай жануарларды білесіңдер?

Балалар біз нелердің суретін салдық? Немен салдық? Суреттер сендерге ұнады ма?

Суреттерден көрме ұйымдастырып, балаларды мақтап, мадақтау. Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сиқырлы бояу патшалығы»                                       

Тақырыбы: «Ағаштағы қырау».(май шам)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларды қоршаған ортаға деген  сүйспеншіліктерін арттырып, оны қорғауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Жұмыс жасау іскерліктерін, ұсақ моторикаларын дамыту.

Оқыту:Ағаштағы қырау туралы түсінік бере отырып, май шаммен суретін салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын, денсаулық.

Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, бояу, май шам, су, сүлгі.

Көптілділік:қырауиней, қырау басқан ағаш-деревья покрытые инеем, май шам-свеча.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, мақтау, мадақтау

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

-Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, тауып кріндер?

Аяз қысып,

Өрнек сызып.

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып.

Сырғанап балалар ойнайды.

-Бұл қай кезде болады?

-Дұрыс айтасындар, қыста.

ІІ.Негізгі бөлім.

Қыста далада не болады?

Біз далаға шыққанда нені көреміз? Ағаштарға не пайда болады, есімізге түсіру.

Дұрыс айтасындар балалар далада ағаштарды қырау басады, сондықтан біз бүгін ағаштардын суреттерің салуға үйренеміз.

Содан соң балаларға үлгі қойып, қырау басқан ағаштардын суретің май шам арқылы салуға үйрету.Кейін әр бала өзі, сурет салуға кіріседі.

Жақсы қатысып жатқан балаларды мадақтау.

Қыс.Қар болады.

-Ағашаштарды қырау басады.

Балалардың іс-әрекеттерін бақылау.

Саусақ жаттығуы:

Орманда қараңғы (Екі қолдың білектерін біріктіре саусақтарды жан жаққа ашады(Орман)

Бәрі-бәрі ұйқыда(Алақандарын беттестіре жақтарына таянып «ұйқыға кетеді»

Үкі ғана ұйықтамапты(Бас бармақ пен сұқ саусақтың ұштарын біріктіре дөңгелектеп көздерін қояды.(үкінің көздері)

Маңғазданып отыр қатты(Қолдарын жан-жаққа жая ұщып, басқа орынға ауысады)

Қараңғыға қанат қақты.

Сурет салу әдісі:

Бастапқыда қағаз парағында қарындашпен жеңіл қимылдармен ағаштың суретін салып аламыз. (Қарындаш қолданбай да бірден май шаммен сурет салуға болады). Май шамның суреті көрінбейді, бірақ ол сезіледі.Ыдысқа кез келген бояу түрі таңдалып, езіледі. Қағаз бетіне тегістей қылып май шамды жағып шығамыз.Ашық жерін қалдырылмау керек.  Бояу кезінде майшаммен салынған суреттер біртіндеп көріле бастайды.

Қорытынды:

Жасаған ағаштарды көрсетеді.

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады. Көрме жасау. Жасаған жұмыстарын көрсетіп, мақтап-мадақтау.

 

 

звук

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Дәстүрден тыс сурет салу                                       

Тақырыбы: «Қар ұлпасы» (Мақта таяқшасымен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Мақта таяқшасымен жұмыс істеу техникасын қалыптастыру, жұмысты тиянақты және ұқыпты жасауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Өрнектер ойлап табудағы шығармашылықтарын көрсету ынталандыру.

Оқыту: Шілтердің элементтерін қолдана отырып, қардың суретін салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, көгілдір қағаз, қол орамал, ақ гуашь, мақта таяқшасы.

Көптілділік: қар – снег, қыс — зима

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

Жазда болмайды

Қыста болады

Терезеге қонады,

Әдемі ою ояды  (қырау)

 

Батырмай жерге қонады

Қыста ғана болады

Жердің беті оңады.

Ұстасаң қолың тоңады  (қар)
2.Негізгі бөлімі:

Балалар, кәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Балалар мына орамалды маған әжем сыйлаған. Ол өзі тоқыған.Мұндай әдемі өрнекті қалай ойлап таптың? – деп мен әжемнен сұрадым.

-Ал сендер өрнек неге ұқсайтынын таптыңдар ма?

-Орамалдағы өрнек қарға ұқсайды

-Бір жіппен тоқылған және бір бірімен байланысқан элемент

-Өрнектегі элементтері  (толқын, ирек, доға)

Қар ұлпасының суретін салу технологиясы:

— Қар ұлпасын салғанда көк немесе көгілдір қағаз аламыз, ақ бояумен саламыз

-Өрнекті ортадан бастаймыз, жұмысты ретімен орындалуына көңіл бөлінеді

Саусақ жаттығуы «Шынжыр»

Оң және сол қолды түйістіріп,

Жүзіктер сияқты айқастырып,

Шынжыр жасайды.

Балалардың қауыпсізідік ережелерін естеріне салғызу.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

3.Қорытынды:

Қар ұлпалары әрқайсыныкі әр түрлі,өзінше бір әлем

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар? Балалардың еңбегін мадақтау. Көрме жасау

Әр бала өзіне тиісті смайликтерін тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы: «Қар ұлпасы» (Мақта таяқшасымен)

Мақсаттары:

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қыс табиғатының ерекшеліктерін сезіне отырып, жұмысты тиянақты және ұқыпты жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Балалардың елестету арқылы, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Қыс мезгілінде болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып, шілтердің элементтерін қолдана отырып, қардың суретін салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, көгілдір қағаз, қол орамал, ақ гуашь, мақта таяқшасы.

Көптілділік: қар – снег, қыс — зима

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

Жазда болмайды

Қыста болады

Терезеге қонады,

Әдемі ою ояды  (қырау)

 

Батырмай жерге қонады

Қыста ғана болады

Жердің беті оңады.

Ұстасаң қолың тоңады  (қар)
2.Негізгі бөлімі:

Балалар, кәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

-Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Балалар мына орамалды маған әжем сыйлаған.

Ол өзі тоқыған.Мұндай әдемі өрнекті қалай ойлап таптың? – деп мен әжемнен сұрадым.

-Ал сендер өрнек неге ұқсайтынын таптыңдар ма?

-Орамалдағы өрнек қарға ұқсайды

-Бір жіппен тоқылған және бір бірімен байланысқан элемент

-Өрнектегі элементтері  (толқын, ирек, доға)

Қар ұлпасының суретін салу технологиясы:

— Қар ұлпасын салғанда көк немесе көгілдір қағаз аламыз, ақ бояумен саламыз

-Өрнекті ортадан бастаймыз, жұмысты ретімен орындалуына көңіл бөлінеді

Саусақ жаттығуы «Шынжыр»

Оң және сол қолды түйістіріп,

Жүзіктер сияқты айқастырып,

Шынжыр жасайды.

Балалардың қауыпсізідік ережелерін естеріне салғызу.

Балалардың өзіндік жұмыстары.

3.Қорытынды:

Қар ұлпалары әрқайсыныкі әр түрлі,өзінше бір әлем

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар? Балалардың еңбегін мадақтау. Көрме жасау

Әр бала өзіне тиісті смайликтерін тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы: «Қысқы орман».(Қатты қылқалам)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып, қамқор болуға тәрбиелеу.  

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Қысқы орман туралы мәлімет беріп, қатты қылқаламның көмегімен нұқу әдісін салуды үйрету.

Педагогикалық технологиялар: Акт, ойын, денсаулық

Ресурстармен қамтамасыз ету: акварель бояулар немесе түрлі-түсті гуаштар, суға арналған ыдыс,қылқаламдар, альбом ақ парағы,дымқыл қол сүрткіш,клей.

Көптілділік: қыс-зима,қысқы орман-зимний лес, шырша-елка, ағаш-дерево, қар-снег

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастыру кезені

Ғажайып сәт: орманшының келуі.

Саламатсыңдар ма балалар. Менің орманымда шырша, ағаштар азайып кетті. Балалар маған көмектесіп, орманыма шырша, ағаштардың түрлерін сала аласыңдар ма? Маған көмектесіңдерші. Балалар көмектесеміз ба?

Негізгі бөлім:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыста неше ай бар?

Қандай айлар?

-Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?

Слайдпен жұмыс.

Балалар барлығымыз тақтаға назар аударалық.

Тақтада не көріп отырмыз?

-Қысқы орманда нелерді көріп отырсыңдар?

Орманда қандай жабайы аңдар болады?

-Аңдарды қыстың қатты үскірік аяздарынан не қорғайды?

Қыста аңдар немен қоректенеді?

Қыста қоян мен тиыннын жүнінің түсі қалай өзгереді?

Аю қыс бойы апанында жатып ұйықтайды.

Орманда орманшы тұрады. Олар орманда өмір сүретін жан-жануарларды қорғайды. Орманшылар жануарлардың ауырмауын, ағаштарды ешкім кеспеуін, өртемеуін бақылайды.

Акварель боялар арқылы қатты қылқаламның көмегімен «Қысқы орман» суретің салу.

1 топ:Бұл үшін алдымыздағы альбом қағазымызға шыршаны, ағаштың суретін салып көрсетейік.

II топ: Ал екінші топ алдымен қысқа ағаштардың түрлерін салайық. Содан кейін өзіміз әр түрлі ұзын ағаштарды салып көрсетейік.

III-топ.Барлығымыздың  үлкен, орташа, кішкентай орман ағаштарын саламыз.

Саусақ жаттығуы

Бір көжекке бір көжек
Келе қалды қонаққа,
Бес сәбізден бірден жеп,
Тойып алды тамаққа.
Айта қойшы алғырың
Қанша сәбіз барлығы?

Сурет салатын балалар шырша жолымен жүріп, шыршаны санап, орнымызға барамыз, ал қысқа ағаштарды салған балалар ақ қала жолымен жүріп, ақ қаланы санап, орнымызға барамыз. Үшінші топ балалары Қар жолымен жүріп, қарларды санап, орнымызға барамыз.

Балаларды ортаға шақыру.

Қорытындылау.

Балалар суретте ненің бейнеледіңдер?

Жарайсыңдар балалар.

Бүгін барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар.

Орманшы сізге біздің балаларымыздың жасаған жұмыстары ұнады ма?

Ендеше балалардың жасаған жұмыстарын сізге тарту етемін.

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

звук

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу  патшалығы                                      

Тақырыбы: «Әсем шырша» (шанышқы және мақта таяқшасы)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, дәстүрден тыс сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:  Балалардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Шырша мерекесінен алған әсерлерін, шанышқының көмегімен бейнелеуге үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, ақ қағаз, қол орамал, гуащь, шанышқы, мақта таяқшасы.

Көп тілділік: шырша – елка, жасыл — зеленый

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

Қысы – жазы бір түсті  ( шырша)
2.Негізгі бөлімі:

-Кәзір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдар?

Сұрақ – жауап шырша туралы

-Шыршаның түсі қандай?

-Қай мерекеде шыршаны көреміз?

-Оны қалай, немен безендіреміз?

Ойыншықтармен безендірген шырша ағашының үлгісін талдау.

-Ойыншықтардың пішіні қандай?

-Түстері қандай?

«Кішкентай шырша» әні

Түсіндіру, көрсету

Үлгі суретті көрсетіп,  дәстүрден тыс әдісті қолданып ретімен салғызу

Шыршаның суретін салу технологиясы:

Шыршаның өзіне тән ерекшелігін беру, бұтақтарын төмен бағыттап, шанышқының көмегімен инелерін бейнелеу.

Қауыпсіздік ережелерін естеріне салғызу

Саусақ жаттығулары:

Оң саусағым шаршады,

Сол саусағым шаршады.

Саусақтарым бірігіп билеп, билеп алады.

Балалардың өзіндік жұмыстары

Балалар суреттерін салып болған соң оқу қызметін мына өлең жолымен аяқтады

Шырша

Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

-Ал енді ойын ойнағыларын келе ме?

Ойын: «Шыршаны кім жылдам безендіреді?»

Шарты:Балалар екі топқа бөлініп, алдында тұрған екі шыршаны жылдам безендіру керек.

3.Қорытынды:

Шырша ағашы жайлы қысқаша айтып қортындылау.

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау

Әр бала өзіне тиісті ойыншықты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық  тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы: «Аққала» (сабын көпіршіктері)

Мақсаттары:

Тәрбиелік:  Балаларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін, шығармашылықтарын, эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқыту: Қардың қасиетерімен таныстыра отырып, сабын көпіршіктерімен сурет салуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын,денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, ақ қағаз, қол орамал, гуашь, қылқалам, су құятын ыдыс, су сабын

Көптілділік: аққала – снеговик, қыс – зима, қар – снег.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар сезесіңдер ме? Топ бөлмесі салқындап кеткен сияқты.

Тықырлатып біреу келе жатқан секілді. Бізге кім келеді екен?

Таңғажайып сәт:

Топқа Аққала  келді

Жұмбақ:   

Мені ешкім көрген жоқ,

Қыста ғана боламын.

Көздерім қара көмірден,

Мұрным менің сәбізден.

Суықпын, аппақпын,

Мен кім екенмін?  (аққала)                              
2.Негізгі бөлімі:

-Неге оны осылай атаймыз?

-Оны қалай жасаймыз?

— Балалар біздің аққаланың  көңіл күйі жоқ тәрізді

Аққала:

Сендер бәрің көңілді бірге жүресіңдер.

Мені балалар жалғыз қалдырып үйлеріне кетіп қалады, содан кейін көңіл – күйім болмайды. Мен суретте де жалғызбын

Педагог:  

-Біз баллармен саған көмектесейік. Саған достарының суреттерін салып берейік.

Аққала: — әрине маған дос керек

Аққаланың суретін салу технологиясы:

-Ендеше жұмысты бастайық. Жұмыстың орындалу ретін таныстыру.

1.Бояу стаканына көгілдір бояуды шамалап құямыз, су құйып, су сабын құйып араластырамыз сабын көпіршігі пайда болады.

  1. Сол көбіктің үстіне ақ парақты жапқанда аққаланың домалақ денесі пайда болады. Аяғын, денесін, басын біріктіріп осылай жасаймыз.

3.Көзін, мұрнын аузын қылқаламмен бояймыз

 Саусақ жаттығуы:

Бір қолымда  бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім екеуін

Болып шықты он саусақ

Балалардың өзіндік жұмыстары тәрбиешінің қолдауымен.

Қауыпсіздік ережелерін сақтауын айтып кету.

— Балалар аққаланың көңілін көтерейік бірге ойын ойнайық.

Д/о: «Аққала құрастыру»

Сендер Аққалаға көп – көп достар тауып  бердіңдер, аққала қуанып кетті.

3.Қорытынды:

Аққаламен қоштасты

Балалар сендер ненің бейнесін салдыңдар?

Балалардың еңбегін мадақтау

Көрме жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                                                            

Тақырыбы: «Әйнектегі аяз салған оюлар»

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қоршаған ортаның сырларын қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық:Қыс мезгіліндегі  әйнектегі  өрнекті көру арқылы  іскерліктерін, ой-қиялдарын дамыту.

Оқыту: Балаларға қыс мезгілі туралы мағлұмат бере отырып, табиғат ерекшеліктерімен таныстырып, бейнені қағаз бетіне майшамның көмегімен бейнелеуге үйрету.  Балалардың ойын көз алдына елестету арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, мақтау, мадақтау

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: Аяз көрінісінің суреттері, бояу, спонж таяқшалары, қылқалам, су, сүлгі, Е.Борисовнаның “Аяз салған өрнектер” туындысы,аяз өрнектер суреттері мен слайдт.

Көптілділік:  Аяз-мороз, әйнек-окно, өрнек-узор.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

“Жұмбақты шеш” ойыны

Мамықтай ұлпа, қанттай ақ,

Қыста жер бетін басады,

Жазда сайға қашады.

Қолы жоқ сурет салады,

Аузы жоқ тістеп алады.

Қанаты  жоқ  ұшады,

Аяғы жоқ желеді

Аузы жоқ ұлиды.

Есік қағылады, қонаққа Қар Ханшайымы келеді.

Балалар мен сонау алыс орманнан келдім. Сендерге Аяз ата сәлем айтты.

Дидактикалық ойын “Қарға байланысты сөздер

Мысалы: Ақша қар, жапалақ қар, мұздақ қар, үлпілдек

қар, қарша қыз, аққала, боран, мұз, аяз .

-Балалар аязды күні терезедегі өрнектерді көргендеріе бар ма?

-Олай болса біз бүгін сендермен терезедегі өрнектер суретін  дәстүрден тыс әдіс арқылы салуды үйренеміз. Ол үшін бізге сиқыршы  көмектеседі.

Суретпен жұмыс, суреттерді салыстыру.

Е.Борисовнаның “Аяз салған өрнектер” туындысын қарау.

Өрнектер жіңішке қылқаламмен, мөлдір бояулармен салынған. Олар: бұтақшалар,гүлдер, ертегі ағаштары, ал фотоға түсірілген суреттерде жұлдызшалар,бұтақшалар,гүлдер,ертегі ағаштары, қамалдар, құстар.

Мұқият қараған адам әркез бұл өрнектерді таниды.

Өрнек қалай пайда болады? Далада аяз, ал үйде жылы.

Терезе бусанып тұр, ал үйде де салқын болған кезде су қатады да, мұз

түйіршіктеріне айналады, терезедегі оюлар осылардан құралады.

Тәрбиешінің үлгісін қарап көру.

Қараңдаршы аяз менің тереземе қандай суреттер салған.

Әсіресе қараңғы болғанда оюлар жақсы көрінеді.

Саусақ жаттығуы“Бес саусақ”

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі

Қар Ханшайымы балалардың қимылын жеке –жеке түзетіп,

оларға  мақтау сөздер айтып, көмектесіп отырады.

Орындау тәсілін көрсету.

1.Терезенің ақ түсті аясына бұйралар, бұтақшалар және

қар ұшқындарын саламыз. Біздің өрнегіміз көрінбейді ғой! Өйткені парақ та,

өрнек те ақ түсті.

2.Терезенің аясын спонж таяқшалары көмегімен көк түспен

бояймыз –өрнектеріміз көріне бастайды.

Орындау тәсілін бекіту

Біз бүгін не саладық? Аяз өрнектерін қалай және ненің

көмегімен саламыз?

Қорытынды:

Орындау тәсілін бекіту

Біз бүгін не саладық? Аяз өрнектерін қалай және ненің

көмегімен саламыз?

Аяз Ата келіп, балаларды мадақтап, жұмыстарын

бағалайды, сыйлық береді.

Балалар жұмысын көрмеге қою.

Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады.

 

звук

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                       

Тақырыбы: «Бұта түбіндегі қоян» (Түтікшемен үрлеу арқылы)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Қыс табиғатының ерекшеліктерін сезіне отырып, жұмысты тиянақты және ұқыпты жасауға тәрбиелеу

Дамытушылық: Көз мөлшерін, зейінін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Оқыту: Балаларды түтікшемен үрлеу әдісін пайдалана отырып, бұтаның суретін салуға үйрету. Бояуды қолдану арқылы қоянды бейнелеу.

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын, денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: үлгі сурет, ақ қағаз, дымқыл қағаз, гуашь

Көптілділік: қоян-заяц, қыс-зима,орман-лес

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Балалар бәріміз көзімізді жұмып,өзімізді орманда жүргендей елестетейік.

Қазір жылдың қай мезгілі? Орман қандай түске енген? Жерде не жатыр?

Ағаштардың басын не жапқан? Жарайсыңдар, балалар енді көзімізді ашайық.

2.Негізгі бөлім:

Слайд бойынша жұмыс. Орманда қандай аңдар өмір сүреді? Осы орманда өмір сүретін аңдарды қандай аңдар деп айтамыз? Қандай аңдар қыс мезгілінде ұйқыға кетеді?

Д/о: «Қай аңдардың ізі». Шарты: Қай аңның ізі екенін және жасырынған аңды табады.

Жұмбақ жасыру:

Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады. (Қоян)

Енді сендер мына суретке қараңдаршы ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар қоян қыста түсін ақ түске, жазда сұр түске өзгертеді екен.

Қоян қыста үйілген маялардың түбінде, не ағаш қуыстарында қыстайды. Қорегі –түрлі шөптер, ағаш қабықтары. Ол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Қыста ақ тон киіп, ал жазда қоңыр тонын киеді. Қоянның дене мүшелерін суреттен көрі арқылы әңгімелеу.

Балаларды түтікшемен үрлеу әдісін пайдалана отырып, бұтаның суретін салып көрсету. Сонымен қатар бояуды қолданып  қоянды бейнелеп көрсету.

Сергіту сәті:

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына

Қиығын салып көзінің

Келе жатқан томпаңдап

Көжегі екен өзінің.

Қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. (Бояуларды дұрыс қолданамыз, бір-бірімізге кедергі жасамаймыз. Түтікшені пайдаланғанда ауаны тек үрлейміз, ауаны ішке тартуға болмайды)

Балалар жұмысты жасау ұсынылады. Кейбір балаларға көмек көрсетіледі.

3.Қорытынды:

Балалар біз қайда саяхатқа шықтық? Қысқы орманда қандай аңдар өмір сүреді екен?

Қоян қандай аң? Бұтаны қалай бейнеледік? Сендерге оқу қызметі ұнады ма?

Балаларды мақтау. Смайликтер арқылы көңіл күйлерін бақылау.

 

 

 

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Өткізу күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы: «Ормандағы үй» (Жіппен)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Үйді қағаз бетіне дұрыс орналастырып қол қимылын қалыптастырып, эстетикалық талғамда тәрбиелеу.

Дамытушылық: Ұсақ моторикасын, көз мөлшерін, зейінін дамыту.

Оқыту: Қағазды бүктеп түрлі түсті бояуға жіпті батырып үйдің бейнесін салуды үйрету

Педагогикалық технологиялар: АКТ, ойын,денсаулық технологиясы.                                                                                     Ресурстармен қамтамасыз ету: Үлгі сурет, ақ қағаз, қол орамал, гуащь бояуы, жіп,

Көп тілділік: дом – үй, менің үйім – мой дом

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы                                                            Ұйымдастырушылық кезеңі:

Жұмбақ:

Төрт қарны бар,

Бір аузы бар  (үй)
2.Негізгі бөлімі:

-Үй адамға не үшін керек?

— Үйді кім салады?

-Үйлердің суретін көрсетіп оның құрылысы туралы әңгімелеп түсінік беру.

-Үй қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

Дәстүрден тыс әдіспен жіппен үй салу жолын көрсетіледі.

Салу техникасын көрсету:

-Алдымен ақ парақты алып, екіге теңбе тең бүгеміз.

-Парақтың екінші жағына, жіпті бояуға батырып, қағаз бетіне үй пішінін жіппен құрастырамыз.

-Сол жағындағы парақты жіптін үстіне әкеліп, бастырамыз.

-Парақты ашқан кезде үйдің пішіні пайда болады.

-Қалған жерін, қылқаламмен суретті аяқтайцмыз.

Қауіпсіздік ережелерін және тазалық шаралары ескертіледі:

Санамақ: «Бір үйде біз нешеуміз?»

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым атам

Балан үйрек әжем,

Ортан терек әкем,

Шылдыр шүмек анам,

Кішкентай бөбек мен

Бір үйдеміз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Балалардың жеке жұмыстары, тәрбиешінің қолдауымен.

Ойын: «Менің үйім»  (жұмсақ бөлшектерден үй құрастырту)

3.Қорытынды:

Балалар сендер не салдыңдар?

Балалардың еңбегін мадақтау

Балалардың жұмыстарынан көрме жасау.

 

 

 

Мектепалды даярлық топ тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.

Күні:

Тәрбиеші:

«Вариативтік компонент» білім беру саласының ұйымдастырылған оқу қызметі: Сиқырлы бояу патшалығы                                      

Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар» (Сабын көпіршіктері)

Мақсаттары:

Тәрбиелік: Бейнелеудің түрлі техникасын пайдалануға машықтандырып жұмысты ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Балалардың байқағыштығы мен қиялын  дамыту

Оқыту: Сабын көпіршіктері арқылы суретті бейнелеуге үйрету. Бояуларды араластырып, қажетті түстерді ала білуге, бояу жарасылымдылығын сезінуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, көрсету, мақтау, мадақтау

Педагогикалық технологиялар: Акт, денсаулық, ойын

Ресурстармен қамтамасыз ету: тақырыпқа сай суреттер, бояулар, су құйғыш, қылқалам, сүлгі, коктейльдің трубочкалары, аквариум суреттері

Көптілділік: балық-рыба, су-вода

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І. Ұйымдастырушылық кезеңі

Жұмбақ:

Суда өседі, өнеді,

Сыртқа шықса өледі.

-Балалар бұл не?

-Дұрыс айтасындар, бұл балық.

ІІ.Негізгі бөлім.

-Біздің тобымызда балықтар барма, олар қайда?

Балалар мына аквариумға қараңдаршы. (топтың ішіндегі аквариум)

— Енді тобымыздағы аквариумдегі балықтардың қасына барайықшы. Олардан аквариум туралы білетіндерін сұрап, сұрақтарға жауап аламын.

— Аквариумдағы балықтарды немен қоректендіресіңдер?

— Қалай ойлайсыңдар, аквариумдағы балықтардың табиғи су қоймаларындағы балықтардан айырмашылығы қандай?

— Балықтар өзара ұқсас па?

— Мына үлкен балықтың түсі қандай?
— Қызыл.
— Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?
— Ақ балық.
— Дұрыс айтасыңдар.
— Балықтар өзара ұқсас па?

(Олар ұқсас. Бәрінің денесі, басы, құйрығы, жоғары, төменгі қанаттары, желбезегі, аузы, көзі, денелерін қабыршықтар жапқан)

Сергіту сағаты.(қол қимылыдарын көрсету)

Мөп — мөлдір таза суда,

Балық жүзіп ойнайды.

Біресе керіледі,

Біресе жиырылады,

Біресе құмға тығылады

Балалар, аквариумдағы балықтарға анда-санда қарап отырсан жүйке жүйен

( шаршағаның)  жақсарып, көңіл-күй сергіп қалады екен 

-Енді барлығымыз орнымызға отырып «Аквариумдағы балықтар» тақырыбында суретімізді сабын көпіршіктер арқылы саламыз.

Сурет салу.

Әрбір балаға алдын ала салынған аквариум суреті  салынып үлестіріледі.

-Қараңдаршы бұның ішінде не жетіспейді? (Балықтар)

— Осы қағаз бетідегі аквариумның суретке,  әр түрлі- түсті бояуларды қолдана отырып балықтардың суретін өз қиялдарымен қағаз бетіне салады.Ыдыстардағы сабынды ерітіндісімен түтікше арқылы  түрлі – түсті көпіршектерді үрлейді.

  1. Қорытынды:

Жасаған жұмыстарына қарай сұрақтар қою. Жұмыстары бағалап, мақтау.

 Әр бала өзіне тиісті смайликты тандап алып, не үшін алғаның айтады. Көрме жасау.

 

зву

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.