Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі

  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою

  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы

  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»

  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.

  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»

  • Ертегілер еліне саяхат

  • Армысың, әз-Наурыз!

  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

Балабақша
Home›Балабақша›Бала- тәрбиенің алтын бесігі

Бала- тәрбиенің алтын бесігі

By admin
21 июня, 2019
2864
0
Share:

 

Куатова Саулет Кадыровна

«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» — деп қазақ халқы бекер айтпаған. Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Кішкентай сәбилеріміз ата — анасының, тәрбиешісінің, достарының мінезінен, жүріс — тұрысынан, сөйлеген сөзінен, істеген ісінен үлгі алуға тырысады. Бала бойына адамгершілік қасиеттерді ойын, салт — дәстүр, мақал — мәтелдер, ертегілер, жұмбақтар, айтыс өлеңдер арқылы сіңіру ата — ана мен тәрбиешілердің     басты         міндеті.
Ертегінің тәрбиелік мәні зор. Ол сәбидің қиялына қанат бітіріп, бойындағы игі қасиеттердің қалыптасуына жол бастайды. Мысалы, «Шалқан» ертегісін тыңдап болған соң, балалар шалқанды көптің көмегімен жұлып алғанын білді. Ал, «Ақмышым» ертегісін тыңдап болып, кішкентай бүлдіршіндер қамқорлық,         мейірімділік        сезімдерімен          танысты.
Адамгершілік дүниесіндегі ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып келе жатқан қымбат қазыналарымыздың бірі – бесік жыры, мақал — мәтелдер болып келеді. Сәбилер «бесік жырын» тыңдай отырып, ананың бесік жырымен, әлдиімен, өзінің туған тілінің әуенінен тұңғыш рет нәр алады. Мақал — мәтелдер арқылы кішкентай бүлдіршіндеріміздің қайырымдылық, ілтипат сезімдерін арттырамыз, адамгершілік сезімдерін оятамыз. «Үлкенге – құрмет, кішіге — ізет» деген мақал – мәтел арқылы бала бойына үлкенді құрметтеу, қамқорлық           сезімдерін туғызамыз.
Балаларды еңбек сүйгіштікке баулу арқылы, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін          дамытуға    болады.
Өз –       өзіне           қызмет       ету;
— Кішкентай топтарда балалар тәрбиеші көмегімен киініп, жуынып, сүртінеді, бір — біріне көмектеседі, «рахмет, кешір, өтінемін» сөздерін айтуға үйренеді. Ұжымға қосылады, балалардың өзара ұжымда қарым — қатынастары қалыптасады. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі       жасалмайды.
— Тұрмыстық қызметте топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты таза ұстау дағдылары қалыптасады. Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т. б дайындауға көмектеседі. Осылайша, біз бүлдіршіндерімізді қайырымдылыққа, кішіпейілділікке шақырып, жақын адамдарына қамқор болуға үйретеміз.
— Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңымызды таза ұстауға үйренеді. Бірде серуенде сәбилерді жапырақ жинауға шақырдым, балалар 2 — 3 жапырақ жинаған соң «жинағым келмейді» деп тарай бастады. Сол кезде мен жұмыс жоспарын ойын жоспарына айналдырып жібердім, әкелген жапырақтардан бастарына гүлшоқ жасадым, оны көрген кішкентайлар қуанып, барі де жинай бастады. Бұл серуенде балаларды тек қана жапырақ жинауға емес, топпен жұмыс жасауға, үлкендерге көмектесуге, еңбексүйгіштік қасиетінің алғашқы игеріміне баулыдым.

Әрбір жасалынған істен кейін «Жарайсыңдар балалар! Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды, бәрекелді!» деген сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің дұрыс екеніне көз жеткізеді. Ұжым болып жұмыс жасай білуі, ұқыптылық, ізденімпаздық, аяушылық, қамқорлық, сезімдерін бойына сіңіруі    аса     маңызды.
Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірту – ата — ана мен ұстаздардың басты міндеті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттерін сіңіріп, өз — өзіне деген сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші рөл атқарады. Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу күнделікті балабақша өмірінде, тәрбиешінің жұмыс күнін ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы турде қамтылады. Тәрбиешінің тәртібі, іс — қимылы, балалармен, үлкендермен қарым — қатынасы кішкентай сәбилер үшін үлгі болып, олардың жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Балабақша мен отбасы арасындағы тығыздық артқан сайын бүлдіршіндеріміздің адамгершілік құнды қасиеттері арта түседі. Осыдан келіп, бүлдіршіндерімізде жақсы қылықтар, ұжымдық қарым — қатынас, адамгершілік сезімдері, еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, жауапкершілік, патриоттық сезімдер туралы түсініктер қалыптасады. Кішкентай бөбектеріміз адамгершілік қасиеттерді ата — анасынан, үлкендерден, тәрбиешілерден насихаттау арқылы емес, тек шынайы көру, сезіну қатынасында алады. Адамгершіліктің құнды қасиеттерінің негізі отбасында қалыптасады,
Адамгершілік тәрбие отбасынан бастау алатын болғандықтан инабаттылық, мейірімділік, ана сүтімен, ана тілімен келетіні анық. Сол себепті халық даналығы: «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді» бекер айтпаған. Дана, ойшыл Абай атамыз бұл туралы былай деген: «балаға мінез үш алуан адамнан жұғады; бірінші – ата — анасынан, екінші – ұстазынан, үшінші – құрбысынан».
Адамгершілік- әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар көзі – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет — ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс – тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Қазақ халқы баланы жастайынан жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла, жолын кеспе» деген ұлағатты, тыйым сөздердің мәні зор. Бала бойына кішіпейілділік, сыпайылық, сыйластық сияқты қасиеттерді сіңіре білсек, адамгершілік тәрбиесінің жемісіне бөленетініміз анық!
Тәрбиенің алтын бесігі — балабақшамыздағы сәбилерімізді адам баласына тән асыл қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық!

 

Previous Article

Қысқы киімдер

Next Article

Эссе «Воспитатель звучит благородно»

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Біз батырдың ұрпағы

    23 апреля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Баяндама «Интерактивті технология»

    5 июля, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ

    2 апреля, 2018
    By admin
  • Балабақша

    Дом дружбы

    2 апреля, 2018
    By admin
  • Балабақша

    «Имя существительное. Творительный падеж»

    4 января, 2018
    By admin
  • БалабақшаБалабақша әдістемесіБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Перспективалық жоспары. 2018-2019 оқу жылының базалық оқу жоспары. 2019 жыл, Қаңтар айы Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»

    9 декабря, 2018
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Тәрбие сағаты

    «Бағдаршам және мен»

  • Жалпы рубрика

    Hairdressing tools

  • Балабақша

    Тамаша көңіл күй әлемінде

 

Жаңа жарияланымдар

  • Балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережесі
  • ҰБТ кезіндегі стрессеті жою
  • Робототехника — балаларды дамытуға бағытталған технологияның пайдасы
  • Ортаңғы топ балаларына арналған ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ «Физкультошка»
  • спорттық үйірме «Спорттық карусель»
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • Дене шынықтыруда Су- джок терапиясын қолдану.
  • «Батыр бабамыз — Бейбарыс»
  • Ертегілер еліне саяхат
  • Армысың, әз-Наурыз!
  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

Күнтізбе

Июнь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 
« Май    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика