Көңілді ойындар

Тобагабулова Майра Дукеновна

Мақсаты: Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай ажырата білуге үйрету.

Көру, есту, арқылы өз беттерімен іс – әрекет жасауға үйрету.

Балалар бүгін бізде – ерекше күн.Өйткені бізге қонақтар келді.Балалар, бәріміз бірінші қонақтармен амандасып алайық.

Енді, орнымыздан тұрып шаттық шеңберін айтамыз:

Бала бала балапан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың айбат,

Былай, былай ойнат.

Топ, топ, топ басайық

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн,

Балалар біздің сабағымызға аюда келемін деп, орманда адасып қалыпты. Кәне, орманға барып тауып алайық.

-Балалар орманға қандай көлікпен барамыз.

-Олай болса, қане машинамен орманға барайық.

-Балалар орманға келдік, қәне қарайықшыаю қайда адасып жүр екен.

Оңға қарайық, солға қарайық, міне аю  табылды.

-Өте жақсы олай болса  балалар аюды ренжітпей тобымыға алып кетейік.

-Кәне, машинаға отырайық. (Пип-пип пип, –пип, пип-пип – пип).

Балалар біз бірінші аюмен амандасып алайықшы.

Жарайсыңдар, балалар үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға салайық.

-Балалар үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар бар

-Ендіше біздің ойынымыздың аты:

«Түсін ажырат» деп аталады.

-Балалар аюға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.

-Өте жақсы балалар түсін ажыраттық,

Енді шарларға қарайықшы, шарларға суреттер бейнеленген  екен. Бұл ненің суреттері ?

-Дұрыс айтасыңдар олай болса келесі: «Пішіндерді атау»деген ойынымыз.

Өте жақсы енді аюдың ойындарын қарайықшы:

Келесі ойын «Салыстыр»деп аталады.

-Балалар мына ойыншық қалай аталады?

Мына машина қандай?

Ал мына машина қандай?

(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады).

-Мына доп қандай?

-Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?

Олай болса балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.

Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық:

Добым, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тарелкені сындырдың.

Өте жақсы келесі ойынымыз: «Өз түсіңді тап» музыка әуенімен

Көбелектер би билеп жүреді, музыка тоқтағанда әр көбелек өзі түстес гүлге қона қалады.

(Ойын 1 – 2 рет қайталанады).

Өте жақсы.

Ал балалар біз аюға не айтамыз, тақпақ айтып беріп, рахмет айтамыз.

  • Балалар біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
  • Бүгін біз нені қайталадық?
  • Қандай ойын ойнадық?
  • Сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсетіңдер?

Ал, енді балалар орманға аю кетем дейді. Аюға біз «Сау бол» деп айтайық. Мынау сендерге аюдан естелік.

 

Келіп, көңіл қойып тыңдағандарынызға,  Рахмет!

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.