Ертегілер
Искакова Перизат Зейдуллақызы
Мақсаты: Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс — әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін қабілеттерін ояту. Өздерінің тиесілі рөльдеріне еніп, оны іскерлікпен, үлкен шығармашылықпен орындауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: Жабайы.
Әдіс — тәсілдері: Сұрақ — жауап, әңгімелеу, тыңдау.
Көрнекілігі: Алма ағашы, қоян, қарға, кірпі, аю суреттері.
Полилингвизм: кірпі — ежик — hedgehog
қарға — ворона — crow
қоян — заяц — hare
аю — медведь — bear
Сезімдерін ояту
Шаттық шеңбер
Ал, балалар, қараңыз,
Таңғажайып бар аңыз.
Ертегілер еліне,
Қыдырып бірге барамыз.
Ну орманға енеміз,
Әсем гүлдер тереміз.
Көңілді боп әрқашан.
Тату болып келеміз.
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Күз мезгілі неше айдан тұрады?
— Күз мезгілінде қандай жемістер піседі?
Дидактикалық ойын:
«Дәмін тап»
Ойын шарты: жемістерді кесіп алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығады, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.
— Енді балалар, мен сендерге жұмбақ жасырам, сендер жауабын тауып көріңдерші?
Ұйымдастыру, іздестіру
Мұрны бейне түйме,
Үсті толған ине(Кірпі)
Түрі көмірге ұқсайды,
Қалбалақтап ұшады (Қарға)
Қыста ұйықтайды,
Жазда қыдырады. (Аю)
Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады (Қоян)
Жарайсыңдар балалар,«Алма» ертегісінің кейіпкерлері.
Ертегіні балаларға оқып, әңгімелеп беру.
Қоңыр күз мезгілі еді. Ағаштың жапырақтары түсіп, тек жабайы алма
ағашының басында жалғыз алма қалыпты. Осы кезде орман аралап жүрген
Қоян алманы байқап қалады. Оны қалай алуға болады? Алма өте биікте — се-
кіріп жете алмайсың!
Шырша бұтағында отырған қарға қоян қылығына сырттай күліп отырды.
— Қарқ-қарқ! Оны көрген қоян:
— Қарға, Қарға! Маған алманы үзіп алып берші! — дейді.
Қарға ағаш басына ұшып барып, алманы үзіп алады. Бірақ алманы тұм-сығымен қармап ұстай алмай, жерге түсіріп алады.
Рақмет, саған, Қарға! — деді де Қоян алманы жерден көтермек болды. Ал жерге түскен алма жаны бардай, дыбыс шығарып, қозғалып жүгіре жөнелді.
— Бұл қалай?
Қорқып кеткен Қоян ағаш алмасының түбінде ұйықтап жатқан кірпінің тікеніне құлағанын түсініп:
— Кірпі, кірпі! Тоқта, тоқта! — деп айғайлады. — Менің алмамды қайда алып бара жатырсың?
Кірпі кідірместен:
~ Бұл — менің алмам! Ол төбеден құлады, ал мен болсам оны ұстап алдым.
Қоян да қояр емес!
— Алмамды қайтарып бер. Оны тауып алған мен! Таласып жатқан Қоян мен Кірпіге Қарға қосылады.
— Босқа таласасыңдар, алма менікі! Мен оны өзім үшін үзіп алғанмын! -деді ол өтірік-шынын араластыра.
Олар бір-бірімен түсінісе алмай, алманы әрі тартып, бері тартып, орман .~: айғайдан у-шу болып кетеді.
Сол кезде қорбаңбай Аю келіп қалады.
— Бұл не деген айғай-шу! Мазамды алдыңдар ғой! Бәрі оған жақындап:
— Сен, Аю, біздің ормандағы ең үлкен, әрі ең ақылдысың. Сондыңтан бізге алманың кімдікі екенін айтып берші? — деп аюға оқиғаның қалай болғанын баяндап, төрелігін сұрайды.
Аю сәл ойланып, сұрады:
— Алманы кім тапты?
— Мен! — деді Қоян.
— Ал, алманы кім үзіп алды?
— Мен! — деп қарқ етті Қарға.
— Жақсы. Кім оны ұстап алды?
— Мен ұстап алдым! — деді Кірпі.
— Мінекей, бәрің де дұрыс айтасыңдар, өйткені әрқайсыларың алманы алу үшін еңбектендіңдер! Алма бәріңдікі!
— Мұнда бір алма ғой! — деді Кірпі, Қоян,Қарға түк түсінбей.
— Бұл алманы теңдей бөліңдер. Әрқайсың бір-бір бөлігін алыңдар! — деді аю. Мұны естіп бәрі қуанып кетті:
— Бағанадан бері біз бостан-босқа таласқан екенбіз ғой! Кірпі алманы төрт бөлікке бөледі. Қоянға бір бөлігін беріп:
— Бұл саған, Қоян — сен алманы бірінші көрдің! Екінші бөлігін Қарғаға беріп:
— Бұл саған, Қарға — сен алманы үзіп алдың! Үшінші бөлігін Кірпі аузына салып:
— Бұл маған, өйткені алманы ұстап алған — мен! Кірпі Аюға төртінші бөлігін беріп:
— Бұл саған, Аю!
— Маған, не үшін? — деп таңқалды Аю.
— Сен бізге ақыл айтып, татуластырдың! — деді ол, риза кейіппен. Әрқайсы өзіне берілген алманың бөлігін жеп риза болды, өйткені Аю ешкімді ренжітпей дұрыс, әділ шешім шығарған еді.
« Береке басы — бірлікте» деген осыдан қалған көрінеді.
Кәне балалар ертегіні сахналайықшы
Ертегіні сахналау
Ән:«Дос болайық бәріміз»
Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.
— Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық.
Сергіту сәті:
Алма баққа барайық,
Алма теріп алайық.
Ең үлкенін алманың
Анамызға сыйлайың!
(Қимылмен көрсетеді).
Қорытынды:
Сұрақтарға жауап алу:
— Егер алманы сен тауып алсаң, не істер едің?
— Бірге бөлісіп жеген дұрыс па?
— Алма қайда өседі?
— Достар бір — біріне қандай болу керек?
— Бүгінгі оқу қызмет ұнаса алдарындағы смайликті көтеру
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды:Балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету.
Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс — әрекетін сахналауды.
Қолданады: Ойынды қызығушылықпен ойнайды.