«Түлкі мен Қоян неге араздасты» ертегісі

Тлепбергенова Нұргүл Мінбаржанқызы

Білім беру саласы:Коммуникация ,Шығармашылық, ҚМҰҚ
Бөлімі: Көркем әдебиет

Мақсаты:  ертегінің мазмұнын айтуға, дыбыстық талдау жасауға үйрету; ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту; балаларды батырлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үлестірмелі құралдар, пламастер,слайд.
Сөздік жұмыс: айлакер,араз

Балалар көңіл күйіміз қалай? Бүгін осы уақытқа дейін алған білімдерімізді тиянақтап,қайталап еске түсіреміз.Бүгінгі күніміз өте ерекше болмақ.Сендер қандай ертегілер білесіңдер? Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
Жұмбақ
1. Қырда жүрер ол жортып,
Іні де жоқ бармайтын.
Құйрығымен бұлаңдап,
Қандай аң ол алдайтын?

  1. Көзі тостақ, өзі қорқақ.

– Балалар, түлкіні жыртқыш аң десек,ал қоян жыртқыш аң емес. Қоян – өте қорқақ аң, қоянды үйде де асырауға болады.Қазір осы қоян мен түлкі туралы орыс халқының ертегісімен танысамыз.
«Түлкі мен Қоян неге араздасты»
Әуелде түлкінің құйрығы жоқ еді. Қасқырмен тату тұрмаған соң үнемі қашып жүреді екен. Жүрген ізін жасыра алмай қиналыпты. Сол үшін қасқыр түлкінің артынан еріп, аңдып жүріп, оның ініне түсіпті. Түлкі інінің екінші тесігінен шығып кетіпті. Шығып кетпесе, қасқыр түлкіні өлтіріп тастар еді. Түлкі орманда келе жатып ағаш түбінде отырған қоянды көреді. Ол мезгілде қояндардың құйрығы ұзын, жүгірулеріне кедергі келтіреді екен. Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге:
-«Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты. Міне, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.Сол кезден бері қоянмен түлкі араз болган екен.
Сұрақ қою арқылы ертегі мазмұнын сұрау.

— Ертегі сендерге ұнады ма? 
— Иә, ұнады.
— Ертегіде нелер туралы айтылған?

— Түлкі, қасқыр, қоян туралы.
— Ерте заманда түлкінің құйрығы қандай болыпты?

— Құйрығы кішкентай болыпты.
— Түлкі қасқырмен тату тұрмаған соң не істеген?
— Қасқырдан қашып жүреді екен.

– Бір күні не болыпты?
— Қасқыр түлкінің ізіне түсіп, ініне кіріпті.
— Түлкі қалай құтылып кетіпті? 
— Іннің екінші тесігінен шығып кетіпті.
— Әлден соң ағаш арасына кірген түлкі нені көреді?
— Ағаш түбінде отырған қоянды көреді.
— Сол жерде қоян өзін ұстап алған түлкіге не депті?
— «Мені өлтірме, құйрығымды сыйға берейін», – деп жалыныпты.
— Иә, балалар, содан бері түлкінің құйрығы ұзын болыпты, ал қоянның құйрығы қысқа болып қалыпты.

«Түлкі мен қоян» ертегісін сахналау.

— Енді ертегідегі «Түлкі» сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
— «Түлкі» сөзі неше буыннан тұрады?
— Түл-кі, екі буыннан тұрады.
— Неше дауысты дыбыс бар?
— Екі дауысты дыбыс бар.
— Дауысты дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
— Дауысты дыбысты қызыл түспен белгілейміз
— Ал дауыссыз дыбысты көк түспен белгілейміз.

Сергіту сәті:Өлең мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

Тапсырманы орындату.

1.«Буынды жалғастыр»дидиктикалық ойын : Түл-кі, қо-ян, қас-қыр,ти-ін

  1. Сандар, нүктелер арқылы үзік сызықтарды қосып аңдардың беинесін сипаттап айтып беру.

3.Ертегілерді  ретімен орналастыр. Шалқан , Мақтақыз

Сұрақ- жауап арқылы қортындылау.

 

 

 

Біледі: сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынды жалғастырып сөз құрауға, сұрақтарға жауап беріп, ертегі мазмұнын айтуға берілген тапсырмаларды.
Игереді:  ертегі мазмұнын.

Меңгереді: сандар, нүктелер арқылы үзік сызықтарды қосп аңдардың беинесін   сипаттау біледі.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.