Күзгі жапырақтар мен бұлт

Нигметова Алтын Мухамбетовна

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін арттырып, дақ әдісі арқылы сурет салуға үйрету. Бояу түрлерімен қағазбен ұқыпты жұмыс жасауға жаттықтыру. Ұқыптылыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Құралдар: Күз мезгілінің суреті. Сурет салуға арналған мыжырылған қағаздар, бояу түрлері.

Сөздік жұмыс: Сап-сары, дақ.

Оқу қызмет барысы:

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар топқа кіреді.

 

Шаттық шеңбері:

-Балалар көптеген  қонақтар келген екен, кәне амандасайық.

Сәлеметсіздер ме?

 

Ойын ұйымдастыру: «Күн мен жаңбыр»

Шарты: Тәрбиеші «Күн» дегенде балалар қыдырады, «Жаңбыр» дегенде тәрбиешінің қолындағы қолшатырға тығылады.

Жарайсыңдар, балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Күз туралы кім тақпақ біледі?

Күз мезгілінің қандай ерекше белгілерін білеміз?

Балалардың назарын «Күз» картинасына аударып, айналаның бәрін сары екенін әңгімелейді, ағашқа назарын аударып көрсетеді.

-Олай болса, бүгін біз сурет оқу қызметінде күзгі жапырақтар мен бұлтты саламыз.

-Бұлт салатын себебіміз, күзде көп жаңбыр жауады. Күн бұлттанып тұрады.

-Кәне, бәріміз орнымызға отырамыз.

Тәрбиешімен бірге келіп шеңберге тұрады.

 

 

Амандасады.

 

 

Ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

Күз мезгілі туралы тақпақтар айтады.

 

 

 

Күздің ерекше белгілерін, жаңбыр жауатынын, жапырақтар сарғаятынын айтады.

Картинаға қарап тәрбиеші әңгімесін тыңдайды. Табиғат бұрышындағы күзгі ағашқа қызыға қарайды.

Ізденуші-ұйымдастырушы кезең -Балаларға мольберттегі үлгі суретті көрсетеді.

Міне мынау ағаш көрінісі, сары жапырақтар және көк түспен бұлт салынған.

 

Сурет салу әдісін көрсетеді:

Алдымен қылқаламды сары бояуға батырып ағаштың бұтақтарына жапырақтарды саламыз, жерге шашылып жатқан жапырақтарды саламыз. Содан кейін мынадай мыжырылған қағазбенғ қағаздың жоғарғы бөлігіне бұлтты саламыз.

Мыжырылған қағазды көк түсті бояуға батырып, дақ әдісімен із қалдырамыз. Міне, біздің бұлтымыз дайын болды.

 

Балаларға өз бетімен сурет салуға мүмкіндік береді. Қиынсынған балаларға көмектеседі.

Тәрбиеші балалардың сурет салу әрекетін ққадағалап жүреді.

Аяқталған жұмыстарды тақтаға іледі, талдау жасай бастайды.

 

Жарайсыңдар балалар! Құралдарды орнына жинап қоямыз, бәріңде өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Маған ұнады, қонақтарға ұнайды деген ойдамын.

Үлгі суретке көңілдерін бөледі. Қызығушылық танытады.

 

 

 

 

Сурет салу әдістерін зейін қоя тыңдайды.

 

 

 

 

Мыжырылған қағазбен сурет салуды үйренеді.

 

 

 

 

 

 

 

Үлгіге қарап сурет салуға кіріседі.

 

 

 

 

 

Өз жұмыстары мен жолдастарының суреттерін қарап, нәтижелерін көреді.

Рефлексті коррекциялаушы -Бүгін қандай оқу қызметі болды?

-Ненің суретін салдық?

-Қандай құралмен салдық?

 

Өте жақсы балалар. Енді шеңберге тұрып, «Күзгі жапырақтар» әнімен оқу қызметімізді аяқтайық.

Балалармен ән айтылып, қонақтармен қоштасу ұйымдастырылады.

Сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

Шеңберге тұрып, ән айтады, қонақтармен қоштасады.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Күз мезгілінің ерекше белгілері.

Болуы керек: Күзгі табиғат туралы түсініктерінің болуы.

Баланың қолынан келуі: мыхырылған қағазбен сурет салуды үйренеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *