«Біздің айналамыздағы әлем-біздің үйіміз»

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: «Экология »

Тақырыбы: Тақырыбы: «Біздің айналамыздағы әлем-біздің үйіміз»

Мақсаты: Адам мен табиғаттың бір-бірінсіз тіршілік ете алмайтыны туралы түсініктерін дамыту, адамның табиғатта тіршілік ететіні туралы мағлұмат беру. Табиғатты өз үйіндей көру қажеттігі туралы түйсігін тәрбиелеу: оған қамқор болу керек, қорғау қажет,ормандағы, табиғаттағы тәртіп шараларымен таныстыру. Айналадағы өсімдіктер мен жануарлар әлеміне деген қызығушылықтарын дамыту. «Рұқсат» және «болмайды», «қалаймын» және «қажет», «жақсы» және «жаман» деген ұғымдарды түсіне білу.

Сабақтың барысы : Күннің көзі ашылсын

Көкке шуақ шашылсын

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Ал қанекей балалар

Сәлем дейік үлкенге

Сәлеметсіздерме апайлар.

Табиғат құблыстарының дыбысы.

Балалар қандай дыбыстарды естідіңдер:

(құстың сайрағаны, желдің ,жаңбырдың дыбысы)

Бұл — табиғат дыбыстары.

Ал, табиғатқа нелер жатады?

Қанекей айналамызға қарайықшы,нелерді көріп тұрмыз?

(күн, бұлт, тау, су, өзен )

Күн не береді?

Күн бізге жылу ,жарық,сауле береді.

Бұлт болса жаңбыр жауады, қар жауады.

Енді міне суреттерге назар аударайық.

Не көріп тұрмыз.

(тас, су, тастар, құм, жануарлар, өсімдіктер)

Балалар табиғат екі түрге бөлінеді: өлі табиғат және тірі табиғат .

Өлі табиғатқа: тау, тас, су, топырақ,бұлт, жатады.

Тірі табиғатқа : адамдар, жан-жануарлар,ағаштар, өсімдіктер жатады.

Неге оларды тірі табиғат дейміз? Себебі олар өседі, қозғалады, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді.

Ал өлі табиғат өспейді қозғалмайды, қоректенбейді, тыныс алмайды, көбеймейді.

Енді  балалар бақылап көрейік.

Мұнда екі ыдыста су құйылған.Біреуінің ішінде нелер жатыр? (тастар)

Ал екіншісінің ішінде не бар ? (Балық)

Қарайықшы тастар  суға батып , қозғалмай жатыр.

Балық жыбырлап, қозғалып жатыр. (жем салады, жем салып едік балықжем жеп жатыр.

Балық қозғалады, қоректенеді-демек ол тірі табиғатқа жатады.

Тастар қоректенбейді ,  қозғалмайды –өлі табиғатқа жатады.

Енді балалар тірі табиғат және өлі табиғат түрлерін ажыратып ойын ойнап жіберейік.

Дид  ойын: « Ажырата  біл »

Жануарлардың дыбысы.

Біз нелердің даусын естіп тұрмыз?(жануарлардың)

Жануарлардың да өте көп, олар бірнеше түрлерге бөлінеді.Мына суреттерге қарайық.

Үй жануарларымен жабайы аңдардың суреті.

Балалар  үй жануарлары мен жабайы аңдардың түрлерін ажыратып ойын ойнап жіберейік..

Дид ойын: « Лото »

Сергіту сәті:Орнымыздан тұрайық

Қанатымызды жазайық

Құс болып ұшайық

Бір отырып, бір тұрып.

Біз тынығып алайық.

Енді ,балалар мына өзенге назар аударайық.

Өзеннің жағасында әдемі тастар бар  екен.Бұл тастарға суреттер салынған екен.қандай суреттер салынған.

Қане балалар  өсімдіктер мен жәндіктерді ажыратып ойын ойнап жіберейік.

Қорытындылау:

Балалар біз бүгін бірігіп не істедік?

Нелермен таныстық.

Табиғат нешеге бөлінеді  ?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *