Баланың періште әлемі – тәрбиешінің бақыты
Адамның өзіне өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін сан алуан сұрақтары болады екен.Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де бірегейі де мұғалім –тәрбиеші деген кім?Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайын.Өйткені мен де бала тәрбиешісімін.Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмірі тәжірибемнің мейрімінің дәндерін қондыру.Менің жұмысымның мәні балалармен жұмыс жасау.Олармен жұмыс жасау үлкен бақыт.Себебі тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейрімділікке сенеді,кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады.Пәк көңілді балалармен қарым қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды.Өйткені мен оларға олар маған қажеттілігіне сенімдімін.Осы сенімнің болуы әр тәрбиешінің бақыты.Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан тәнімен сезіне білу қажет.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты.Шынымды айтсам кейде жұмыстан шаршап келгенімді сезбеймін