Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

Білім беру ұйымы:

Топ/сынып:Мектепалды даярлық

Балалардың жасы:5-6жас

Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек айы 2022-2023 оқу жылы

Айы Ұйымдастырылған                      іс-әрекет Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері
                                                                                     Қыркүйек Дене шынықтыру

3сағ

-Бұрын үйретілген жаттығуларды қайталау,бекіту,қимыл біліктері мен дағдыларын жетілдіру;

-тұрмыста,көшеде,табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларына жаттықтыру;

-дене бітімін және аяқ өкшелерінің нығаюын қалыптастыру.

-ертеңгілік гимнастиканы таза ауада орындауға қызығушылықтарын ояту.

Сөйлеуді дамыту

2сағ

-Ересектермен және балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.

-ойын мен ойын жаттығулары арқылы сөздік қорын кеңейту.

Көркем әдебиет

2сағ

-Көркем әдебиетке қызығушылыққа баулу.Оқу, әңгімелеу.

-шығармалардың эмоцианалды-бейнелік мазмұнын қабылдауға,

баяндау сипатын сезінуге баулу;

-әдеби жанр түрлерін түсіндіру:ертегі,әңгіме,өлең;

-балалардың театрландырылған ойындарға оң көзқарастарын;таныс сюжеттер арқылы ертегілерді сахналау.

Сауат ашу негіздері

3сағ

 -Сөз және дыбыс терминдері туралы бастапқы  түсініктерін қалыптастыру;

-балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету;

-қолды жазуға дайындау.

Математика негіздері

3сағ

-Жиын.Сандар түрлі жиындардың көрсеткіштері екендігі және жиын түрлі элементтерден құрылатындығы жайлы түсінігін дамыту;

-біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету дағдыларын қалыптастыру;

-заттардың ұзындығын,биіктігін,ені мен жуандығын белгілей білуге,

заттарды шамасына қарай өсу және кему ретімен орналастыруға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

2сағ

—          -Күзде табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқауға,

—          айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету;

—          -әлеуметтік дағдыларын дамыту және қалыптастыру;туыстық байланыс,өзінің жасын,толық аты-жөнін,тегін,ата-анасының,отбасы мүшелерінің аты-жөнін айта білу;

—          -танымдық-зерттеушілік қызметті дамыту.

 

Қазақ тілі

2сағ

-Сөйлеу әрекетінің түрлерін тыңдалым,айтылым,оқылым,жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және  тілдік нормаларды сақтай отырып іс-әрекетте және күнделікті өмірде қолдану;

-балалардың сөздік қорын байыту.

Құрастыру

 

 

Сурет салу

 

 

 

 

Мүсіндеу

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапсыру

1сағ

 

Құрылыс материалдарынан,конструктор бөлшектерінен құрастыру;

-әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

-Балалардың өнер туындыларын қабылдау қабілеттілігін,

эмоцианальды қатынасын қалыптастыру;

-балаларды елестету және заттарға қарап сурет салу дағдыларын қалыптастыру.Бояумен жұмысты жетілдіру.

-Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі заттарды бейнелеуде барлық қол білектері мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып,мүсіндеуге үйрету.

-заттарды түрлі қалыпта мүсіндеуге,бейненің жеке шешімін өздігінен табуға үйрету;

-балаларды мүсіндеудің таныс әдістерін қолдануды және заттардың өлшемдік қатынастарын бере білуге жаттықтыру.

-Балалардың қайшыны қолдану біліктерін бекіту:жолақшаларды тікбұрыштар етіп қию,шаршыларды үшбұрышты етіп қиюды үйрету;

екіге бүктелген қағаздан,түрлі қатпарлы бейнелерді қиюды;дайын пішіндерден заттардың бейнесін  қиып жапсыруға үйрету;

-балаларға қағазға заттарды орналастыру дағдыларын үйрету.

Музыка

2сағ

-Шығармалардың эмоционалдық мазмұнын,олардың сипатын,көңіл күйін,әсерлі реңктерін ажырату.

-дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларда қиын емес әуендерді үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету.

-әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау.

-музыкалық-ырғақтық қимылдар орындау,музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту.

-музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.

 

 

 

 

            

 

 

 

              Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                     Дене шынықтыру

 

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері күні
1. Спортзал Кеңістікте бағдарлай білу және күш секілді дене қабілеттерін дамыту.Спортқа деген қызығушылықтарын дамыту.  
2. Спортзалда ойнаймыз Ептілік,шыдамдылық,төзімділік тәрізді дене қабілеттерін дамыту.  
3. Денсаулықтың  құпиялары Спортпен шұғылдану,салауатты өмір салтына,өз денсаулығын  бағалай білуге  баулу.  
4. Күлкі сыйла Бала ағзасын төзімді,мықты болуға шынықтыру,омыртқаның қисайып кету қаупінің алдын алу.  
5. Біз күшті және ержүрекпіз Салауатты өмір салтын сақтауға баулу.  
6. Мен ойнағанды жақсы көремін Кеңістікті бағдарлай білу шеберліктерін дамыту,қозғаушы есте сақтау қабілеттерін дамыту.  
7. Керуен Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру,

коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.

 
8. Бадминтон,футбол Спорттық іс-әрекеттерге деген қызығушылығы мен олардың денсаулық үшін маңыздылығын саналы түсіну, ұйымдасқандық,мақсаттарына жете білу қасиеттерін қалыптастыру.  
9. Күзгі орманда Қозғалыс мәнерлігін,ырғақтылығын

дамыту:азаматтық және экологиялық мәдениеттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

 
10. Ұлттық ойындар Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру,

коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту.

 
11. Қалай спортшы болуға болады? Ептілік,өз-өзін бақылай алу дағдыларын дамыту;спортқа деген ынталарын,

салауатты өмір сүруге жақсы әдеттерін тәрбиелеу.

 
12. Менің сүйікті жануарларым Экологиялық мәдениетке,

ұйымшылдыққа,психологиялық жайсыздық тудыратын мінез-құлықтарын тәрбиелеу.

 
13. Командалық эстафеталар Өз денсаулығын сақтау құндылығын арттыру мен спортпен шұғылдануға қызығушылықты қалыптастыру.  

                   

                  Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                            Сөйлеуді дамыту

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Менің отбасым Балаларды әңгімені жалғастырып айтуға үйрету;

мазмұнды жалғастыру арқылы ой-қиялдарын дамыту;баланы ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

 
2. Алтын күз Суретке қарап әңгіме құрауды және байланыстырып сөйлеуді үйрету,баланың сөздік қорын байыту;

 

 
3. Жомарт күз Сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту;

 

 
4. Көкөністер мен жемістер Балаларды әңгімені жалғастырып айтуға үйрету;мазмұнды жалғастыру арқылы ой-қиялдарын дамыту.

 

 
5. Күз бояуы Балалардың күз белгілері жайлы білімдерін кеңейту,күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы әңгімелесу;өлең тыңдау арқылы әңгіме құрап айту арқылы баланың сөйлеу тілін дамыту;күздің жомарт,мырза екенін айтып,мейірбандыққа тәрбиелеу.

 

 
6. Отбасының күзгі еңбегі Отбасының күзгі бақшадағы еңбектері жайлы әңгімелесу;отбасының еңбегі туралы шығармашылық әңгіме құрауға үйрету;балалардың сөйлеу және ойлау қабілетін дамыту:балаларды еңбек етуге тәрбиелеу.

 

 
7. Күзгі жапырақтар Балалардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру;Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар» өлеңінің мазмұнын түсіндіру арқылы күз мезгілін сипаттап айтуға үйрету;сұрақтарға жауап бергізу арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту;

балаларды еңбексүйгіштікке,еңбек етуге тәрбиелеу.

 

 
8. Нан қайдан келеді? ертегісі Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету.Сөздік қорын молайту,диалогті сөйлеуге төселдіру.

 

 
9. Менің отбасым Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

 

 

 

                

 

 

                Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                            Көркем әдебиет

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Алтын күз Балалардың күз туралы түсінігін тереңдету.Күзгі табиғат ерекшеліктерімен таныстыру.Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету.Табиғатқа қамқорлық жасауға,оны аялауға тәрбиелеу.

 

 
2. Қайдан келдің,

бауырсақ?

(Ө.Тұрманжанов)

Өлеңді оқып беріп,балаларға түсіндіруге барысында сөздік қорларын,сөйлеу мәдениетін,ойлау қабілетін дамыту.Диалогты сөйлесуге үйрету.Бауырсақтың дастарханға қандай еңбекпен келу жолдарын түсіндіру,нанды қастерлей білуге үйрету.

 

 
3. Оқу құралдары

(А.Хамзаұлы)

Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру.Оқу құралдары туралы түсінік беру.Оқу құралдары күтіп,таза,ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

 

 
4. Қайырымды қоян (ертегі) Ертегіні балаларға түсіндіре отырып,қайырымдылыққа,

адалдыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

 

 
5. Алма (Е.Сүтеев) Балаларды бір-бірін сыйлауға,тату болуға,қолындағы барын бөлісуге,жемістерді күтіп-баптауға,қамқор болуға тәрбиелеу.

 

 
6. Сен бақытты ұлансың (М.Қуанышбеков), Отбасы туралы түсініктерін кеңейту,отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

 

 
7. Айтшы,әжетай (Ж.Смақов) Балаларға өлең жаттата отырып,үлкендердің еңбегін бағалай,үлкендерді сыйлай білуге тәрбиелеу.

 

 
8. Алтын бала (С.Тұрдалиев ) Балаларды өзіне тапсырылған істі тиянақты орындауға,

отбасында,достарыныңортасындажауапкершілікті болуға,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

 

 
9. Ойыншықтар  (Қ.Мырза әлі) Балалардың ойыншық туралы түсініктерін кеңейту,ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Ойыншықтарды күтіп,ұқыпты,таза ұстап ойнауға үйрету.

 

 

 

            

 

 

 

 

                Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                         Сауат ашу негіздері

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері Сағ. күні
1. Сурет бойынша әңгімелеу Сурет бойынша сұрақтарға жауап беруді және сол арқылы әңгіме құрастыруды үйрету.Балаларды өзара сыйластық,достық қарым-қатынасқа үйрету.

 

 
2. Күз кереметі Күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.Күз кереметі атты сурет бойынша әңгіме құрастырып айтуды үйрету.

 

 
3. Ауылда.Үй жануарлары

мен үй құстары

Ауыл;үй жануарлары мен үй құстары туралы білімдерін кеңейту және сұрақтарғажауап бергізу арқылы сөздік қорларын толықтыру,сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

 

 
4. Жабайы жануарлар Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

Жан-жануарларды қорғауға,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

 

 
5. Сөйлеммен танысайық Сөз,дыбыс туралы түсінік беру.Сөздің дыбыстан құралатынын,дыбыстың дауысты,

дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

 

 
6. Сөздер мен дыбыстар Сөз,дыбыс туралы түсінік беру.Сөздің дыбыстан құралатынын,дыбыстың дауысты,дауыссыз болып бөлінетіні жөнінде мағлұмат беру.

 

 
7. Буынға бөлейік Балалардың сөз туралы түсініктерін қалыптастыру.Есту қабілеттерін жетілдіру.Танып білуге деген қызығушылығын арттыру.

 

 
8. Дауысты,дауыссыз дыбыстар Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту.

Сөйлеу тілін жетілдіру.Дауысты,дауыссыз дыбыс ерекшелігін түсіндіру.

 

 
9. Жабайы жануарлар Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.

Жан-жануарларды қорғауға,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.

 

 

               

 

               Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                         Математика негіздері

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Заттардың белгілері Заттардың белгілерін анықтау іскерлігін тексеру:

бірнеше белгіні бір мезгілде бағдарлау іскерлігін қалыптастыру.

 
2. Бірдей. Әртүрлі.Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру,

олардың қасиеттері мен айырмашылықтарын бірдей,әртүрлі деген сөздерді қолдана отырып табу іскерлігін қалыптастыру.

 
3. Заттардың белгілерінің өзгеруі Заттардың өзгерістерін көру және өзгерістердің қандай белгілер бойынша орын алғанын анықтау іскерлігін қалыптастыру және дамыту.  
4. Заттарды топқа біріктіру және оларды топтарға бөлу. Заттарды топтарға біріктіру,оларды топтарға бөлу және берілген белгілері бойынша заттарды топтан ажырату іскерлігін қалыптастыру;жиынтық,

жиынтық элементтері түсініктерімен танысу;тұтас бүтін ретіндегі жиынтық туралы түсінікті қалыптастыру.

 
5. Жиынтықтарды салыстыру Жиынтық түсінігін бекіту;заттар жиынтықтарын тең,тең емес белгілерінің көмегімен салыстыру іскерлігін дамыту;тең жиынтықтар,тең емес жиынтықтар түсініктерін қалыптастыру.  
6. Заттардың кеңістікте орналасуы Кеңістіктік түсініктерді дамыту;заттың орналасқан жерін анықтау және сөзбен сипаттау іскерлігін қалыптастыру.  
7. Сол жақтан-оң жақтан Өзіне және алынған нысандарға қатысты сол жақ-оң жақ кеңістіктік қатынастарын қалыптастыру;оң қол мен сол қолды ажырату іскерлігін дамыту  
8. Қозғалыс бағыты.жазықты бағдарлау Қозғалыс бағыты туралы түсінікті қалыптастыру;

жазықтықта бағдарлау,қозғалыс бағыты көрсеткіштерінің көмегімен графикалық бейнелер құрастыру және оларды оқу іскерлігін дамыту.

 
9. Уақыт реттілігін анықтау Уақыттық түсініктерді дамыту;оқиғалардың реттілігін анықтау іскерлігін қалыптастыру  
10 Уақытты бағдарлау:тәулік,

апта күндері.Күн режімі

Тәулік бөліктері мен апта күндері білімдерін және уақыт аралықтарының реттілігінде бағдарлау іскерлігін анықтау;уақыт сезімін дамыту;күн режімі мен оны сақтау қажеттілігі түсініктерін қалыптастыру.  
11. Уақытты бағдарлау:айлар,

жыл мезгілдері,жыл

Жыл мезгілдері,айларды ретімен атау іскерлігін дамыту;уақыттың кезеңдігі мен қайтымсыздығы туралы түсінікті қалыптастыру.  
12. Сызықтар.Түзу.Қисық сызық.Тұйық сызық.

Тұйықталмаған сызық

Сызық түсінігін қалыптастыру;түзу және қисық,

тұйықталған және тұйықталмаған сызықтарды бір-бірінен ажырату іскерлігін дамыту;

 
13. Нүкте.Сәуле.Бұрыш.Кесінді. Нүкте,сәуле,бұрыш,кесінді түсініктерін қалыптастыру;оқып-меңгерілетін фигураларды құрудың ерекшеліктерімен таныстыру;түзу,сәуле,

кесіндіі бір-бірінен ажырату іскерлігін дамыту.

 

 

           

 

                  Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                   Қоршаған ортамен таныстыру

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Заттардың адам өміріндегі маңызы.Не неден жасалады? Балаларға заттардың белгілері мен ерекшеліктері туралы білім беру.Қандай материалдардан жасалынатыны және олардың сапасы жайлы түсінігін кеңейту.

 

 
2. Жылмезгілдері:жаз,күз.

Белгілері.

Жаз және күз мезгілдерінің негізгі,маңызды белгілері бойынша түсінік беру.Сөздік қорларын,өзін қоршаған орта туралы ойын жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

 

 
3. Бізді не қоршап тұр? Балаларды жансыз табиғат түсінігімен таныстыру,жансыз табиғаттағы адам қолымен жасалған заттарды айыра білуге үйрету.Өзіндік тәжірибеалдық жұмысты ұйымдастыру арқылы балалардың түсініктерін жетілдіру.

 

 
4. Табиғатта не өзгерді? Күзде табиғатта болатын маусымдық өзгерістерді бақылап,бір-бірінен ажырату және атауларын атап көрсетуге;себеп-салдар байланысын анықтауға үйрету.Тәжірибелік-тәжіриеалдық жұмысқа деген қызығушылығын ояту,бақылау нәтиелерін салыстыру,талдау,және қорытынды жасау қабілеттерін шыңдау.

 

 
5. Нан қайдан келеді? Балалардың нанның дастарханға келу жолы туралы түсініктерін жетілдіру.Танымдық-ізденістік жұмыстарға талпынысын күшейту.

 

 
6. Себетке қандай саңырауқұлақ саламыз? Саңырауқұлақтың кейбір жеуге жарамды және улы түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру.Балаларға саңырауқұлақтардың түр-түсі мен атауларын үйрету.

 

 
7. Ағаш және бұта Ағаштың,бұталардың атауларымен таныстыружәне олардың түрлерін бір-бірінен өзіне тән ерекшеліктеріне қарай айыра білуге үйрету.Тірі нысанды суреттей білу қабілеттерін дамыту.

 

 
8. Барлық мамандық қажет,барлық мамандық маңызды Мамандық түрлері,олардың атқаратын қызметі,қоғамға келтіретін пайдасы туралы білімдерін жетілдіру.Өз ата-анасының мамандығы туралы айта алу дағдыларын арттыру.

 

 
9. Су-тіршілік көзі Судың қасиеттерін таныстыру.Танымдық мүмкіндіктерін арттыру,тәжірибе жасай білу дағдыларын дамыту.

 

 

 

                  

 

                 Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                                Қазақ тілі

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Алтын күз Балаларға күз туралы түсінігін кеңейтіп,ойларын грамматикалық формада және байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

 

 
2. Көкөністер мен жемістер Жемістер мен көкөністердің бақта және бақшада өсетіні туралы түсінігін кеңейту,олардың аталуы,құрамындағы кездесетін дәрумендері,оның адам денсаулығына маңызы жөнінде білімдерін тереңдету арқылы сөздік қорын молайту.

 

 
3. Өзім туралы Дыбыстарды дұрыс,анық айтуды бекіту,айтылуы мен дыбысталуы ұқсас дауыссыз дыбыстарды естуі бойынша ажыратуға және анық айтуға үйрету.

 

 
4. Менің мекен-жайым Диалогты сөйлеуге жаттықтыру.Байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

 

 
5. Мектеп Мектеп туралы түсінік беру.Ой-қиялын дамыту,сөздік қорын байыту,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.

 

 
6. Біздің үй Танымын кеңейту,тілін дамыту.Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлерде,сөйлемді толық анық айтуға,өз ойын жеткізе білуге үйрету.

 

 
7. Отбасы Отбасы мүшелерін атау,сұрақ-жауап арқылы сұхбатқа диалогқа үйрету.

 

 
8. Ойыншықтар Ойыншықтардың аттарын атай отырып,оларды сипаттау.Ойыншықты ұқыпты ұстауға дағдыландыру.

 

 
9. Оқу құралдары Оқу құралдарының атын атауға,әңгіме құрастыруға,жолдастарының айтқанын тыңдап ары қарай жалғастыруға үйрету.Мектепті құрметтеуге оны қадірлей бағалай білуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 Қыркүйек айында ұйымдастырылған шығармашылық іс-әрекет

                             Құрастыру,сурет салу,мүсіндеу,жапсыру

р/с          Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері    күні
1. Менің үйім Өз үйлерін әртүрлі нұсқада жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;өз іс-әрекетін алдын ала жоспарлау дағдыларын қалыптастыру.

 

 
2. Күзгі жапырақтар Маусымдық өзгерістер туралы білімін кеңейту; кепкен жапырақтардың пішініне сәйкес әртүрлі ұсақ заттар дайындау,шығармашылық қабілеттерін дамыту.

 

 
3. Жемістер Пішінді,бейнені затпен салыстыру, сәйкестіктерді анықтай білу қабілеттерін дамыту,шығармашылыққа тәрбиелеу.

 

 
4. Көкөністер Геометриялық фигураларды қияр,қызылша,сәбіз,т.б. көгөністер пішініне келтіру  тәсілі арқылы ой-қиялын дамыту.  
5. Саңырауқұлақтар Кеңістікте орналастыра білуге үйрету;баланың ой-қиялын дамыту;қол,саусақ қимылдарын жетілдіру; саңырауқұлақ алқабын жасау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

                  Қыркүйек айында ұйымдастырылған  іс-әрекет

                                                       Музыка

р/с       Тақырыбы

 

Ұйымдастырылған  іс-әрекеттің    міндеттері Сағ   күні
1-2 Білімің -бұлағың Домбырада орындалатын күй жанрымен таныстыру,күйші-композитор Дәулеткерей шығармашылығымен таныстыру;

Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру,әннің кіріспесін,басын,қайырмасын ажыратуға үйрету.

Балалардың музыкаға құштарлығын арттыру.

 
3-4 Нота үйренейік -Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру,әннің кіріспесін,басын,қайырмасын ажыратуға үйрету.Әннің сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау.Музыка сипатын ашық ырғақты,ширақ жүріспен беру.  
5-6 Көңілді ырғақтар  Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау.Шығармалардың эмоциялық мазмұнын,олардың сипатын,көңіл күйін ажырату.Музыка сипатына сәйкес ойын әркеттерін орындау,музыкалық тіркестерге сәйкес қозғалыстарды өзгерту.Көңілді әуенге қызығушылықтарын ояту.  
7-8 Біздің аспаптар Ұлттық домбырада орныдалатын күй жанрымен таныстыру. Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру.Әуеннің би сипатын сезіну,би қимылдарының элементтерін орындау.Балалардың музыка аспабына деген қызығушылығын арттыру.  
9 Күзгі керуен Әннің сипатын қабылдау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,дауысын дұрыс келтіріп орындау,ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру.Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау:музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту.Қимылдарды музыкаға ілесе орындауларын қадағалау.  

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.