Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Бала — біздің болашағымыз»

  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы

  • 1 наурыз -Алғыс айту күні

  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ

  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды

  • Жүн және одан жасалатын заттар

  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»

  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

Балабақша
Home›Балабақша›Ертеңгілік «Қош бол, жаз!» «Күйкен бөбекжайы» МКҚК тәрбиеші: Утесинова А

Ертеңгілік «Қош бол, жаз!» «Күйкен бөбекжайы» МКҚК тәрбиеші: Утесинова А

By admin
14 ноября, 2019
4747
0
Share:

Тақырыбы: «Қош бол, Жаз!»

Мақсаты: Жаз мехгілінің ерекшелігін басқа мезгілдермен салыстыру, жеміс жидек, көкөністер туралы түсінік беру, балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге, ойын-сауыққа қызығушылықпен қатысуға дағдыландыру.

Жүргізуші:

-Балалар, бүгінгі «Қош бол, Жаз!» атты ойын саңығымызға қош келдіңіздер!

Көңілді тамаша,

Күледі күн қараса.

Жағасында ойнаймыз,

Жалаң аяқ балаша.- дегендей балалар жаз мезгіліде аяқталып қалды.

Жаз:

-Балалар, мен сендермен қоштаспас бұрын жаз мезгілінің ерекшеліктері туралы білгім келеді.

Жаз:

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

-Жаз мезгілі.

Жаз:

-Жаз мезгілі неше айдан тұрады?

Балалар:

-Үш айдан.

Жаз:

-Ай аттарын атап айтайықшы?

Балалар:

-Маусым, Шілде, Тамыз.

Тосын сәт:

«Қой мен Текенің келуі».

Екеуі бір-бірін мүйіздерімен соғып айтысып келеді. Екеуін арашалап қой келеді.

Жүргізуші:

-Балалар, қараңдаршы. Мынау «Қой мен Теке» ертегі кейіпкерлері ғой. Бұларға не болған?

Ақылды қой:

-Соны айтамын. Екеуің не бөлісе алмай қалдыңдар?

Қой:

-Мен Текеге жаз мезгілі аяқталып қалды дедім. Жердегі жайқалып өскен шөптерді теріп Ата мен Әжеге көмектесейік десем, ал ол болса…

Теке:

-Мен қойға жаз мезгілі аяқталмайды, дедім. Неге шөптерді біз жинаймыз. Атай мен Әжей өзі жинасын дедім.

Ақылды қой:

-Қой, Теке босқа дауласпаңдар. Теке, сенікі дұрыс болмады. Күннің ыстығында ата мен әже шаршайды ғой. Оларға көмектесе салсаң сенің нең кетеді?. Қой дұрыс айтып тұр. Жаз мезгілі аяқталды. Жердегі шөптерде, гүлдерде, көкөністер мен жемістерде енді өспейді. Ой балалар, күн ыстық болып кетті ғой. Қой бұның бәрін күннен сұрайық. Жаз мезгілінің аяқталуын Күн білетін шығар?

Жүргізуші:

-Қане, балалар! Ендеше Күнді қонаққа шақырайық. Күннің өзінің аузынан есітіп, анығын білейік.

Балалар:

-Күн, Күн бізге қонаққа кел!

Күн, Күн бізге қонаққа кел!

Күн, Күн бізге қонаққа кел!

Күн:

-Сәлеметсіздер ме,балалар! Мені шақырдыңдарма? Мұнда не болып жатыр? Нені бөлісе алмай жатырсыңдар?

(Қой мен Теке бір-бірін  тағы да мүйіздерімен сүзіп тұрады).

Ақылды қой:

-Қой мен Текенің дауласуының себебі: бірі-жаз мезгілі аяқталды десе, енді бірі- аяқталмайды, дейді. Сол себепті сен шақырдық. Сен айтшы: «Жаз мезгілі аяқталып қалды ғой, солай емес пе,Күн?!»

Күн:

-Ақылды қой, сен дұрыс айттың. Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар. Жаз мезгілінде мен сендерге жақын болдым, бар ыстық нұрымды төктім. Енді күз мезгілі жақындады. Мен сендерден алшақтаймын. Мен сендерді келесі жаз мезгілі келгенше сағынатын болдым.

Жүргізуші:

-Қош келдіңдер, ертегі кейіпкерлері және Күн!

Балалардың өнерін тамашалап, көңіл көтеріңдер. Дауласуларыңды тоқтатып, балаларымыздың әнін, тақпағын тыңдаңыздар.

Балалардың тақпақтары:

Жансерік:

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.

Жамиғат:

Жаз келді жадырап,

Ағаштар гүлдеді.

Жаңбыр жауып нөсерлеп,

Жер-ана көкке бөленді.

Гүлдәурен:

Балақай-ау, балақай,

Жаз келді алақай.

Жалаң аяқ жүреміз,

Балықты да сүземіз.

Ғайнижамал:

Жазды ыстық сүйемін,

Сайраңдап жүремін.

Суына шомылам,

Күніне күйемін.

Дана:

Жаз келді жадырып,

Ойын сауық құрамын.

Далаларға, тауларға,

Саяхатқа шығамын.

Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Мерекеге шашу шашайық.

Бәріміз ду құрметпен,

Ән маржанын шашайық,- дей келе келесі кезекте балаларымыздың әнін қабылдайық.

Ән: «Алақай жаз келді».

Жүргізуші:

-балалар, жаз мезгілінің қандай ерекшеліктері болады, білесіңдерме?

Балалар:

-Күн ысиды, гүлдер өседі, көбелектер ұшады, суға шомылады.

Жүргізуші:

-Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ал осы гүлдердің түстері қандай болады?

Балалар:

-Әр түрлі, әдемі, түсте болады: көк, жасыл, сары, қызыл, күлгін және т.б.

Тосын сәт:

Гүл:

-Сәлеметсіңдерме, балалар! Көңіл күйлерің қалай? Сендер жаз мезгілімен қоштасқалы жатыр екенсіңдер. Мен де құр алақан келмей өзіммен бірге көбелектер биін ала келдім.

Кішкентай көбелектермен би билейді.

Би: «Көбелектер»

Ойын: «Көпіршіктер ауада»

(қой, Теке, Ақылды қоймен балалар да ойнайды).

Ойын шарты: Ортаға үш баланы шақырады да, бір баланы қойдың тобына, екінші баланы Текенің, үшінші баланы Ақылды қойдың тобына бөледі. Үш топқа бөлінген балалардың қолына сабынды көпіршікті береді де, сабынды көпіршікті үш рет үрлеуін сұрайды. Қай баланың көпіршіктері ауада жарылмай, ұзақ тұса, сол баланың тобы жеңімпаз болады. Ойын осылай 3-4 рет қайталанады.

Жүргізуші:

Жазды күні шілде де,

Жеміс пісіп толады.

Қызыл, жасыл гүлдерге,

Көбелектер қонады,-дей келе балаларымыздың орындауында көбелектер әні.

Ән: «Көбелектер әні».

Тосын сәт:

Кемпірқосақтың келуі.

Кемпірқосақ:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Жүргізуші:

-Бұл кім болды екен, балаларғ сендер таныдыңдарма?

Балалар:

-Жоқ танымадық.

Кемпірқосақ:

-Мен кемпірқосақпын. Мен өзімнің түрлі түсті түстерімді жоғалтып алдым. Енді не істеймін?-деп жыла отырып қалады.

Жүргізуші:

-Кемпірқосақ қане, тұра ғой. Біздің балалар саған түрлі түсті түстеріңді табуға көметеседі. Көңіліңді көтер, біздің балалардың өнерін тамашала.

Көңілді жаз, тамаша,

Ән саламыз жараса.

Тақпақ айтып, би билеп,

Ойнаймыз-ау таласа.,-дей келе ортаңғы топ балаларының орындауында би.

Би: «Кемпірқосақ».

Ойын: «Жәндіктердің жүзуі».

Ойын шарты: Су құйылған басссеинге балалар жәндіктерді бұрап салады да, кімнің жәндігі бассеиннің арғы бетіне бірінші жетсе, сол бала жеңімпаз атанады.

Ойын 3-4 рет қайталанады.

Жүргізуші:

-Балалар, манадан бері сендердің өнерлеріңді көрдік. Енді мен сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр. Мен жұмбақ жасырамын, ал шешімін табасыңдарма?

Балалар:

-Ия, әрине, шешімін табамыз.

Жұмбақ жасыру:

Бау-бақшада барша жұрт,

Саңқылдаған саз әні.

Көлде құстың базары,

Жидек пісіп толады.

Бұл қай кезде болады?

Балалар:

-Жаз мезгілі.

Жүргізуші:

-Балалар, ендеше барлығымыз орнымыздан тұрып жаз әнін хормен орындап берейік.

Ән: «Жаз».

Жүргізуші:

-Міне, осылай жаз мезгілімен көңілді өткіздік. Біздің мерекеге келген қонақтарғада көп рахмет. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Осымен бүгінгі «Қош бол, Жаз» атты ойын-сауығымыз аяқталды.

Previous Article

Өрт қауіпті

Next Article

Күз кереметі

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІӘдістемелік құралдар

    Ойын технологиясы арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру

    25 ноября, 2016
    By admin
  • Балабақша

    Біз мектепке барамыз

    11 августа, 2020
    By admin
  • Балабақша

    « Путешествие в сказку»

    6 декабря, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Консультация для родителей. Использование компьютерной технологии в дошкольных учреждениях

    21 сентября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Полезные витамины

    13 августа, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Вариатив көңілді бояулар

    24 октября, 2020
    By

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Дефектология

    Табиғат құбылыстары

  • Баяндамалар

    Білім саласына реформа емес революция қажет (төртінші ұсыныс)

  • Балабақша

    Көліктер

 

Жаңа жарияланымдар

  • «Бала — біздің болашағымыз»
  • Балабақша – тәрбие мен білімнің алғашқы баспалдағы
  • 1 наурыз -Алғыс айту күні
  • БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАДАҒАЛАҢЫЗ
  • ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Анамның ертегісі» жобасын қолға алды
  • Жүн және одан жасалатын заттар
  • «Ұлттық қол өнерді балабақшада үйретудің тәрбилік мүмкіндіктері»
  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ

Күнтізбе

Март 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
« Фев    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика