«Денсаулық еліне саяхат»
Ибраева Жанар Тулеуовна
«Денсаулық еліне саяхат»
Мақсаты: мектепке дейінгі ортаңғы топ балаларының салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру.
Білімділік: балалардың тазалыққа ,денсаулыққа деген қызығушылығын арттыру, көңіл-күйлерін көтеру үшін жағдай жасау.
Дамытушылық: дұрыс тамақтану ережелерін күнделіті өмірінде білімдерін жинақтау, дененің физикалық дамуын жетілдіру.
Тәрбиелік: мәдени гигиеналық дағдыларының адамның денсаулығына ықпалын тигізу; денсаулықты сақтау ережелерін бекіту.
Сабақ барысы:
Балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қане кісілермен амандасайықшы: «Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good morning!» Балалар біз жана тек амандасып қана қоймай, бір-бірімізге және барлық қонақтарға денсаулық пен жақсы көңіл-күй тіледік.
Ал енді біздің көңіл-күйіміз қандай екенін білдіру үшін, мына сиқырлы гүліміз көмектеседі. Балалар қараңдаршы ол қандай гүл(балалар сипаттайды). Мен сендерге бүгінгі көңіл-күйлеріне қарай гүлдің жапырағын таңдауды ұсынамын. Балалар айтыңдаршы, адамның көңіл күйі қай уақытта нашар болады(балалар жауабы).
-Қай уақытта жақсы болады? (балалар жауабы)
-Ал сендер қандай түсті жапырақтар таңдадыңдар?
-Егер олар ашық түсті болса, бүгінгі сендердің көңіл-күйлерін қандай екенін білеміз.
-Ал енді көңіл-күйлерін өте жақсы болса, сиқырлы гүл бізді «денсаулық» еліне саяхатқа шақырады. Сендер ол жаққа барғыларын келеді ме?
-Онда барлығымыз сиқырлы сөздерді қайталаймыз:
Жапырақтар ұшындар
Барлық жерді шарландар
Ұшып-ұшып қалықтап
Қайта қоншы шарықтап
Түспей тұрып сен жерге
Біздің айтқанымызды істе:
-Бізді денсаулық қалашығына апаруыңды қалаймыз.(сиқырлы әуен орындалады, интерактивті тақтада «Денсаулық» қалашығының суреті)
-Міне, «Денсаулық» қалашығына келдік. Барлық қалада сияқты, мұндада көптеген көшелер бар. Бізді ұзақ жол күтіп тұр, оңай емес. Бізге бірінші көшеге түсу үшін, сиқырлы жолмен өту керек.
-Ал құрметті достар, дайынбыз ба баруға?Кеттік(Көңілді ән орындалады)
1.Көше. Бұл жерде үйдің модулі «Пайдалы тағамдар» суреті.
-Балалар үйден ненің суретін көріп тұрсындар? Қалай ойлайсындар бұл көше қалай аталуы мүмкін?
-Поднос тұрған үстелге таянайықшы.
-Қараңдаршы, подноста қандай тағамдар бар екен(балалар айта бастайды).
-Балалар мына жерде денсаулыққа пайдалы тағамдар және денсаулыққа зияның тигізетін тағамдар бар.
-Мен сендерге жасыл себетке пайдалы, ал қызыл себетке зиянды тағамдарды салуды ұсынамын.
-Қане тексерейікші.Қызыл себетке қандай тағамдарды салдындар?(балалар жауабы) Ал олардың денсаулығымызға қандай зияны бар?
-Ал жасыл себетке қандай тағамдарды салдындар?Ал олардың денсаулығымызға тигізетін пайдасы қандай? (балалар жауабы)
-Балалар біз бұл көшеде қандай ереже меңгердік?Деніміз сау болу үшін не істеу керек?
Ереже: Деніміз сау болу үшін дұрыс тамақтану қажет.
Тәрбиеші:Енді құрметті саяхатшыларым, келесі көшеге баруға дайындалу керек. Оған жету үшін кедергілер арасымен жүгіріп өтуіміз керек(көңілді әуен орындалады)
2.Көше.Үйдің модулі «Спортпен шұғылданған балалар» суреті.
-Үйде ненің суреті бейнеленген ?(балалар жауабы)
-Бұл көше қалай аталуы мүмкін? Балалар орындыққа отырады.(интерактивті тақта алдында)
-Қараңдаршы тақтада әртүрлі спорт түрлері бейнеленген. Мен сендерге қайсысы қысқы спорт түріне, қайсысы жазғы спорт түріне қатысты екенін анықтауды ұсынамын.
-Енді бұл көшеде қандай ережені меңгердік? Деніміз сау болу үшін не істеу керек екен?
Ереже: Деніміз сау болу үшін спортпен шұғылдану керек:
-Құрметті достар, енді мен сіздерді көңілді жаттығуға шақырамын.
Тәрбиеші:Ой қалай тамаша қуанып, демалып қалдық. Қане балалар сендерде жаттығудан күштерін көбейді ме?
-Онда бізге келесі көшеге баруға жиналу керек.Ал ол жаққа жету үшін, бір төмпешіктен екінші төмпешікке секіріп өту керек(көңілді әуен орындалады).
3.Көше. Үйдің модулі «Мойдодыр» суреті бейнеленген.
-Балалар мұнда ненің суреті? Мойдодыр қандай балаларды жақсы көреді екен? (балалар жауабы) Қалай ойлайсындар бұл көше қалай аталады?
-Балалар қараңдаршы, Мойдодыр мұнда бізге сиқырлы сандықшасын тастап кетіпті.Ал оның ішінде не бар екенін жұмбақтың шешуін тапқан кезде білеміз:
1. Сумен кірді ашады, Өзі судан қашады.(сабын-мыло)
2. Жуынып болғаныңда, Жүреді қолдарыңда. (орамал-полотенца)
3. Түйістіреді көзіңді-көзіңе, Жолықтырады өзіңді-өзіне. (айна-зеркало)
4. Қалтамда жатыр тісі бар, Тістемей-ақ, істер ісі бар.(тарақ-расческа)
-Бұл құралдар бір сөзбен қалай аталады? Олар не үшін қажет? (балалар жауабы)
-Бұл көшеде біз қандай ережені меңгердік? Деніміз сау болу үшін не істеу керек?
Ереже: Деніміз сау болу үшін жеке гигиеналық ережелерді сақтау қажет.
-Ал енді құрметті саяхатшыларым, бізге балабақшаға қайту керек. Шеңбер құрып тұрып, ьарлығымыз сиқырлы сөздерді айтамыз:
«Бір, екі, үш,
сиқырлы гүл
біздің қайта оралуымызға берші күш»
Көзімізді жұмамыз(сиқырлы әуен орындалады). Көзімізді ашамыз.
-Балалар біз бүгін қай жерге бардық?
-Сендерге саяхат ұнады ма?
-Қане есімізге түсірейікші, деніміз сау болу үшін не істеуіміз қажет? Ол үшін бізге суреттер көмектеседі.
-Қараңдаршы, бізде ғажайып ағаш бар. Осы ағашқа деніміз сау болу үшін, не керек екені туралы бұтақтарға суреттерін іліп, қонақтарға айтып берейікші.
-Енді тағы қолымызды ұстап, бір-бірімізге және қонақтарға денсаулық тілейміз.