«Алма» ертегісі.
Білім беру саласы : «Қатынас», «Таным», «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу қызметі : Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Алма» ертегісі.
Мақсаты:
Дамытушылық: Алма ертегісін әңгімелеп беру арқылы, ертегі тыңдауға қызығышылығын ояту, мазмұнын түсіне білуге үйрету, ой-өрісін, қабілетін дамыту.
Білімділік: балаларға қайырымдылық, достық туралы түсінік беру
Тәрбиелік: татулыққа, бірлікке, бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: Тақырыпқа сай суреттер, алма ағашы, қарға, аю, қоян, кірпі, көлеңке театры. «ЕduQuest» жүйесі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Кіріспе бөлім
— Саламатсыңдарма балалар?
Бізге қонаққа апайлар келіпті (балалар амандасады).
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп отыр.
Ойын: «Тұтас затты құрастыр»
Мақсаты: Балаларды бөлшектен бүтін сурет шығаруға үйрету, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиеші: -Балалар суретте қай мезгіл бейнеленген?
Балалар : Суретте күз мезгілі бейнеленген.
Тәрбиеші:-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
Балалар: күз мезгілінде ауа-райы салқын болады.Құстар жылы жаққа ұшады.Жемістер, көкөністер піседі.
Триз ойыны: «Ғажайып сандық»
- Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Балалар сендер ертегіні тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?
-Ендеше, мен бүгін «Алма»ертегісін айтып беремін,зейін қойып мұқият тыңдаңдар.
Тәрбиеші: «Алма» ертегісін көлеңке театры арқылы әңгімелеп береді.
Тәрбиеші: Ертегі ұнады ма?
Балалар: Ия, ертегі ұнады
-Достар бір-біріне қандай болу керек?
Балалар: Достар бір-біріне адал, өтірік айтпау керек,барлығы бірге ойнау керек.
Ғажайып сәт: Топқа Қарға ұшып келіп, телеграмма алып келеді. Қонаққа тифлопедагог келеді.
Тифлопедагог: Балаларға көзге арналған жаттығу жасайды. Ойын ойнатады.
Дидактикалық ойын: «Жасырынған алманы тап»
-Жарайсыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар менің қолымнан нені көріп тұрсыңдар ?
Осы түрлі-түсті шарларды бір-біреуден алып, түстеріне сәйкес топтасамыз.
I топ Қызыл түсті шарларлар ойыны: «Көлеңкесін тап»
Мақсаты: есте сақтау, көру қабілетін дамыту.
II топ Сары түсті шарлар ойыны: «Ретімен орналастыр және артығын тап»
Мақсаты: «рет» жайлы түсініктерін кеңейту.
III топ Күлгін түсті шарлар ойыны: «Жартысын тап» (Эдуквест)
Мақсаты: заттардың бөлігін табуға үйрету.
Сергіту сәті: «Кім жылдам»
Тілге арналған жаттығу.
Ян-ян-ян
Секеңдеген ақ қоян
Ю-Ю-Ю
Қорбаңдаған аю
III. Қорытынды бөлім
Тәрбиеші: Фланелеграф тақта көмегімен сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.Балалар сұрақтарға жауап береді, ертегі кейіпкерлерін орын-орындарына қояды.
Тәрбиеші: Балалар ертегі ұнады ма?
Ертегі не жайлы екен?
Бірінші алманы кім көрді?
Қоян кімнен көмек сұрады?
Алма кімнің үстіне түсті?
Олардың татуласуына кім көмектесті?
Достар бір-біріне қандай болу керек?
Жарайсыңдар балалар! Оқу қызметі аяқталды
Күтілетін нәтиже:
Қайталай алады: ертегі кейіпкерлерін атай алады
Түсінеді: ертегі мазмұнын
Қолданады: бір-біріне достық көмекті