Президент – ел тірегі» МАД Жасұлан тобы

Тексерілді
«Рабиға» балабақшасының
директоры Нұртаева М.А. ______

Ашық сабақ
«Президент – ел тірегі»
МАД Жасұлан тобы

Өткізген тәрбиеші :Ходжабаева С.Б.

2019 – 2020
Мұнайлы ауданы.
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта».
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті:Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Мақсаты: Елбасымыздың туып — өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлұмат беру. Рәміздермен таныстыру, президентіміздің ұстанымымен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Мотивациялық қозғаушы
— Балалар, бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс — әрекетіміз қызықты өтпек, себебі бүгін мереке, бүгін — Президент күні. Тақырыптық ашық оқу іс — әрекетімізде біз үш топқа бөлініп отырамыз.
Іздену ұйымдастырушы
— Бүгінгі тақырыптық ашық оқу іс — әрекетіміздің тақырыбы: «Президент – ел тірегі».
Ашық оқу іс — әрекетіміздің басында Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жайында деректі фильм көріп жіберейік.
Тәрбиеші:
— Сабағымызды бастамастан бұрын .Сендерді үш топқа бөлемін.
1 –топ «Астана»
2 –топ «Алматы»
3- топ «Ақтау»

1 — топ. «Астана»тобы.
— Астана – Қазақстан Республикасының бас қаласы. Астана қаласында – Бәйтерек, Қазақстан Республикасының президенттік мәдени орталығы, резиденциясы, «Думан» ойын – сауық орталығы бар.
2 — топ. «Алматы» тобы.
— Алматы – Қазақстанның әдемі қалаларының бірі. Алматы қаласында – Медеу мұз айдыны, Көктөбе ойын-сауық кешені, 14 театр мен 25 мұражай және апорт алмасы бар.
3 — топ. «Ақтау» тобы.
— Ақтау — Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтау қаласында Жантурин атын — дағы драма театр, көптеген кинотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Бәйтерек», ойын — сауық кешендері және Каспий теңізі бар.
Томпақ:
— Жарайсыңдар, балалар, Қазақстанның қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар.
— Балалар, Отаныңыз қалай аталады?
— Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы.
— Президентіңіз кім және президентіңіз туралы не білесіңдер?
— Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев.
— Н. Ә. Назарбаев Алматы облысында дүниеге келген. Мектепті жақсы оқыған, ұшқыш болуды армандаған.
Нұрила
Елбасымыз жолдайды,
Халқы оны қолдайды,
Ешқашанда орынсыз
Шешімдері болмайды.
Ақниет
Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды,
Осындай жақсы адамның,
Жақсылығы тарайды.
Кәусар
Тәуелсіздікті елге сыйлады,
Бейбітшілікті қалады,
Орындалып — арманы,
Халқымызда — ажарлы
Осының бәрі — әрине,
Елбасының – арқасы.
— Өте жақсы балалар, келесі менің білгім келетіні, Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
— Қазақстан Республикасының рәміздері: ту, елтаңба, гимн.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 1992 жылы маусым айында бекітілді. Тудың авторы: Ш. Ниязбеков.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда бекітілді, авторы: Мәлібаев және Уәлиханов.
— Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің әнін жазған Шәмші Қалдаяқов сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Тәрбиеші:
— Жарайсыңдар, балалар, шаршап қалған болармыз, сергіту сәтімен бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Енді балалар топтық жұмысқа кірісімез .
«Астана» тобы – Зайцев технологиясын қолдана отырып . «Астана» деп жазамыз .

«Алматы» тобы Триз технологиясын қолдана отырып Алматының
аппорт алмасын гуашпен бейнелейміз .

«Ақтау» тобы – Құм терапиясын қолдана отырып ,құмнан Ақтау қаласын жасаймыз

Тәрбиеші:
Егеменді ел болып, тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәт — Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Осының бәрі — еліміздің тұңғыш президенті — Н. Ә. Назарбаевтың арқасында!
Бүгінгі президент күніне арналған тақырыптық ашық оқу іс — әрекетімізді аяқтаймыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.