Біздің балабақша және оның ауласы
Ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім саласы: «Әлеуметтік орта» Тақырыбы: «Біздің балабақша және оның ауласы» Мақсаты: Балабақша мекемесіне(бөлмелеріне) саяхат ұйымдастыру, ондағы жұмыс істейтін қызметкерлермен таныстыру. Балабақша ауласына бақылау жасап, өсіп тұрған өсімдіктердің аттарын атап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: Мектеп, балабақша.
Ән салғызып,билетіп, Ылғи бізбен жүреді, Тақпақты да үйретіп, Ойнатады күледі, Әліппе оқуға, Үйреткен әр күні, Үйретіп санауды, Есепке төселткен, Бұл кім? Балаларды балабақшаның (мектептің) мекен-жайымен таныстырып, ондағы бөлмелерді аралатып,әр бөлменің аттарымен таныстыру. Бөлмелерде жұмыс істейтін қызметкерлердің әңгімелері бойынша олардың мамандықтарымен танысады..Н.Жанаевтың «Балабақша» өлеңін оқып беру. Үйренеміз жақсы ән біз, Үйренеміз биді де, Біздің балабақшамыз, Осындай шат үй,міне, Үйретеді еңбекке, Үйретеді білімге, Үйретеді әдепке, Таза болып жүруге, Бір-бірімен сыйласты, Татумыз біз баршамыз, Бал достықтың ұясы, Біздің балабақшамыз. Балабақшада не істейміз? Балабақшада неге үйренеміз? Әліппе дәптермен жұмыс. Ғ.Өкеевтің «Балабақша үйіміз», М.Мақатаевтың «Мектеп» атты өлеңдерімен оқып таныстырамын. Балабақша үйіміз, Ағалардан сыйымыз, Серуендеп шығамыз, Таза ауаға жиі біз, Ауласында ойнаймыз, Ойнап қана қоймаймыз, Жаңа қоныс жаңа үйді, Әнге бөлеп,тойлаймыз.
Мектеп. Мектебім айтар әнім, Сан рет қайталадым, Өзіңнен алғанымды, Өзіңе қайтарамын.Тапсырма бойынша жұмыс жасау.Балабақша мен мектептерде кімдер жұмыс істейді? Ажыратып айтып бер? Сергіту сәті. Дидактикалық ойын. «Бұтақтағы балалар». Осыдан соң балаларды балабақша ауласына алып шығып ,ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен таныстыру. «Тірі» табиғат туралы түсінік беріп, оларға( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімелеу. Тәрбиешінің басшылығымен мынадай дағдыларды меңгеруі тиіс .Аулада тазалықты қалай сақтаймыз? Гүлзарларда өсіп тұрған өсімдіктерге қалай қамқорлық жасайсыңдар? Ауладағы барлық өсімдіктерді қалай қорғайсыңдар? Сабақ соңында балаларды балабақша ауласына алып шығып ,ауладағы өсіп тұрған ағаштар мен өсімдіктердің аттарымен, түрлерімен таныстыру. «Тірі» табиғат туралы түсінік беріп, оларға( тірі табиғатқа) өсіп-өну үшін күннің жылуы, жарық ,кұнарлы жер, тынайтқыш қажет екенін әңгімелеу,арқылы сабақты аяқтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап,қатыспағандарды ынталандыру.
Күтілетін нәтиже: Ұғынады: «Балабақша», «Мектеп» мағынасын. Түсінеді: Балабақша, мектеп мекемесі қызметкерлерінің жұмысын. Қолданады:Балабақшада ойнайды,ойлайды.
Нұр-сұлтан қаласы
№84 «Кәусар» балабақшасы
Тәрбиеші: Жарасбай Индира