«Атаға көмектесейік»
«Балбөбек» ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Апталық тақырыбы: Дені саудың жаны сау.
Білім беру саласы: Коммуникация,Таным, Әлеумет,Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Кіріктірілген
Тақырыбы: «Атаға көмектесейік»
Міндеттері:
1.Білімділік міндеті:Күз мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсініктерін кеңейту.Жеміс жидектерді тануға атауға өздеріне тән қасиеттерін сипаттауға үйрету.
2.Дамытушылық міндеті: Балаларға толық сөйлеммен дұрыс жауап беруге дағдыландыру,сөздік қорын байыту,заттарды көлеміне қарай топтастыру,балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуды жалғастыру.
3.Тәрбиелік міндеті: Күнделікті өмірде сыпайы сөздерді қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Көкөністер мен жемістердің муляждары,музыка әр түрлі суреттер,Массаж қолғаптары,сиқырлы сандық.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,саяхат ойын
Үштұғырлық компонент:Күз-осень autum- алма-яблоко асық-асык
Ұйымдастырылған оқу қызметінің кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Сана- сезімге түрткі болатын,
жетелейтін бөлім
Ұйымдастыру-нәтиже бөлімі
Рефлекстік нәтиже бөлім
|
Шаттық шеңбер
Сәлеметсіздерме! Здравствуйте! Гудмонинг! Үлкен шеңбер құрайық, Бір-екі, үш деп соғайық. Қарап тұрған көршіме Қолымды мен бұлғайын. Жылы-жылы сөзбенен Маңдайынан сыйпайын, Ыстық алақаныммен, Қолыңды бер қысайын. -Бүгінгі біздің ойын сабағымыз өзгеше болмақ. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз айларын атап беріңдерші! Күз мезгілін ағылшын тілінде қалай айтады? -Жарайсыңдар балалар!
Атаның телефоны шырылдайды. Ата: Алло,Алло! Амансыңдар ма! Тәрбиеші:Сәлеметсіз бе,Ата! Біз сізді тыңдап тұрмыз. Ата: Сендердің маған көмектерің керек болып тұр.Бақшамағы жемістер мен көкөністерімді жинауға көмектесіп жіберсеңдер! Т: Жаксы ата,бізді тосыңыз.Біз келеміз!
Ғажайып сәт (Сиқырлы сандықты ашқанда музыка қосу) —Ой балалар мынау не? Бұл жай сандық емес сияқты.Сиқырлы сияқты. -Сандықтың ішінде не бар екенін көрейік пе? Бұл не? -Олай болса, асықты иіру арқылы тапсырамаларды орындаймыз. Орындауға дайынсыңдар ма? -Балалар бүгін біз екі топ болып бөлініп жұмыс жасаймыз. Т:-Қане балалар қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық. —Қандай қауіпсіздік ережелерін білеміз?
Олай болса,асықты иіру арқылы ойын сабағымызды бастайық. (Асықты иіру)
1.Тайке асық тапсырмасы: —Балалар мына ортадағы аяққа арналған массаж жолымен өту арқылы тапсырмаларды орындай аламыз. Балалар біз қайда келдік?
Т:-Балалар асығымыздың тапсырмасын тыңдайық.
Масуд: 1.Қандай дауыс естіп тұрсыңдар? —Қандай дене мүшесінің көмегімен білдіңдер? Айзере 2.Қандай жемістің дәмін сезіп тұрсың? —Қандай дене мүшесі арқылы дәмін сезіп тұрсың! Асанали: 3.Ненің иісін сезіп тұрсың? Қандай дене мүшесі арқылы кофенің иісін сезіп тұрсың! Айым 4.Сен қандай затты сезіп тұрсың?
Қандай дене мүшесі арқылы тас екенін біліп тұрсың! Жарайсыңдар балалар!
Судан өту үшін мынандай тақпақты айтайық. Сылдырайды мөлдір су, Мөлдір суға қолыңды жу. Жуынсаң сен әрдайым, Таза бетің маңдайың. Тазалықтың досы -су дегеніміз осы.
Тәрбиеші:Балалар қане бір-бірімізді итермей,қауіпсіздік ережесін сақтап көлшіктен аттап өтейік.
Тәрбиеші:-Ал балалар тағы асықты иірейік. (Асықты иіру) -Балалар асығымыз қалайынан түсті? О-о-о-о балалар бізді асығымыз Атамыздың жемістері мен көкөністеріне алып келді ғой. -Бағана ата бізден көмек сұрады емеспе! Қане олай болса Атамызға көмектесіп жіберейік.
2.Алшы асық тапсырмасы:
-Ата:Менің бақшама қош келдіңдер! Сендерді білімді,ақылды балалар деп естідім. Тәрбиеші: Ата олай болса біздің балалардың білімін көріңіз. Екі топқа бөлініп тапсырма орындайды. Орындарын отырады.
«Луллия сақиналары» Жемістер мен көкөністерге байланысты ажыратып салыстырып санайды. Шеңберді айналдырып түскен комбинация бойынша әңгіме құрастырып, оның пайдасын айтады. Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді стрелкамен қосады. Сәбіз кайда өседі?
Алмұрт қайда өседі?
Жемістер мен көкөністердің қандай пайдасы бар?
Жарайсыңдар балалар!
-Қане балалар бой жазып дем алып алайық. Сергіту сәті
Тәрбиеші:-Ал балалар тағы асықты иірейік. (Асықты иіру) 3.Бүк асықтың тапсырмасы:
Ата: Балалар сендердің білімдеріңді көрдім.Енді сендер менің асығымның көмегімен көкеніс пен жемістерді құрастырып беріңдер. -Балалар банан қайда өседі? -Алма қайда қайда өседі? 1-топ: Капуста тобы жүзім 2-топ: Жүзім тобы капуста
Ата:Сендер менің жемістерімді жинап бердіңдер.Рақмет сендерге! Мен сендерге дайындап қойған сыйлығым бар. (Сыйлыққа асықпен тігілген қолғап береді.) Жарайсыңдар балалар! Тәр: Ата сізге көп-көп рахмет! Сау болыңыз! Ата:Аман болыңдар!
Тәр:Балалар енді біз сиқырлы асықпен жасалған қолғаптың көмегімен арқамызға массаж жасайық.
-Балалар бүгін біз кімге көмектесік? -Жеміс пен көкөністердің қандай пайдасы бар? -Қандай ойын ойнадық? Біз дене мүшесіне қандай құралдармен массаж жасадық? -Бүгінгі ойын сабағымыз ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай қауіпсіздік ережелірін сақтау керекпіз. Өрт шыққанда қайда қоңырау шаламыз? Бағалау. Бүгінгі ойын сабағымызды алма ағашына алмаларды жабыстыру арқылы бағалайық.
Сары,жасыл алма жасау. Ал,балалар сендердің топқа қайтатын уақыттарың болды.Жарайсыңдар! |
Бір бірлеріне жылу лебізді білдірді
Күз мезгілі. Қыркүйек,қазан,қараша Жауаптары тыңдалады.
Сандық
Асық
1.Бір-бірімізді итеруге болмайды. 2.Айғайлауға болмайды; 3.Қоқсықтарды тастауға болмайды, 4.Суды бет албаты төгуге болмайды. 5.Үйде сіріңкемен ойнауға болмайды. 6.Балаларға балконға шығуға болмайды. (Балкон-қылқима) 7.Танымайтын адамдармен сөйлесуге болмайды, 8.Танымайтын адамнан ешнәрсе алма. 9.Білмейтін жемістерді,жидектерді, саңырауқұлақтарды жеуге болмайды. 10.Дәрілерді және қауіпті заттарды қолыңа алма,оларды абайсызда жұтып қоюың мүмкін.
Мен бұл әуенді құлағымның көмегімен естіп тұрмын.
Лимон жемісі. Мен ауыз мүшесі арқылы лимон жемісінің дәмін сездім.
Мен кофенің иісін сезіп тұрмын. Мен мұрын арқылы кофенің иісін сезіп тұрмын.
Мен бұл затты ұсақ тастар деп ойлаймын. Мен қолымның көмегімен ұсақ тастарды сезіп тұрмын.
-Судан аттап өтеді
Балалардың жауаптары тыңдалады.
1-топ: Капуста 2-топ: Жүзім
Айым Сәбіз—ағзаға өте пайдалы көкөніс. Сәбіздің құрамында А дәрумені адамның бойын өсіреді,көздің көру қабілетін жақсартады.Сәбіз жесе адамның бойы өседі. Асанали Алмұрт ағашта өседі.Алмұрт иісі жұпар,тәтті дәмі бар,пайдасы мол жеміс.Алмұрт суық тигенде пайдасы зор.Сергітеді және Шөлді басады. Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар.Жемістерден тосап және компот қайнатады. Көкөністерден тағам ретінде салаттар жасайды.Қызанақта С дәрумені өте көп.Бақшада өсіп тұрған жемістерді сабағына үзіп алып,жұмаған күйде жеудің өзі зиянды. Банан: үндістанда өсіріледі.Ойлау қабілетті жақсартады. Бананда дәрумен өте көп. Алма: алма құрамында көптеген дәрумендер бар.Алма жемісінен шырын,тосап,компот ждем жасайды. Алманы күнделікті салаттарға қолданады.Алматы қаласы өзінің апорт алмасымен мақтанады.Оның дәмі өте жақсы.Жүректі жақсы жұмыс істетеді.
Музыка қосылып қимылмен жасайды.
Капуста мен жүзім құрастырады.
Балалар шеңбер бойымен жүріп,арқаларына массаж жасайды.
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Өрт шыққан жағдайда 101 номеріне қоңырау шаламыз.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу: Күз мезгілінің ерекшеліктерін,жеміс жидектерді тануға атауға өздеріне тән
қасиеттерін сипаттауды білу.
Орындай алу: Толық сөйлеммен дұрыс жауап беру,заттарды көлеміне қарай топтастырып
орындады.
Істеу,істей білу: Сиқырлы асықпен жасалған қолғаптың көмегімен арқаларына массаж жасай
білді.
Ainur_ggg