Балабақша әлемі

Top Menu

  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

Main Menu

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
Кіру / Тіркелу

Логин

Қош келдіңіз! Аккаунтқа кіру
Кілт сөзді ұмыттыңыз ба?
Тіркелу

Забытый пароль

Артқа оралу

Тіркелу

Артқа оралу
  • Балабақша конкурстары
  • Сайт ережесі

logo

Header Banner

Балабақша әлемі

  • Балабақша
  • Оқу қызметі
  • Технологиялық карта
  • Циклограмма
  • Материал қосу
  • «Менің үйім»

  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат

  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы

  • Көңілді математика әлемі

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»

  • Республика күніне арналған ашық сабақ

  • циклограмма

  • Геометриялық пішіндер мен денелер.

  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары

  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»

  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж

  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы

  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

  • Мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудыңүлгілік оқу жоспары(5 жастағы балалар)

  • Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары

  • Бөбек жасы балаларына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу жоспары

  • Білім стандарты. 2022 жыл. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы

  • Инструктивно-методическое письмо. Детский сад. 2022-2023 уч. год

Балабақша
Home›Балабақша›5 саны мен цифры.5-санының жасалуы.Тура және кері санау.

5 саны мен цифры.5-санының жасалуы.Тура және кері санау.

By admin
7 декабря, 2019
3737
0
Share:

Павлодар облысы, Ертіс ауданы,

Ынтымақ негізгі жалпы білім беру мектебі

«Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі Сарсенбаева Шынар Токтаровна

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Күні: …………………

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Тақырыбы: 5 саны мен цифры.5-санының жасалуы.Тура және кері санау.

Мақсаты: 5 саны мен цифрын таныту. Дұрыс жаза білуге үйрету, санауға дағдыландыру, пішіндерді , түстерді білуге үйрету.

Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ- жауап.

Көрнекілігі: Суреттер, цифрлар, таяқшалар, дәптер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы.

Ізденуші- ұйымдастырушы.

 

Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнап түсті даламыз.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

—  Жарайсыңдар, балалар, орнымызға отырайық.

Ой, балалар, бұл не екен, кімдікі екен? Бұл бізге келген хат екен, кімнен келді екен, оқып жіберейін.

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Мен ұзын құлақ қоянмын. Сендерге мына ғажайып сандығымды беріп жібердім, ішіне әртүрлі тапсырмалар салдым. Сол тапсырмамды орындасаңдар, мен сендерге қонаққа барамын, ол үшін менің бейнемді құрастырыңдар. Әр тапсырмамда менің бір мүшем бар, соны біріктірулерің керек. Ендеше кездескенше.

Ал, балалар, қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?

 

— Ендеше сандықты ашайық.

1-тапсырма: «Миға шабуыл»

— Бағдаршамда неше көз бар?

— Үш көзі бар.

— Жұлдыздың неше бұрышы болады?

—  Бес бұрышы болады.

— Аспанда неше күн бар?

— Бір күн бар.

— Адамда неше көз бар?

— Адамда екі көз бар.

— Дұрыс, балалар, біз бірінші тапсырманы орындадық. Міне, қоянның басы шықты орналастырайық.

2-тапсырмасын орындап көрейік.

Мына сандардың алдында қандай сандар тұрады?

 

 1  4
 3 5

 

3 тапсырмасын орындайық:  Қаламмен бастырып сыз.

— Қараңдаршы, қоянның екі аяғын құрастырдық.

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш, Кəне, қанат қағамыз.

Бір, екі, үш,

Қарлығаш боп ұшамыз.

Бір, екі, үш,

Жинап алдық күш.

4 тапсырмасы:

Логикалық есептер

 

1.Үйге кірді Альдияр,

Оған қоса Мадияр.

Кейін келді Айдана.

Қанша болды бар бала?

 

  1. Табақта төрт алма,

Қолымда бір алма.

Барлығын қосқанда,

Болады неше алма?

 

  1. Мұз айдында үш бала,

Асыр сап жүр сырғанап,

Сырғанамай екі бала

Жағалауда тұр қарап.

Енді осы бар баланың

Санын айтсаң, жарадың.

 

-Енді қоянның екі қолын құрастырамыз. Қоянның барлық денесі шықты, өзі де келе жатқан шығар. Балалар, қоян келгенше біз оған сыйлық дайындайық. Мына екі себеттің біреуіне сәбіз, ал екіншісіне гүлді жапсырамыз.

Қоян: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мінеки, мен де келдім. Жай келген жоқпын, жұмбақ ала келдім.

(Жұмбақ жасырады).

Балалар қоянға дайындаған сыйлығын береді

  • Балалар, сендерге қоянның бүгінгі тапсырмасы ұнады ма?

 

Өз бетінше орындалатын  жұмыс.

Балалар цифрдың бейнесін саусағымен жүргізіп  және ермексаздан жасап көрсетеді.

 Ойын: « Адасқан сандар» сандарды орнына қойыңдар.

 

Санамақтарды қайталау арқылы 5 санын бекіту.

Ендеше 1,2,3,4,5 сандары туралы санамақ айтайық.

1 дегенім — бөрік,

Кисең берер көрік.

2 дегенім — етік,

Киер сәнді етіп.

3 дегенім –ішік,

Теріден тігер пішіп.

4 дегенім – тымақ,

Қысқа кисең жылы-ақ.

5 дегенім – байпақ,

Іші жылы, жайпақ.

 

-Осымен сабағымыз аяқталды. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау.

 

Күтілетін нәтиже: Түсінеді: 5 саны мен цифры.

Жасайды: санайды, санның құрамын жазады, бояп әдемілейді.

Қолданады: берілген тапсырманы дұрыс орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Previous Article

«Атаға көмектесейік»

Next Article

теңіздегі туылған күн

0
Shares
  • 0
  • +
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0

ҰҚСАС МАТЕРИАЛДАР ОСЫ АВТОРДАН

  • Балабақша

    « Бала болашағына жол ашайық»

    23 ноября, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Fruits and vegetables

    1 мая, 2017
    By admin
  • БалабақшаБАЛАБАҚША ӘЛЕМІ

    Біз білімді балалар

    4 мая, 2017
    By admin
  • Балабақша

    Үйшік ертегісі

    2 марта, 2020
    By admin
  • Балабақша

    Қызықты математика

    17 ноября, 2019
    By admin
  • Балабақша

    Көбелектер

    20 июня, 2019
    By admin

Пікір қалдыру Отменить ответ

  • Балабақша

    6 саны мен цифры

  • Эссе жинағы

    Тәрбие басы –отбасы !

  • ҚМЖ

    Абайтану

Жаңа жарияланымдар

  • «Менің үйім»
  • Балабақшада ескертуді жою бойынша ақпарат
  • “Туған жерім” пейзаж сурет байқауы
  • Көңілді математика әлемі
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • МОЯ РОДИНА — КАЗАХСТАН»
  • Республика күніне арналған ашық сабақ
  • циклограмма
  • Геометриялық пішіндер мен денелер.
  • Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 — 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
  • «Білім беру ортасындағы балалардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігі»
  • Қыркүйек айына арналған преспектива 2022-2023жж
  • Балабақша тәрбиешілерін артық есеп беруден арылтатын бұйрық туралы
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2022

Күнтізбе

Январь 2023
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
« Дек    

BALABAKSHA.KZ

Байланыс :
Тел:          +7 707 817 74 58
E-mail:     baksha-2020@mail.ru

Яндекс.Метрика