«Жаңашыл ұстаз»

Қызылорда қаласы

«Алтынұя»бөбекжай бақшасы

Қалдыбекова Айгүл

Қалдыбекқызы

Ajka.kaldybek.82@bk.ru

 

«Жаңашыл ұстаз»

 

Менің  әрбір  күнім  ерекше  себебі  мен  қызығы  мен  қиындығы  қатар  жүретін

өз  жұмысыма  асығып  келемін.Әрбір күлкісі  көңіліме  қуаныш  сыйлайтын  тілі  балдай  періштелерім  бар. Мен  балалардың  бағаны  еліктейтін  ұстазы  тәрбиешімін. Алдымдағы  әрбір  бала  қайталанбас  ғажайып  әлем. Сол  сәбилердің  жүрегіне жан  дүниесіне  жол  таба  білу  менің  тікелей  борышым деп білемін.

«Ел боламын десең-бесігіңді түзе»-деп заманымыздың заңғар жазушысы   М.Әуезов айтқандай ел болашағы жас өспірімдердің сапалы білімі мен саналы тәрбиесіне тікелей байланысты.  Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпақ.Баламен тіл табысып,оның бойына білім нәрін себетін басты тұлға-ұстаз.Өмірдегі көп мамандықтар ішінде жан-жақты білімділікті ,икемділікті ,шеберлікті мейірімділікті қажет ететін мамандық ол-ұстаздық мамандық. Олай дейтінім ,мұғалім еңбегі біріншіден ,адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылыми негіздерінен білім беруге тиіс болса,екіншіден,үнемі шәкірттерімен қарым –қатынаста болып,білсем үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Ұлы Абайдың:

Ақырын жүріп анық бас ,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға ,деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады.Егер шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып,ұстаздан шәкірт озып жатса,ол ұстаздың еңбегі емес пе?

Қазіргі таңда Республиканың білім беру жүйесінің ең басты міндеті білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату. Бала- болашағымыз десек,сол балаға жүйелі білім беріп ,ынта –ықыласын дұрыс бағыттауды ,қабілет –қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек деп ойлаймын.Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбиемен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді .Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инноватциялық ойын технологиясының түрлерін  пайдалана отырып,жан-жақты,білімді, құзіретті тұлға тәрбиелеу.Бүгінгі күн бәсекелестікпен жоғарғы технологияның,ғылым мен білімнің заманы.  Сапалы білім –ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш.Сондықтан оқыту мен оқу үдерісінде жаңа педогогикалық қағидаттарды пайдалану,балалардың сапалы білім алуын қамтамасыз ету- әрбір ұстаздың міндеті.

Мектепке дейінгі балалық шақта балаларды қоршаған ортаға қарап,ойлау қабілеттерін, шығармашылық ойлауларын дамыту керек.Дамыта оқытудың нәтижелі болуы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы жаңаша қарым-қатынас арқылы ғана өз жемісін береді.Дарындылықты шыңдап ,бала бойындағы бұғып жатқан талантты таба біліп болашағына бағдар беретін-ұстаз.Ұстаз алдындағы әрбір баланың неге бейім ,қандай қабілеті барын  қажеттілігін дер кезінде біліп  ,соны дамытуға ұштай түсуге көмектесуі қажет.Себебі бүгінгі таңда өте қабілетті ,дарынды балаларды іріктеп,олардың дамуына жағдай жасау –кезек күттірмейтін іс.Бала қабілеті мен дарынын толық ашу бала үшін  ғана емес,ең алдымен қоғам үшін де маңызды. Дарын дегеніміз не?Дарын дегеніміз-адам бойындағы асқан талант ,ерекше қабілет алғырлық,зеректік. Дарынды бала дегеніміз –басқа балаларға қарағанда мүлдем өгеше ,ерекше балалар.Ондай балалар  білімқұмар қозғалмалы ,көңіл-күйлері әрқашан көтеріңкі,қарым-қатынасқа тез әрі жеңіл түседі.Олар өзгеше және шапшаң ойлайды,ойын ерте жеткізе біледі.

Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленушінің дарынды, жоғары деңгейде даму шеберлігі дамыған баланың шығармашылық қабілетін қалыптастыруды өзімнің негізгі мақсат деп ойлаймын.

Балаларды мейірімділікке ізгілікке тәрбиелеп баулу кезінде өз жұмыс барысымда байқағаным жұмыс жасап араласатын балалардың аздығы ,көп балалар шеттеп қалып,өз ойларын жеткізе алмайды.Олардың шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеттері дамымаған, көрініп тұрған нәрселерді байқамайды.

Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға тиімді технология түрлері қазіргі уакытта өте көп.Бірақ педагогикалық инновацияларды балабақшада балалардың жас ерекшеліктері мен әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдалануға болады.Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз,сондықтан олар затты қолмен ұстап,көзімен көргенді ұнатады.

Бірақ  педагог ретінде 21 ғасырда игеруге тиіс дағдылар,оны болашақ ұрпақтарымызға қалай меңгертеміз,ұлт тәрбиесі мен білімі қандай болмақ,мектепке дейінгі білім берудің оқу мен тәрбие үдерісіне қандай өзгерістер енгізу қажет?,-деген сұрақтар мені жиі мазалайтын. Сыни  ойлай алу, зерттей алу, креативті, бастамашыл, командамен жұмыс істей алу дағдыларын бүгінгі бүлдіршіндердің бойында қалыптастыру өзекті мәселе, осы дағдылардың бала бойында болуына тәжірибемде мән бергенді жөн көрдім.Себебі:  заман талабы алдыға жылжу мүмкіндігі бар.

21 ғасыр дағдылары сыни ойлай алатын, креативті ,зерттеуге дағдыланған, АКТ мүмкіндіктерін толық пайдалана алатын ,командамен жұмыс істей алаты тұлға  тәрбиелеуді талап етті.Осыған орай өз ойымды түйіндей келе, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің Жаңартылған білім мазмұны бойынша оқу бағдарламасының«үйлесімділігі»  қағидатын негізге ала отырып шәкірттерімнің өз бойларына бағдарлама анықтаған құндылықтар мен дағдыларды игеруіне қолдау көрсету-менің басты ұстаздық міндетім деп білемін.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *