«Орманға саяхат»
Есқали Меруерт
«Алтын ұя» бөбекжай бақшасы
Дене шынықтыру нұсқаушысы
Ашық оқу қызметі
«Орманға саяхат»
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Есқали М
Білім беру саласы: Денсаулық
Тобы: «Балауса» ІІ кіші тобы
Кіріспе
Балаларды сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Орыннан оңға, солға бұрылу, кері айналу жаттығуларын орындау.
Жүру, жүгіру жаттығуларын орындау: аяқтың ұшымен, қол жоғарыда; өкшемен, қол белде; табанның ішкі-сыртқы қырларымен; баяу және жылдам қарқынмен жүгіру; тынысты қалпына келтіру.
Нұсқаушы:-Балалар, бүгін біз орманға саяхатқа барамыз. Өздерің білетіндей онда денсаулығымызға пайдалы таза ауа бөлетін ағаштар мен түрлі өсімдіктер бар. Алайда біз тыныштық сақтап ондағы тіршілік иелеріне кедергі жасамауымыз керек. Саяхатқа аттанбас бұрын дене қыздыруға арналған жаттығулар кешенін орындап алайық.
Екі бағанға бөліну.ЖДЖ кешенін орындау (жалаушамен):
- Б.қ аяқ иық деңгейінде, қолды алға созып ұстап тұру, аяқ иық деңгейінде. 1- оң қолды жанға ашып басты оң жаққа бұру, 2-б.қ оралу;3-4 сол жаққа орындау (3-4рет)
2.Б.қ аяқ иық деңгейінде, қол жанымызда.1-қолды алға созу, 2-жоғары көтеру, 3-қолды екі жанға ашу, 4-б.қ оралу. (3-4 рет)
3.Б.қ аяқ иық деңгейінен, қол алда. Қолды 4 санаққа қайшылау (3-4рет).
4.Б.қ аяқ иық деңгейінде қолды екі жаққа ашып тұру.1-2 алға, 3-4 артқа айналдыру. (3-4рет).
- Б.қ аяқ иық деңгейінен алшақ, қолды жоғары көтеріп тұру. 1-оң жаққа иілу, 2-б.қ оралу, 3-сол жаққа иілу, 4-б.қ оралу. (3-4рет).
- Б.қ тіземен тұру,қолды шынтақтан бүгілген қалыпта кеуде тұсында ұстау. 1-оң аяқты жанға созып, қолдарды да аяққа қарай созу, 2- б.қ оралу, 3-сол жаққа орындау, 4-б.қ оралу. (3-4рет).
- Б.қ аяқ иық деңгейінде, қол жоғарыда. Отыры-тұру жаттығуын орындау(3-4рет).
Ал, балалар серуенімізге аттанайық.
-Қараңдаршы балалар қандай әдемі көрініс, әсем үн. Өте мұқият болып, сақ болайық.
Негізгі қимылдар
1.Балалар, тунельден (үңгіме жол) еңбектеп өтейік
Тура бағытта 4-6 метр арақашықтықта еңбектеу.
2.Көлшікке құлап кетпес үшін, тепе-теңдік сақтап тіземізді жоғары көтеріп өтейік.
Аралықты сақтай отырып,тізені жоғары көтеріп жүру
- Ал, енді балалар мына бөренеден аса мұқияттылықпен өтейік
Гимнастикалық бөренеден тепе-теңдік сақтап өту.
4.Балалар тиынды көріп тұрсыңдар ма? Ендеше тиынға қысқы азық жинауға көмектесейік.
Тиынның азықтарын ағаш бұтағындағы жіпке ілу
Мақсаты: тепе-теңдік сақтау қабілетін дамыту; дене қасиеттерін дамыту;қол мен аяқтың қимылын үйлестіру; қимыл үйлесімділігін арттыру.
Құрал-жабдықтар: жалаушалар, тунель, гимнастикалық орындық.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету.
Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» .Картотека №22
Ережесі: балалар алаңда еркін қалыпта секіріп, билеп, ойнап жүреді. Ал, найзағай дауысы естіліп, жауын басталғанда қыздар қыздарға арналған қолшатырдың астына, ұлдар ұлдарға арналған қолшатырдың астына қарай жүгіреді. Ойынды бірнеше рет қайталап ойнайды.
Мақсаты: ептілік, жылдамдық қасиеттерін дамыту, қимыл үйлесімділігін арттыру.
Қорытынды.Балаларды сапқа тұрғызу. Сабақты қорытындылау. Балалармен қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
1.Жаңғыртады: еңбектеуді, жүруді, гимнастикалық орындықпен жүруді.
- Қолданады: еңбектеу, тепе-теңдік сақтап жүру дағдыларын
3.Түсінеді: тепе-теңдік сақтап қозғалыс жасауды