Ертегілер елінде
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Бесшоқы елді мекені
№9 «Бәйтерек» балабақшасы
МКҚК тәрбиешісі:
Кайырова Жамал Докторбаевна
«ЕРТЕГІЛЕР ӘЛЕМІ»
Тақырыбы: Шуақты көктем
Мақсаты: Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру. Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу. Көктем мезгілі туралы түсініктерін тиянақтау, көктем айларын, атап беру. Апта күндерін атап беру.
Әдіс-тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суретері.
Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен және солармен амандасып алайық.
Шатық шеңберіне тұру.
Арайлы таң атты,
Күн сәулесін таратты
Жарқырайды қаламыз
Жарқырай түс, даламыз
Қайырлы таң! Қайырлы таң қонақтар.
Бүгін біз осы күнге дейінгі үйрендерімізді қорытындылайтын боламыз.
Олай болса, бүгінгі оқу қызметімізде ертегілер еліне саяхат жасайтын боламыз
Балалар, ертегі әлеміне саяхат жасау үшін ертегілерді есімізге түсірейік.
Біз қандай ертегілер білеміз?
Сендер қандай ертегіні жақсы көресіндер?
Балалар, ертегілер еліне барғыңыз келе ме?
Тосын сәт: «Мен кішкентай қызбын, бәрі жақсы көретін әжеме барамын, бәліш апарамын»
-Ой балалар мына қыз кім сендер білесіндерме, кай ертегінің кейіпкері?
Қызыл телпек: Мен орманда адасып кетім, маған әжеме баруға көмектесіңдерші!
Балалар, Мына ұзын және қысқа жол бар екен қай жол әжеге апарады деп ойлайсындар?
Олай болса балалар орманың шетіндегі әженің үйін табуға қызыл телпекке көмектесейік.
Орманың іші қандай әдемі екен!
Орманда ағаштар көп екен, ауасы қандай керемет қәне балалар тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік.
Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдап алыңдар.
Ағаш басы бүршік жарып, жапырақ ашып, гүл бәйшешек толады.
Балалар, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады.
Бұл көктем мезгілінде болады.
Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынады.
Ағаштар бұршық жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
Көктемде ең алғаш болып қандай гүлдер шығады?
Бәйшешек гүлі, Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлі.
-Көктем айларын атап беріңдер?
Көктем айлары наурыз, сәуір, мамыр.
-Бір жылда неше мезгіл болады?
-Бір жылда неше ай бар?
Тәулік неше мезгілге бөлінеді? (Таңертең, түс, кеш, түн)
Аптада неше күн? (Санамақ арқылы айтайық)
Қызыл телпекті қыз: Рахмет, достарым. Енді әжеме барайын!
-У-у-у-у-у. Қызыл телпек мен сені жібермеймін.
Мына қол сомкемде тапсырма бар, соны орындасаң жіберемін, орындамасаң жеп қоямын у-у-у!
Тәрбиеші: Балалар қызыл телпек досымызға көмектесеміз бе?
Ойын: «Үйшікке тышқандарды пішініне қарай апар»
Ойын шарты: Үйшікке тышқандарды апарып, түстерін атап, қай пішінге ұқсайтынын айтып бер.
Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз
Міне біздер қандаймыз.
Саңырауқулақтарды ерінбей,
Орман ішіннен тереміз.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досымай!
Жақсы бала еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп біл
Құшағы гулге толады.
Қасқыр: -Қызыл телпек мен сені әжеңе жіберемін, сен маған себетегі бәліштерді бер?
-Жоооқ, мен оны әжеме апарамын!
Тәрбиеші: Балалар, олай болса әжеміз бен қасқырға бәлішті бөліп берейік!
Қасқыр: Жарайды келістім.
Тапсырма: неше бәліш сонша сандарды орналастыр.
Қыимылды ойын: Балалар екі топқа бөлініп тұрады, кедергіден өтіп, тақтаға біртіндеп бәлішті апару керек. Осылайша бәліштерді, Әжемен қасқырға бөліп береміз.
Қасқыр рахмет достарым мен осы орманда қалайын сау болыңдар.
Қызыл телпек бізде міне әженің үйіне келіп қалдық!
Қызыл телпек: Рахмет! Сендерге достарым, менде әжеме барайын сау болыңдар!
Олай болса балалар бізде балабақшамызға оралайық.
Сұрақтар қойып, сабақты қортындылайды.
-Балалар біз қайда бардық?
Орманда кімді көрдік?
-Біз кімнің тапсырмаларын орындадық?
-Кәзір жылдың қай мезгілі?
Балалар көктем туралы кім тақпақ біледі?
Рабия Аружан
Көктем, көктем көктемде Көктем қандай көңілді,
Қустар келіп жеткенде Күміс жаңбыр төгілді.
Қуанып бір қаламыз. Мөлдір аспан ашылып,
Әнмен қарсы аламыз. Күн пердесі сөгілді.
Төреали К Раяна
-Көкке бояп өңірді, Осыншама жақсылық
Көктем келді көңілді. Алып келген көктемім
Бау-бақшада орманда Төрлет бізге нұр болып,
Құстар әні төгілді. Шуақ шашып ақ жүзің.
Аршат Жеңісхан
Күн шуағын шашады, Көктем келді жеріме,
Жауын да жауып алады. Бақ әкелсын еліме.
Көктем кліп жеткенде, Күн күлімдеп көгімде,
Ағаштар бүршік жарады. Шуақ шашсын төгіле.
Мерейлім
Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
Жарайсындар балалар тапсырмаларды жақсы орындадыңдар рахмет сендерге!
Осымен ұйымдастырылған оқу қызметімізді аяқтаймыз!