«Ертегілер әлемі»
Четтыкпаева Ляззат Байтановна тәрбиеші
Жамбыл облысы ,Шу ауданы,
Төле би ауылы,
«Әсем» бөбекжай- бақшасы КМҚК
Тақырыбы: «Ертегілер әлемі»
Мақсаты:
Ертегілер арқылы балалардың шығармашылық қиялдарын, сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту. Сюжеттік бірізділікті сақтай отырып, көңіл-күймен, қисынды мазмұндауды үйретуді жалғастыру. Сыйластық, адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу. Оқу қызметке деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік:
Ноутбук, Шалқан атрибуттары.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, практикалық әдістері;жаңа технологиялар /ақпараттық технология /флипчарт-сабақ/;
ТСО әдістері-ой қозғау, Шаталов технологиясы негізінде құрылған суретті-сызба әдісі, «Mind-map» әдісі
Оқу-қызметінің барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психо- жаттығу:
Армысың, алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос,
Міне менің қолым!
Сұрақ-жауап:
— Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Зима- winter -қыс мезгілі)
Ендеше балалар қыс туралы кім тақпақ біледі.
Кәусар:
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарып ақ қарды.
Жон аппақ түске енді
аралап қайтайық
Ақ күміс бақтарды.
Биболат:
Winter is snowy
Winter is frosty
The ground is white
All day and all night!
Вот и пришла опять зима
Наступили холода.
С неба падают снежинки
И на речке снова льдинки.
Рады, рады, что зима
Снова в гости к нам пришла.
Тәрбиеші:-Жыл мезгілдерді атап беріңдер! / Зима- winter –қыс, весна-spring -көктем, лето- summer-жаз, осень- autumn- күз/ ) В какой сказке встречаются четыре времени года? / ответы детей «Двенадцать месяцев»/Странно! Откуда музыка взялась?
II. Қызығушылықты ояту. Ғажайып сәт (ән «Ертегілер-ертегілер» ойналады)
Тәрбиеші: -Бүгін бізге қонаққа сиқырлы ертегілер келді! О! Үйшік!
Балалар, мына үйшікте кім тұрады екен? Мен таптым. Бірақ мына үйшікте кім тұратынын менің жұмбағымды шешіп өздерің тауып көріңдер.
1 Тапсырма .
Жұмбақтың жауабын шешу. Өзіне болған қорған – орман ішінде бар, бір аң қорбаң-қорбаң.
(аю –медведь- bear)
Өзі қу, әрі айлагер
Жүрген жері айқай да шу
(Түлкі-лиса -fox)
2.Тапсырма: «Түлкіні геометриялық пішіндер арқылы құрастыру»
3. Тапсырма:
-Вот и задачку задала нам сказка! Что это за знаки-символы? Не понятно! А вы сможете угадать из какой сказки эти герои?/ ответы детей сказка “Под грибом” В.Сутеева/
4. Тапсырма «Кейіпкелерді орын орны мен орналастыр» /қателіктін алдын алу әдісі-метод преднамеренной ошибки/
Сергіту сәті.
Тәрбиеші:
-О!Сиқырлы кораб! Сиқырлы қорапта кейіпкелердің атрибуттары! Балалар «Шалқан» ертегісінде қандай кейпкерлер кездеседі? /балалардың жауаптары/ Шалқан ертегісін сахналайық
Оқу қызметті пысықтау (қорытындылау)
— Бүгін біз сендермен қандай ертегіні сахналадық.
Қол ұстасып тұрайық
Щеңберді біз құрайық
Көріскенше күн жақсы.
Сау – саламат болайық.
Семинар өте жаксы деңгиде дайындалған ,көп керектілерімді алдым.Тағы да алдағы уакытта болсын демекпін.