«Жүректен жүрекке» (ата-аналармен семинар тренинг)

«Жүректен жүрекке»

(ата-аналармен семинар тренинг)

 

Жұмыс түрі: ата-аналармен семинар тренинг

Тақырыбы: «Жүректен жүрекке»

Мақсаты: Балабақша мен ата — аналар байланысын, отбасындағы тәрбиенің рөлін арттыру. Ата — аналардың қарым — қатынасын жақсарту. Бала тәрбиелеуде ата-аналарға кеңес беру және түсінік жұмысын жүргізу. Ата — анамен бала арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

 

Құрал жабдықтар:  интерактивт тақта, плакат түрлі түсті фломастерлер, ақ қағаздар, әр елдің және жай әуендер жазылған үнтаспа, сюжетті суреттер, жануарлар іздері, мінездеме жазылған суреттер, сұрақтар жазылған карточкалар.

 

Әдіс тәсілдері: Іздер сөйлейді, сәлемдесу шеңбері, педагогикалық ойын: кім бірінші жетеді, карточка бойынша сұрақтарға жауап беру, дидактикалық ойын отбасылық  махаббат үйі,  ойын: қоқыс жәшігі.

 

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар. Бүгінгі біздің «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы семинар тренингке  қош келдіңіздер! Біздер-балабақша ұжымы мен ата-аналардың мақсат-міндеттері бір. Ол, әрине балаларымыздың тәртіпті, білімді елі –жері мақтан ететін ұл-қыз өсіріп тәрбиелеу. Баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана бәріміз бірге балаларға отбасы мен балабақша жылулығын беруді аямаяйық. Сондықтан да бүгінгі бас қосуымыз сіздер үшін.

Бүгінгі қатысушыларымызды ортаға шақырамыз.  

1.«Іздер сөйлейді»

Тренингке қатыушылар үш жануардың қалаған ізімен жүріп танысу алаңына келеді. Карточка арқылы жанурлардың суретін ұсынып олардың мінезіне сипаттама беріп өтемін.

Қасқыр — батыл, алға қойған мақсатына жете алатын, қайсар мінезді жандар

Аю – мейірімді, салмақты, ақылды, ақкөңіл әр істің байыбына жетіп, ақылмен шешетін жандар

Қоян – сүйкімді, ерке, нәзік, мейірімді, өте сақ жүретін жандар.

 

2.«Танысу» тренингі: Ата-аналар шеңбер құрып өздерінің есімдерін, баласының есімін айтып және өзге ұлт өкілдерінше қимылмен бір-бірімен амандасады.

 

Үнділерше қимылмен  амандасады.
Италияда бір-бірімен құшақтасып амандасады.
Кореа елі еңкейіп амандасады.
Қазіргі гректер «Аман бол» деген сөзбен амандасады.
Арабтар «Әлем сенімен» деп амандасады.
Австралияда үш әрекетпен амандасады: қол соғады, секіреді, жамбасымен қағып амандасады.

 

Топқа бөлу: Ата-аналар гүл құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді.

 

3.Педгогикалық ойын. «Кім мәреге бірінші жетеді?»

Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз? (Әр топтың бір мүшесі тақтаға шығып, балаға мадақтау сөздерін айтып, мәреге бірінші жетуге тырысады).

1.Тамаша!

2.Жарайсың құлыным!

3.Сенсіз мен не істер едім?

4.Өте жақсы!

5.Мақтанашым менің!

  1. Қандай тамаша! т.б.

 

  1. «Сөйлемді аяқта»

Ата-аналар өз ойларын ортаға салады.

I-топ. 

Баланың тәрбие алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

1.Егер баланы үнемі сынап отырса…(ешнарсеге құлқы болмайды).
2. Бала төзімділікте өссе…(адал болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе…(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

II-топ. 

Бала үшін тәрбиеші мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

1.Бала кекшілдікте өссе…(ол қатыгез болып өседі).
2. Балаға үнемі күлсе…(бұйығы болып өседі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе…(ол адамға сеніммен қарайды).

 

5.Дидактикалық ойын «Отбасылық  махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі» атты ойын өткіземін. Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үйді  жақсы көріп және күтетін жер болуы керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет. Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес,  адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

Үстел үстіндегі кірпіштерден тапсырмаларды орындау арқылы үй саламыз  Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары;

1.«Парасатты» кірпіші Қағазды екі қатарға бөліп ата аналардың ( плюс) және (минус) жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.«Достық» кірпіші «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: құтты мекенім, бақытты шаңырығым т.б

3.«Махаббат» кірпіші: Мимика жест арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізесіз.

4.«Тапқырлық» кірпіші: Бала сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

Тапсырма: Бір минутта дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Ата — ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

 

6.Ойын «Қоқыс жәшігі»

Адамға қоқыс жәшігі не үшін керек? Не үшін қоқысты лақтырамыз? (ата-аналар жауабы) Сезімдермен де солай болады. Керексіз, пайдасыз сезімдер жиналғанда, олардан да арылу қажет. Арылғыңыз келген сезімдеріңізді қағазға жазыныздар. (Балаларыңыздыңда жағымсыз қылықтарын жазуға болады)  “Мен ренжимін” “Мен ызаланамын” “Мен қорқам”, қағазды умаждап, қоқыс жәшігіне лақтыру. Талқылау

 

7.«Көңілкүй шыңы»

(қорытындылау) «Міне, қоштасатын да сәт жетті. Біз сіздермен жанұядағы ата — ана мен балабақша арасындағы қарым — қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан — жақты көрсетуге тырыстық. Отбасыда бала үшін ата-ананың көңіл-күйі ең маңызды дүние. Сондықтан арқашан көңілдеріңіз көтеріңкі болсын. Енді мына алдарыңызда «Көңілкүй шыңы» атты таудың суреті салынған сіздер мына стикерлерге бүгінгі отырыстан алған сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазып, таудың қай беткейіне жеткендеріңізді, шыңына жетсеңіздер шыңына, баурайында болсаңыздар баурайына, етегінде қалсаңыздар етегіне көрсетіп жапыстыруларыңызды сұраймын. Ата — аналар алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахметімді айта отырып, отбасыларыңызға бақыт нұры шашыла берсін дегім келеді. Сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.