«Балабақша – бақыт баспалдағы»
«Балабақша – бақыт баспалдағы»
Балабақша – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты
Өз үйіміз сияқты….
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені іспетті. Алайда, бүгінгі күні ата – анадан кейінгі бала тәрбиесіне жауапты сол бір «бақытты мекеннің» тәрбиешілері.
Мен де сол бақытты мекеннің тәрбиешісі болуға осыдан 11 жыл бұрын бел будым. Арманым орындалып, Петропавл қаласының Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша оқуға түстім. Көзді ашып- жұмғанша 4 жылдық оқуым аяқталып, енді сол оқыту орнында алған білімімді бүлдіршіндерге үйрету жолында «Балдәурен» бөбекжай – бақшасына тәрбиеші болып қызметке орналастым. Содан міне, 7 жыл бойы «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай жалықпай жұмыс атқарып келемін.
Ата – әжесінің, әке – шешесінің құшағында еркелеп өсіп, 2 жасқа толған балаларды ата – аналары білім алсын, өссін, ой – санасы жетілсін деп балабақшаға әкеліп тапсырады. Сол кішкентай ғана бүлдіршіннің көңілін тауып, тұлға болып қалыптасуына үлкен үлес қосатын – тәрбиеші. Тәрбиеші! Бұл әрдайым үлкен әріппен жазылуы тиіс мазмұнды да, мағыналы мамандық деп білемін. Себебі, бұл мамандық иесі болу барлығының қолынан келе бермейді. Өйткені, тәрбиеші тек қана балалармен емес, сонымен қатар ата – аналармен де жұмыс жасай алуы қажет.
Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан балабақша тәрбиешілері дүниежүзілік, мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі жоғары білікті маман болуы міндетті. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін бүлдіршіндердің бойына саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым – қатынасын, мінез – құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге, тәрбиешіге байланысты.
«Балдәурен» бөбекжай – бақшасында 14 топ жұмыс атқарады. Адамгершілік тәрбиесі мол, білім беру үрдісінде әр түрлі іс – әрекеттер пайдаланатын мамандар. Олар балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір – біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық , жолдастық сезімдерді тәрбиелейді. Балаларды қоршаған ортамен таныстырып, сөйлеуді дамыту, экология, сурет салу, мүсіндеу сабақтарында өлі – тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық, адамгершілік сапаларын қалыптастырады. Шығармашылыққа баулитын қосымша би үйірмесі, сондай – ақ суда жүзу арқылы баланың шыдамдылыққа, төзімділікке тән сипаттар біздің бөбекжай – балабақшасынан нәр алып өсіп – өніп келеді.
Міне қызығы мен қиыншылығы бірге жүретін мамандық иесі болғаныма мен еш өкінбеймін. Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көріп жатсам, сол үшін өзімнің аз да болса үлесім тиіп жатса, мен өзімді бақытты тәрбиеші, бақытты жанмын деп