Үй жануарлар мен жабайы жануарлар

Қызылорда облысы, Арал ауданы Аманөткел ауылы
«Әсем-ай» толық күндік шағын орталығының
тәрбиешісі: Ермекбаева Гүлден Айнадинқызы

Тақырыбы: Үй жануарлары мен жабайы аңдар.
Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы аңдардың ерекшеліктері туралы түсінік беру; Үй жануарларына қамқорлық жасау; Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу; Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.
Шаттық шеңбері
Қане, балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.
— Күн жарқырап шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.
Таңертең тұрған кезде ата-аналарың «Қайырлы таң» деп айта ма?
Қане, бізде Қайырлы таң тілейік.
Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар,
Қайырлы таң!
Достасқан бар балалар,
Қайырлы таң!
Біздің балабақшамыз,
Қайырлы таң!
Жора –жолдас, ұл мен қыз.
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі күніміз жақсы болсын, орнымызға отырайық.
Өткен оқу қызметімізді қайталап, жана оқу қызметін бастайық.
Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
Қардың түсі қандай?
Қардан не жасайсыңдар?
— Өте жақсы, жарайсыңдар балалар?
Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді бастайық.
— Балалар қандай үй жануарларын білесіңдер?
— Қандай жабайы аңдарды білесіңдер?
— Үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын ата, олардың ұқсастықтары неде?
Тәрбиеші: Балалардың жауаптарын тыңдап, қорытады.
Балалар үй жануарларына төрт түлік жатады: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, сонымен бірге ит пен мысық жатады. Мысық — ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит — жеті қазынаның бірі. Жабайы жануарлар тамақ, азықтарын өздері тауып жейді, ал үй жануарларын адамдар тамақтандырады.
Балалар сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Тәрбиеші: Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Балалар осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар түйе — түйенің баласы бота, сиыр — сиырдың баласы — бұзау, жылқының баласы — құлыншақ, қойдың баласы — қозы, ешкінің баласы — лақ.
Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды.
Адамдарда оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды.
Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Сергіту сәті
Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады,
Жүгірді, секірді, орнына отырды.
«Өз мекенін тап» дидактикалық ойыны
Балаларға ойыншық үй жануарлары мен жабайы аңдарды таратады.
Үй жануарларын үй макетінің жанына, жабайы аңдарды орман макетінің жанына қоюды ұсынады.
Балалар жұмбақ айтайын шешейік:
Алқызыл жоны түрленген,
Құйрығы шар үрленген.
Далада жортып жалтақтап,
Қулықпен күн көрген. (Түлкі)
Сылдырдан қорқады,
Шалынып жортады. (Қоян)
«Жануарлардың төлін тап» дидактикалық ойыны
Шарты: Әр жануардың өзіне сәйкес төлін табу.
Қорытынды:
Олай болса бүгінгі оқу қызметімізді қорытындылайық. Бүгінгі оқу қызметімізде танысқан жануарларымыз балалар, 2 топқа бөлінеді екен. Олар 1- ші жабайы жануарлар, 2- сі үй жануарлары. Төлдерін атап өту.
Еліміз аман болсын, аспанымыз ашық болсын, деніміз сау болсын, төрт түлігіміз түгел болсын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *