Фигуралар салу

Қасен Әмина Балтабайқызы

Зерттеуші –педагог

                                                    

Тақырып:  Фигуралар салу «Әлкей Марғұлан атындағы № 40 мектеп –лицей»КММ
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру

3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

Күтілетін нәтижелер Барлық оқушылар үшін:
Ауданы бойынша торкөзді қағаз жазық фигуралар салады , фигуралардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсінеді
Бірқатар оқушылар үшін:

Фигуралардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсінеді

Кейбір оқушылар үшін:

Бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалауды, оларды таңбалануы бойынша оқиды

Тілдік мақсаттар

 

 

 

 

Оқушылар:

Өздері әртүрлі фигуралар салады, латын әріптерімен белгілеп, ауданын тауып, салыстырады

Дескриптор ·        Кесінділердің ұзындықтарын көзмөлшермен өлшеп, дұрыстығын сызғышпен тексере аламын  ;

·        Берілген аудандары бойынша ұзындығы мен енін тауып, фигурадан тіктөртбұрыш сызамын ;

·        Берілген қабырғалар арқылы көпбұрыштың периметрін таба аламын

·        Циркульдің ұшын нүктеге қойып, радиустары бойынша шеңбер сыза аламын

·        Фигураға симметриялы осін сала аламын

 

Тірек білім, білік, дағдылар Фигуралар салу.
Жоспар
Жоспар

ланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
 

0–3

 

 

Ынталандыру.

Мұғалім адамдар бұрынғы кезден өлшейтін және сызатын құралдарды қолданғаны туралы әңгімелейді.

Біздің кезімізге дейін жеткен құралдар бар ма? Олар қандай деп ойлайсыздар?

 

 

4-слайд

 

7–11

 

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңыздың басыңызда туындаған қандай да бір қиындықты тауып, оны түзейміз.

 
 

 

 

 

12–40

 

Жұппен жұмыс

Аудандары әртүрлі тік төртбұрыш құрастырып, аудандарын салыстырады

«Шапалақ» арқылы  бағалау

5-тапсырма.

а)Ұзындығы қызыл кесіндіден 2 есе  артық кесіндіні  тап.

ә)  Қай  кесіндінің  ұзындығы  көк  кесіндінің  жартысын  құрайды?

 

(Ж.Ж)6-тапсырма жұптпа  орындалады.Көпбұрыштың   қабырғаларының  ұзындығын өлше.Олардың  периметрін  табады.

Периметр – фигураның барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

7-тапсырма. Шеңбер  туралы  алған  білімдерін  қолдана  отырып,шеңберлер  сызады.

 

(Ж.Ж) 8-тапсырма. Фигураларды жұпта мұқият қарап, қайсысы симметриялы болатынын анықтайды.

-Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілген?

– Қандай заттардың симметрия осі дұрыс жүргізілмеген? Сызғыштың көмегімен симметрия осін қалай жүргізу керек екенін көрсет. Жұпта пікір алмасады..

 

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж) 9-тапсырманы  өз беттерінше  орындайды. Екі  симметриялы  фигураны  таңдап,оларды  дәптерлеріне  сызады. Тапсырма симметрия осіне қатысты симметриялы заттарды келтіру дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардан алдын ала суреттеу кезінде ең басты шарт қандай екендігін  түсінеді. (бөліктері бірдей болуы қажет).

(Ж.Ж) Өрнектің мәнін тап.10-тапсырманы  жұпта  орындайды.Бұрын  болған  жұптан  бір  оқушы  жауабын  оқиды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

 

Дәптер, оқулық.

5-слайд

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6-слайд

 

 

7-слайд

 

 

8-слайд

41–45

 

Рефлексия.

– Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

–  Осы мақсаттарға жете алдық па?

–  Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

–  Сіз оларды өте алдыңыз ба?

–  Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *