Цифрлық Қазақстан
2017 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің №827 Қаулысымен Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Бағдарламанның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының дамуын жеделдету және халықтың өмір саласын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспиктивада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау. Бағдарлама 2018-2022 жылдар кезеңінде іске асыралады және елдің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыртуға қосымша серпін береді, еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
2018-2022 жылдар кезеңінде іске асырылатын бағдарлама еліміздің флагмандық салаларын технологиялық жаңғыруға қосымша серпінг беруі қамтамасыз етеді және еңбек өнімділігінің ауқымды және ұзақ мерзімді өсуіне жағдай жасайды.
Бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша іске асырылады:
- “Экономика салаларын цифрландырy”
- “Цифрлық мемлекетке көшу”
- “Цифрлық Жібек жолын іске асыру”
- “Адами капиталды дамыту”
- “Инновациялық экожүйені құру”
Осының нәтижесінде, Қазақстан Республикасы көптеген нәтижеге жетті. Бағдарламадан түскен жалпы экономикалық тиімділік 2018 және 2019 жылдары 600 млрд теңгеден асты. Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы, көлік және тау-кен металлургиясы салаларында цифрлық технологияларды енгізуде айтарлықтай елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қоса, 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында 8 мың жұмыс орны құрылды.
Қазақстан экономикасын цифрландырудың қазіргі орташа деңгейі
бүгінгі күнге кедергі болмайды, бірақ дамуға сапалы серпіліс жасауы мүмкін, бұл елімізде әлемдік аренада бірінші орынға шығаруға мүмкіндік береді. Ол үшін осы бағдарламада ситапатталған бес бағыт бойынша және оған қосымшада аталған іс-шаралар шеңберінде шаралар кешенін және жүйелі қосымшада іс-шаралар кешенін және жүйелі жұмыстар қабылдау болжанады. Іс-шаралар тізбесі жанартылып отырады.
Фатима ҚОЗЫБАҚОВА
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор,
Ақниет ИШАНОВА
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
филология және әлем тілдері
факультетінің 1 курс студенті
Алматы қаласы