Ашық түсті құстардың түрлерімен таныстыру
Сабақтың тақырыбы: Ашық түсті құстардың түрлерімен таныстыру
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: ашық түсті құстардың түрлерімен таныстыра
отырып, оларды ажыратып тани білу.
ә) дамытушылығы: оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілетін
дамыту.
б) тәрбиелігі: оқушыларды әсемдікке, үйлесімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, слайд,асықтар,
үлестірме парақшалар,бейнеролик.
Әдісі: АТҚ –ды пайдалану, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, ой-толғау,
топтастыру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Ойға шақыру
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тауыс — тауықтәрізділер отрыдының қырғауылдар тұқымдасына жататын құс. 2 түрі бар : кәдімгі тауыс және көкқанатты тауыс. Үндістан түбегі, Суматра аралдарында қалың бұталар арасын мекендейді. Қоразының дене тұрқы 110-125см, салмағы 5кг-дай болады. Әдемі құйрық үсті қауырсынының ұзындығы 120-130см. Мекиендері реңсіз, сұр түсті. Көбіне жерде жүреді,жақсы жүгіреді,қауіп төнгенде ағаш басына шығып кетеді. Жәндіктер мен олардың дернәсілдерін, құрттар, малюскалармен қоректенеді. Ұясын жерді шұңқырлап, оған құрғақ шөп пен жапырақ төсеп жасайды. Ондағы 4-7 қызғылт дақтары бар сұр түсті жұмыртқасын мекиені 30-35 күндей басады. Балапандары тез жетіледі, бір айдан соң өз бетінше ұша алады. Көбеюден басқа уақытта топтанып тіршілік етеді. Тауыстар Қазақстанда тек хайуанаттар паркінде және адамдардың қолында ұсталады. Тауыстардың саны жылдан жылға азаюда, сондықтан қорғауға алынып, халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
Кәдімгі қоқиқаз немесе қызғылт қоқиқаз-қоқиқаз отрядына жататын құс. Түсі ақ, сәл ақшыл-қызғылт, ұшар қанатының ұшы қара, тұмсығы ұзын , төмен қарай иіліп біткен. Биіктігі 1,5 метрге жетеді. Салмағы 1,9 дан 4,4 кг-ға дейін, қанатын жайғанда 160-170см-ге жетеді, бір қанатының қалыпты жағдайдағы ұзындығы 39см, құйрығы 14см. Мекиені онша биік емес (биіктігі 1,1м, қанатының ұзындығы 150см). Үйірімен қоныстанады (50-ден25 мың жұпқа дейін). Ұялары конус тәрізді, тұнба саздан немесе құмнан салады. 1-2 жұмыртқаны, мекиені мен қоразы 1 айдай кезектесіп басады. Қоқиқаз Қорғалжын символы.
Кәдімгі розелла – Оңтүстік Австралия, бұл құсты ешқандай қиындықсыз сөйлеп үйретуге болады. Бірақ розелла адаммен аз қарым-қатынаста болады.
Ара құсы – отаны Оңтүстік Африка, д.ж бойынша ұшатын ең ірі тотықұс болып табылады. Ұзындығы 80-98 см оның жартысы құйрығы. Бұл тотықұс адамдардың жақсы көріп ұстауына байланысты, табиғатта сирек кездеседі. С.қ экологияның ластануына байланысты да құрып бара жатыр.
Тукан құсы — Оңтүстік Мексикадан Венесуэллаға дейін және Колумбияда кездеседі. Оны жалғыз жүргенін сирек кезтестіруге болады. Олар 6-дан 30-ға дейін топталып жүреді, жақсы ұшады алмайды, сондықтан талдан талға секіріп жүреді.
Алтын тәрізді қырғауыл – көбіне қытай қырғауылы деп атайды. Батыс Қытайда кездеседі.Аналығы өзінің әдемі қауырсындарымен аталығының көңілін аударады. Аталығы сұры онша тартымды емес.
Кардинал – ашық түсті, Солтүстік Америкада ең әдемі құс болып есептеледі. Оны Оңтүстік Мексикада көп кездестіруге болады. Бұл құс өте танымал және оны торда ұстайды, бірақ қазір бұл әдемі құсты ұстау заңсыз болып табылады.
Шығыс тырна – ұзындығы 1м. Отаны Африканың Сахара шөлінің Оңтүстік бөлігінде кездеседі. Орнын ауыстырмайды, соңғы уақытта табиғатта бұл құстарға деген қызығушылығы адамдардың артуының салдарынан саны азаюда.
Айырылмастар – бір-бірінен айырылмай жүргендіктен осындай атаққа ие болған. Оның 9 түрі бар. Олар Африканың Оңтүстік батысында тіршілік етеді. Көпшілікті жақсы көреді. Бөлме құсы ретінде көп кездестіруге болады. Бұл құсты үйде ұстағыңыз келсе жалғызсырамас үшін екеуін алғаныңыз жөн.
ІІІ. Ойлан тап ойыны
1. Бүркітпен қыранның арасында не тұр? («пен» тұр)
2. Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? ( Май-үш әріптен тұрады)
3. Дүние жүзі бойынша ең кішкене құс? (колибри)
4. Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
5. Нені дайындауға болады,бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
6. Құстарды зерттейтін ғылым? (орнитология)
7. Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсызба?)
8. Қыста құстарға суықпа әлде аштық қорқынышты ма? (аштық)
9. Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
10. Құстардың зәр шығару мүшесі қалай аталады? (клоака)
IV. «Мәре, сөре» ойыны.
Тақтаға «мәре», «сөре» деп жазылған. Астында екі құстың суреті қатар орналасқан екі топқа бөлініп, оқушылар қоржыннан алынған асық нөмеріне сәйкес үстел үстіндегі үлестірме ішіндегі сұрақтарға жауап береді. Кім дұрыс әрі тез жауап берсе сол оқушының құсы «мәреге» бірінші жетеді.
1. «Мекиені» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
2. Сыбырлақ аққу мен сұңқылдақ аққудың айырмашылығы неде?
3. Біздің стансада тоты құстың неше түрі бар, ата?
4. Бүгін неше құстың түрімен таныстыңдар, ата?
5. Құстардың табиғаттағы пайдасы қандай?
6. Орман дәрігері атағын алған құс?
7. Туда қандай құс бейнеленген?
8. Халқымыз әнші құстарын қандай құсқа теңеген?
V. Артық болмас білгенің-халқымыз құстардың келуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
1. Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
2. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
3. Жаңбыр жауарда қарғалар у-да шу болады.
4. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
5. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
6. Шағала келсе сең бұзылады.
VІ. Сабақты бекіту
Сызықтық диктант
Әр оқушының алдына параққа жазылған сызықтық диктант беріледі. Сөйлем дұрыс жазылса «+», қате болса «-» белгісін қояды.
1. Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік.
2. Құстар салқынқанды жануарлар.
3. Ірі қауырсынның теріге еніп тұрған бөлігі – қаламша
4. Қыртөссіздер төс сүйегі жалпақ болғандықтан ұша алмайды.
5. Пингвиндер жақсы жүзеді,ұшады.
6. Қаздар,бірқазандар, дегелектер, қоқиқаздар орман құстары болып саналады.
7. Көктемнің алғашқы айында жауған соңғы қарды құс қанатының ызғары деп атайды.
8. Аққудың қоразы «саhар», балапаны «көгілдір» деп аталады.
9. Құстың жүрегі үш қуысты, бір қанайналым шеңбері болады.
10. Құстар-дара жынысты іштей ұрықтанады.
Жауаптары:
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
+ — + + — — + + — +
VII. Үйге тапсырма.
Айналамыздағы құстарды бақылай отырып, эссе жазу