Көктем
Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
МКҚК №8 «Ақбөбек» бөбекжай –
бақшасының
тәрбиешісі:Умарова Роза Шамуратовна
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Cөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Көктем
Мақсаты: Т.Айбергеновтың «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқу,сөздердің мағыналарын түсіндіру.Өлең арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.Көктем туралы өз ойларын қиялымен ашып,айта білуге баулу.Көктемде табиғаттың әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: мөлдір,төгілді.
Билингвалдық компонент: көктем – весна
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: жыл мезгілдерін ажырата алады.Көктем мезгілі туралы өз ойларын толық толық айтып береді.
Түсінеді: көктем жылдың ерекше мезгілінің бірі екендігін түсінеді.
Қолданады: «Көктем»өлеңін мәнерлеп жатқа айтады.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру қызметі
Шаттық шеңбері
Арайланып таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Армысың алтын күн.
Армысың балабақша.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
Негізгі бөлім:
Педагог балаларға жұмбақ жасырады
Гүл — гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен? (Көктем)
Жыл мезгілдерінің бірі-көктем.Көктемде қар еріп,жаңбыр жауады.Күн жыли бастайды.Құстарымыз жылы жақтан өлкемізге ұшып келеді.Табиғат жер анамыз ұйқысынан оянады.Күн ұзарып,түн қысқарады.Ағаштарымыз бүршік жара бастайды.Олай болса,балалар бүгін біз Төлеген Айбергенов аталарыныздың «Көктем» өлеңімен танысамыз.
Көктем қандай көңілді,
Көктен жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.
Балалар өлең жолдарымен танысып,қайталай отырып жаттап алады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Бір отырып,бір тұрып
Біз тынығып алайық.
Бір,екі,үш
Орнымызды табайық.
Балалар сергіту сәтін қимылмен жасап көрсетеді.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қандай құбылыс».
Ойын шарты суретте берілген көктемдегі табиғат ерекшеліктерін балалар өз ойларымен толық жеткізіп,айтып берулері керек.
Қорытынды бөлім:
Балалар бүгінгі сабақ сіздерге ұнадыма?
Көктем өлеңінде табиғат құбылысы қалай суреттелген?
Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
Балалар бүгін сендер ашық ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Орнымыздан тұрайық.
Әдепті бала болайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау-саламат болайық.