«Бағдаршам»

Білім беру саласы: Таным. 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Сенсорика 

Тақырыбы: «Бағдаршам »

Мақсаты: Балаларға бағдаршамды таныстыра отырып, үш түсті тани, ажырата білуге үйрету. Балаларды Жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Бағдаршамның үш түсін рет — ретімен қоюға үйрету. қызыл, сары, жасыл түстерді ажырата білуге үйрету. 

 

Әдіс-тәсілдер: шаттық шеңбері, ғажайып сәт, слайд көрсету, сергіту сәті, балалардың жұмысы,  ойын:»бағдаршам құрастыру», «түстерді ажырат» , «бағдаршам».

Қажетті көрнекті құралдар: слайд, үлестірмелі материалдар, (әр баланың алдына). Ойынға қажет түрлі түсті шарлар, шелек. Түрлі түсті  тығындар. 

 

Іс-әрекет кезеңдері     Тәрбиешінің кезеңдері      Балалардың   іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі -Балалар, бүгін ерекше күн, өйткені біздің топқа көп қонақтар келді. Қонақтарға таңғы сәлемімізді жолдайық.

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік 

Күлкі – көңіл айнасы

Күліп өмір сүрейік.

-Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Hello!

-Балалар қане енді орнымызға отырамыз.

-Балалар енді барлығымыз видеоға назар салып мұқият караймыз. 

Кел балалар күлейік

Күлкіменен түлейік 

Күлкі – көңіл айнасы

Күліп өмір сүрейік.

Балалар видеога назар салып карайды. 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Ғажайып сәт: Топқа асығып аю қашып келеді. Оның артынан бағдаршам келеді. 

Тәрбиеші: Балалар бізге қонақ келген сияқты. 

Аю:  -Сәлеметсіңдер ме балалар.

Тәрбиеші: Қош келдің аю. Жақсы келдің. Аю ойнап жүріп көшеге шығып кеткенін білмей қалыпты. Жолдағы көшедегі ережелерді білмейді екен. Солайма аю, оны кешіріп ережелерді үйрету керек. Бүгінгі өтетін оқу іс-әрекетіміз бағдаршам туралы. Бізбен бірге жүріп бағдаршам туралы, жол тәртібі туралы мағлұмат ал. Біздің балалар ақылды, білімді, бағдаршам туралы өздерінің білгендерін айтады. 

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер шешуін табыңдар.

Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түсті нұр шашады.

                           (Бағдаршам)

-Жарайсыңдар, жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. 

Бағдаршам көше тәртібін реттейтін құрылғы. Оның қызыл, сары, жасыл түсті көздері бар. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз, сары көзі жанғанда дайындаламыз, жасыл көзі жанғанда жүреміз. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Көшеден өткенде сол ақ жолақтардан өту керек.

Бағдаршам туралы видео ролик көрсету.

Билингвальды компонент: бағдаршам – светофор 

-Балалар бағдаршамның неше көзі бар екен? 

-Дұрыс, енді бағдаршамның көздерінің түстерін атайық?

Ендеше осы атаған түстермен бағдаршам құрастырайық. 

Ойын: «Бағдаршам құрастыру» 

Мақсаты : түрлі түске боялған тығындарды өз орынына бұрау. бағдаршам құрастыру. Түстерді рет ретімен орналастырк. Қол саусақ моторикасып дамыту. 

Столға бағдаршамның макеті әр балаға қойылады. Және ыдысқа боялған тығындар.сары, жасыл түсті дөңгелек пішінді тауып, сол материалдармен бағдаршам құрастырады. 

 (Жеке жұмыс жүргізу) 

Ойын: «Түстерді ажырат«

Мақсаты :Ойын ойнау арқылы пішіндерді ,түстерді ажыратуга үйрету. 

Жүру барысы:Балалар шеңбер болып тұрады. Ортаға түрлі түсті шарлар (кызыл сары жасыл түсті), 3түсті шелек қойылады. Балалар ар шарды түсіне сәйкес шелекке салу керек. 

Сәлематсыз ба!

Балалар тәрбиешінің көмегімен табуға тырысады. 

Бағдаршам

бағдаршам – светофор

қызыл – красный, 

сары – желтый

 жасыл – зеленый

Тәрбиешінің көрсетуімен балалар бағдаршам құрастырады. 

Ойынды жақсы көңіл күймен ойнайды.

Іс-әрекетінің бағалау кезеңі Қорытындылау.

Ойын: «Бағдаршам» 

Шарты: Балаларға қызыл түсті көрсеткенде отырады , 

сары түсті көрсеткенде шапалақтайды, жасыл түсті көрсеткенде аяқтарын топылдатады.

Ойынды бірнеше рет қайталайды.

Жол тәртібін білейік

Аман есен жүрейік.

Аю:Балалар мен бағдаршам туралы көп мағлұмат алдым. Жол ережесін жақсы меңгердім. Енді арғы бетке қалай өту керектігін білемін. Сау болыңдар балалар. Мадақтау.

Балалар, сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Жолда жүру ережесін жақсы меңгерген сияқтысыңдар. Жолда қиналмай арғы бетке өтетіндеріңе сенімдімін. Сабағымыз аяқталды. Қонақтарымызбен қоштасайық.

Ойынға қызығушылықпен қатысады. 

Сау болыңыздар!

До свидания!

Good bay!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: бағдаршамның түстерін.

Меңгереді: бағдаршам жол тәртібін реттейтінін.

Жасай алады: улестірмелі материалдарды пайдаланып бағдаршам көздерін орналастыруды. 

                                                            

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.